Тарих п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары ?ытай жазба деректері (10 сынып)
Аты-жөні, жұмыс орны Алимбекова Аяужан Кельсовна
№4 ЖББМ Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 10«А»
Сабақтың тақырыбы: Қытай жазба деректеріМақсаты:
(SMART, орта мерзімдегі жоспар) Түсініп оқуға, тақырыптың маңыздылығы мен мақсаттарын ажырата білуге үйренеді, танымдық қабілеттерін дамытады.
Күтілетін нәтиже:
(орта мерзімдегі) Жаңаша тәсілдер арқылы пәнге қызығушылығы мен оқу қабілеттері артады.
Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Табыс критериі: Тақырыпқа байланысты мәліметтерді талқылауға үйренеді.
Негізгі мәселені түсінеді
Тарихи дерек көздерімен жұмыс істеуді үйренеді.
Негізгі идеясы: Негізгі мәселені түсінеді
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
Оқулық:
(ҚР ҒБМ ұсынған) Қазақстан тарихы Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев
Алматы «Мектеп» 2014
Сабақтың барысы/ мұғалімнің ескертпелері:
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Формативті (ОүБ) Суммативті (ОБ) 3 мин
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Керекті құрал жабдықтарын әзірлету.Оқушыларды «Атом.Молекула» тренингі арқылы топқа бөлу.Топ ережесін еске түсіру Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды.4 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады. Ынталандыру, мадақтау Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
7 мин
Үй тапсырмасын сұрау Сұрақтарды ауызша айтып әрқайсысына қойып отыру.Өткен тақырыпқа арналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді, карточкалар тарату Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.Кроссворд жауабын тақтаға шығып жазады.Олардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. Жақсы ,қолдау көрсету 10 мин
Жаңа сабақ
Үш қадамды сұхбат пайдалану
«Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша топ оқушылары үш-үштен бөлінеді. Бірінші оқушы екінші оқушыға құрастырған сұрағын қояды, үшінші оқушы екінші оқушының жауабын жазып отырады Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау үшін топпен жұмыс атқарады Топтық бағалау
10 мин
«Жалғасын тап» әдісі
Тақтаға тақырыптағы сөздер алып оны тақтаға жазып қою арқылы оқушыларға тақырыпты талдатқызу Сөйлемнің жалғасын толықтырады,мағынасын түсіндіреді, талдайды Смайликтер арқылы бағалау
10 мин
«Жаңа тақырыпты біз былай түсінеміз» (кітап,суретпен жұмыс, жинақтау, бағалау) Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді Топтар бір-бірін бағалайды
3 мин
Кері байланыс Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақтан алған әсерім?
3.Бүгінгі көңіл-күйім?
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыруЫнталандыру арқылы бағалау стикерлер
2 мин
Үйге тапсырма беру Қосымша қызықты деректер жазып келу. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.