Разработка по информатике Робототехника курсына кіріспе


1.1. Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері.
«РОБОТ» сөзін естіген кезде сіздің ойыңызда қандай бейне пайда болады?
Робот деп біз белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны айтамыз.
Робот (чех тілінен аударғанда robota – еріксіз еңбек, rob – құл) – тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина.
Робот алдын ала салынған бағдарлама бойынша және сыртқы әлем туралы датчиктерден ақпарат ала отырып әрекет етеді (тірі ағзалардың органдарына ұқсас). Робот әдетте адамдар орындайтын (немесе жануарлар) өндірістік және басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен қатар робот опеатормен байланыс жасай алады (одан бұйрықтар ала алады) және дербес әрекет те ете алады.
Роботтар не үшін қажет?:
1. Жолы қиын, қауіпті, лас және қараңғы жерлерде жұмыс жасау үшін.
2. Қайталанатын әрекеттерді орындау үшін.
3. Үлкен дәлдікті талап ететін тапсырмаларды орындау үшін.
4. Заводтар мен фабрикалардың өнімділігін арттыру үшін.
Роботты басқаратын жүйелер:
Бағдарламалық басқару – басқару жүйесінің ең қарапайым түрі, манипуляторларды басқару үшін өнеркәсіп нысандарында қолданылады. Мұндай роботтардың датчиктік бөлігі болмайды, барлық әрекеттері тұрақты және үнемі қайталанады.
Бейімделме басқару-бейімделме жүйесі бар роботтар датчиктік бөлікпен жабдықталған. Датчиктер арқылы берілген сигналдар талданады және оның нәтижесіне сәйкес, робот осы шақта және болашақта қандай әрекет орындайтыны туралы шешім қабылдайды.
Зияткерлік басқару-жасанды интеллект әдістеріне негізделген (Artificial Intelligence).
Адамның қатысуымен басқару-Қашықтықтан басқарылатын саперлік робот осындай жүйенің нақты үлгісі болып табылады.
Робототехника – бұл роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған механикалық, электрлік және компьютерлік инженерия элементтері бар пәнаралық сала.
Робототехниканы зерттеудің арқасында сіз келесі салаларда дағдыңызды жақсарта аласыз:
1. Физика: Тәжірибе жүзінде ғылыми болжамды растау, тәжірибелер жүргізу, болжанған деректерді зерттеуді қосқандағы алынған деректерге жан-жақты сараптама жасау, механика, оптика, термодинамика, магниттік құбылыстар, радиобайланыс қағидаларының тұжырымдарын зерделеу.
2. Математика: Уақытты, жылдамдықты өлшеу, үдету және алшақтату, құбылмалы, кездейсоқ және бастапқы шаманы, геометриялық, тригонометриялық тұжырымдамаларды оқу.
3. Информатика және бағдарламалау: Бағдарламалаудың маңызды қағидаларын зерттеу, алгоритмдік ойлауды дамыту, моделдерді басқару бойынша күрделі бағдарламаны құру және ретке келтіру.