Солт?стік М?зды, Тыны?, ?нді м?хиттары алаптарыны? ?зендері


Сынып: 7 Ә
Күні: 16.04.15
Тақырыбы: Солтүстік Мұзды, Тынық, Үнді мұхиттары алаптарының өзендері
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Еуразия өзендерінің жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының су алаптарының ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлерін және кескін карталарын тексереді және бір-екі баланы тақта алдына шығарып, шеткі нүктелері мен шайып жатқан теңіздері мен шығанақтарын көрсеткізеді, сосын келесі сұрақтарды қояды:
1. Еуразияда қандай климаттық белдеулер кездеседі? Бір белдеуден екінші белдеудің айырмашылығы қандай?
2. Материк көлемінің үлкендігі климатқа қалай әсер етеді?
3. Материктің батыстан шығысқа қарай кең көлемде созылып жатуы әсерінен ажыратылатын климаттық сипаттарды атап шығыңдар.
4. Еуразия мен Солтүстік Американың климаттық белдеулеріндегі ұқсастық пен айырмашылығы неде? Оқушылар мұғалімге өз дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Бір-екі бала тақта алдына шығып, Еуразияның шеткі нүктелерін, оны шайып жатқан теңіздері мен шығанақтарын, бұғаздар мен Еуропа мен Азияның шекарасын көрсетеді. Сосын оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жауаптарын тақта алдында дәлелдейді.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалім келесі сұрақтарды қояды: материктің көлемі өзеннің ұзындығына қалай әсер етеді? Оқушылардың жауаптарын жинақтап, Еуразияның басты ерекшелігі – ірі өзендердің көп екенін айтады. Одан кейін өзендердің орналасуына жер бедері қалай әсер етеді?
Өзендерлің климатқа байланыстылығын анықтау үшін өзендердің су жинауына және олардың суының молдығына, режиміне климат қалай әсер етеді?
Келесі кезекте мұғалім оқулықтағы «Мұхиттар мен ішкі тұйық алаптары» деген сурет бойынша Еуразияның су алаптарын және олардың шекараларын анықтайды. Сосын оқушыларды бес топқа бөліп, оларға су алаптары өзендерінің ерекшелігін анықтаңдар деген тапсырманы береді.
Одан кейін балаларға Еуразиядағы көлдер, қазіргі заманғы мұз басу, көпжылдық тоң, батпақтар мен жер асты сулар тақырыпшаларын бөліп береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Материктің көлемі өзеннің ұзындығына әсер етеді, сондықтан да Еуразия ең үлкен материк болғасын, ондағы ірі өзендері өте көп екенін айтады.
Оқушылара өзендердің орналасуына жер бедері қалай әсер етеді деген сұраққа Еуразия мен Солтүстік Американың өзендерін мысалға ала отырып, бұл байланыстылықты көрсетеді.
Оқушылар Еуразия өзендері режимінің өте алуан түрлі болып келеді деп өздері қорытынды шығарады. Оқушылар одан әрі ішкі тұйық алап көлемінің үлкен болып келу себептерін анықтайды.
Балалар сурет бойынша өзен алаптарын шекарасын анықтайды да, оларды физикалық картадан көрсетеді.
Оқушылар Еуразиядағы көлдер, қазіргі заманғы мұз басу, көпжылдық тоң, батпақтар мен жер асты сулар тақырыпшаларын бөліп беріп, оларды оқиды, қорғайды және бір-біріне сұрақтарды қояды.
ІV Тақырыпты бекіту үшін балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Картаны пайдаланып, оқулық соңындағы жоспар бойынша материктің бір өзеніне сипаттама беру.
2. Оқулықтағы 42 суретті пайдаланып, Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішінде өзгеруін талдап, себебін түсіндіріңдер. Тақырыпты бекіту үшін балалар тапсырмаларды орындайды. Сосын балалар жоспар бойынша бір өзенге сипаттама береді.
Сосны балалар оқулықтағы 42 суретті пайдаланып, Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішінде өзгеруін талдап, себебін түсіндіреді.
Сабақтың соңында екі бала сынап алдында орындалған жұмыстар туралы есеп береді.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. Үзіліске шығады.