Ашы? саба? .?.Бекхожин А?са? Темір мен а?ын


1.Сабақтың тақырыбы:Қ.Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»
2.Пән мұғалімі: Оралбаева Э.Қ
3.Сабақтың мақсаты: Оқушылар балладаны жан-жақты талдайды,
Ақсақ Темір туралы мағұлматтарын кеңейтеді,
Шығарманы тілдік,көркемдік,әдеби теориясы
Жағынан талдайды.
4.Сабақтың міндеті: 1.Мазмұнға:Баллада туралы айқын түсінік
Қалыптасады,әйгілі қолбасшының саясатын,
Шығарманың негізгі идея,түйінін айқындай
Біледі.
2.Сын тұрғысынан:Ақсақ Темір өміріне,тарихи ізіне
Шолу жасайды,өзіндік ойларын дәлелдей біледі,
Пікірлерін ортаға салады,сипаттама жасайды.
3.Топтық жұмыс:Шығарманы талқылап,ақындық,
Құдіреттілік,қатыгез,жойқындықтың маңызын
Аша білуге талпынады.
5.Бағалау:-Шығарманы толық меңгеру үшін.
-Өз пікірін айта алғаны үшін.
-Ақсақ Темір өмірін іздене зерттей алғаны үшін.
6.Сабақтың түрі:Танымдық,талдай,пікір алысу сабағы.
7.Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,қарама-қарсы салыстыру,СТО,топтық жұмыс.
8.Көрнектілігі:Қ.Бекхожин портреті,Ақсақ Темір портреті,маңызды жазулар-Фердауси,Низами;әдеби-теориялық термин сөздігі; жоспар.
1.Қызығушылықты ояту.
А.Үш қадамды сұхбат страдегиясы бойынша әр бала бір-біріне сұрақ қоя,жауап беріп,үй тапсырмасы сұралады.
1.Шығарма кім туралы?
2.Ақсақ Темір қай өзеннің бойында?
3.Шабарман қандай хабар әкелді?
4.Ақсақ Темір қалай шешім тапты?
5.Ақын жігіт қалай жауап берді?
6.Ақсақ Темірдің бағасы қандай?
7.Ақын жігіт ненің арқасында азаттық алды?
Ә.Әр оқушының жауабы қортындылып,тақтаға әр желісіне байланысты тақырып қойылып,ілінеді.
1.Жейхун жағасындағы жолбарыстай Темірдің жойқындығы.
2.Шабарманның хабары.
3.Ашуы ушыққан Темір.
4.Арыстан алдындағы Хафиз жігіт.
5.Темірдің бағасы.
6.Ақын жігіттіңеркіндік алып берген отты сөздері.
7.Темірдің қайтқан қаһары.
2.Мағынаны ашу.
1.Жоспар бойынша бойынша талданып,талқылау.
Бұл 1936-1405ж.ж Орта Азияда Ақсақ Темір ,Әмір Темір атанып,көп елдердіжаулап алған әйгілі қолбасшы Темір туралы жазылған баллада екенін танып білдік.
2.Ақсақ Темірдің тарихи ізі тураалы ізденіп жазған рефератын бір оқушы оқиды.
3.Бұл шығармада қай заманда болмасын ақындарымыздың бір сөйлейтін,ақиқаттыжырлайтын құдыреті болғандығы да суреттеледі.
Шығыстан шыққан ақын Хафиз,Низами,Фердоуси ақындары туралыайтылған.
4.Т-кестесі стратегиясы бойынша Азия барысы-Ақсақ Темір ме?тақырыбында ой ,пікір алысу.
5.Осы страдегия бойынша Темірге-25 теңге бағаберілуі жөнінде пікірлерін айтып,кестені толтырады.
6.Ақсақ Темір сөзі атты М.Жұмабаев өлеңін оқып,талдау.
7.Оқулықтан Ақсақ Темірдің қатал әмірші,қатыгезді әрекетінің суреттелуін табу.
8.Ақындық құдіреттілік,ақынның отты сөздерін тауып оқу.
Топтық жұмыс
1.Осы шығарма бойынша дайындалған көріністі тамашалау.
1.Ақсақ Темір-Әшетов Ж.
2.Хафиз жігіт-Қалмұратов Ж.
3.Шабарман-Утепов Т
2. 5 жол өлең стратегиясы бойынша білімдерін тиянақтау.
1.зат е.-Хафиз 1.Ақсақ Темір
2.сын е.* шыншыл,бірбеткей 2.қатал,әйгілі
3.етістік-жырлады 3.күресті
4.ұғым-ақындық құдірет 4.жойқынды соғыс
5.синоним-ақын5.қолбасшы
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма:Темірді тізе бүктірген алып күш тақырыбында Ғ.Мүсірепов шығармаларымен салыстыра әңгіме дайындау.
Оқушылардыбағалау.