?аза? тілі саба?тарында диалогтік о?ытуды тиімді пайдалану.


«Ақсу қаласы, Мәмәит Омаров атындағы селолық округінің
Еңбек ауылының орта мектебі» КММ-і
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқытуды
тиімді пайдалану.
Орындаған: Рахимбаева Рысжан Оралбековна
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
2015 жыл
Мемлекеттік тілі оқытуда диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасады, ойлау қабілеті дамиды, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, соның нәтижесінде, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы артады. Диалогтік оқытуда бүкіл оқушылар куә болғандықтан, бала өз сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады. Оқытылатын мәселе есінде ерекше сақталады. Тілдік дағдылары жетіліп, тез меңгеруіне ықпал етеді. Диалогтік оқыту арқылы, оқыту да жеңіл болады. Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптары, сонымен бірге оқушылардың да жауаптары маңызды. Мұғалім оқушылардың өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалім , әсіресе қазақ тілді емес сыныпта мемлекеттік тілді үйретуде оқушылардың тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау үшін , ауызекі сөйлеу тілін дамыту үшін де әр сабақта қолдануы абзал. Диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де тиімді оқыту болып табылады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің бірі- диалогтік оқыту. Диалогтік оқыту дегеніміз- оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы сұрақ-жауап, сұхбат, пікірталас, әңгіме, топтық талқылаулар.
Диалог арқылы оқушылар мұғаліммен және басқа оқушылармен белсенді қарым-қатынас жасайтын маңызды құрал. Оқушыларға диалог арқылы білім алуға мүмкіндік берілгенде, олардың өзіндік жеке түсініктері қалыптасады. Балалардың әрбір сабақтағы іс - әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым - қатынас өте қажет. Ғылыми-зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтонның ( 2007 ) еңбектерінде диалог оқушының қызығушылығын арттыруымен бірге білім деңгейі өседі және бірлесіп жұмыс істеудегі қарым-қатынас олардың когнитивті дамуына әсер етеді деп айтылған. Выготский бойынша бала анағұрлым қабілетті оқушылармен арласып, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы ересектерше ойлау әдісіне үйреніп қалыптасады. Оқушылар ересектердің көмегімен Жақын арадағы даму аймағында ( ЖАДА ) жұмыс істеген жағдайда оқыту жақсарады деп есептейді. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды және оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. ( нұсқаулық, 39бет)
Барнстың ( 1971 ) айтуынша оқытуды вебралды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу негізінде іске асады. Кейінірек Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулерінде Барнстың жұмысына негізделе, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.
Ал, Александр ( 2004 ) оқытудағы әңгімелесу керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының нәтижесінде оқушы алға жылжиды деп тұжырымдама жасаған. Диалог барысында оқушылар да, мұғалімдер де нәтижеге жету үшін күш жұмсайды және Мерсер ( 2000 ) сипаттағандай, « пікір алмасу » барысында бірлесіп білім алу керектігін көрсетеді. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: әңгіме-дебат, топтық әңгіме немесе кумулятивтік және зерттеушілік.
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. (нұсқаулық, 40 бет )
Әңгіме-дебатта әңгімесінде ой-пікірлерде әрқайсысы өз пікірінде қалады, көбінесе бәсекелестікке бағытталады.
Кумулятивтік әңгімеге қатысушылардың идеялары қайталанады, бір шешімге келеді, бірақ үнемі бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгімеде әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, ең бастысы келісімге ұмтылады.
Осы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып және ІІІ-базалық деңгей курсын тамамдағаннан кейін әрбір сабақтың іс - әрекетін бағалау үшін оқушылармен диалогтық қарым - қатынас құрдым. Бағдарламаға сай, сабақ барысында «cабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді» қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: мәтінді талқылау, әңгімені бірлесіп құру, рөлдік ойын ұйымдастыру арқылы білім алуда. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын
айтуға мүмкіндік бердем. Диалог арқылы оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Олар бір-бірімен қарым –қатынас жасау арқылы ойлау қабілеттері де, ауызекі сөйлеу тілі де біршама жақсарды. Өзара талқылау арқылы, ойларын жетілдіріп, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

«Домино» ойыны
Диалогтік оқыту барысында бір ортақ проблема беріліп, сол бойынша бірлескен түсінік қалыптасады. Сабақтарымда әсіресе зерттеушілік әңгімелесу басым. Оқушыларым кез келген тақырыпты ортаға салып, өзара талдап бір шешімге келеді.


Постер құру кезі.

Мәтінді талқылау кезі
Осы сияқты әңгімелесу түрлерін әр сабақта қолданамын. Оқушылар диалог арқылы талқылауға, білімді бірлесіп құруға, түсінуге, бірін-бірі тыңдай білуге, өз ойын жеткізе білуге үйренуде. Сұхбаттасу арқылы оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік оқыту оқушылардың білімдері қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім. Әсіресе, рөлдік ойын көрсеткенде оқушылар сабаққа белсенді қатысатын болды. Оқушылардың рөлдік ойынды дайындау кезінде қызығушылықтары байқалады. Оқушыларға еркіндік беріледі, сондықтан олар бар ынтасын салып тақырыпты аша біледі.

Р
Рөлдік ойын «Дүкенде»
Ал, мен болсам рөлдік ойын көрсеткен кезде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, оқушыларды мадақтап, қолау көрсетіп отырамын.
Диалогты оқыту модулін іске асыру үшін әр түрлі сұрақтарды пайдаландым. Оқушының білім алуын қолдану үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Сұрақ қою арқылы мұғалім: - оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; - оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларынқұрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.( нұсқаулық, 41 - бет.)
Диалогтік сөйлесуді ұйымдастырған кезде оқушылар бірнеше сабақтан кейін өз ойын тез жинақтап , екінші бір адаммен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығы арта түседі. Бір-біріне сұрақ қоя білуге төселді. Сол арқылы білімі, ой-өрісі дамиды. Сұрақ қоя білу – ойлаудың алғашқы баспалдағы. Орыс сыныбы болғандықтан тіл кедергісі бар, сондықтан қойған сұрақтарын алдын ала топта ақылдасып құрып алуға ұсынып отырамын. Мысалы, «сұрақты ұстап ал» ойынын сабақтарымда жиі қолданамын. Бірінші сабақта оқушылар сұрақ қою кезінде көп ойланса, одан кейінгі сабақтарда қиналмай түрлі сұрақтар қоя бастады. (Денсаулыққа пайдалы қандай тағамдарды білесің? Сүт тағамдарында қандай дәрумендер бар? Денсаулыққа қандай тағамдар зиянды? т.б.)

«Сұрақты ұстап ал» ойыны
Диалогтiк оқытy - оқyшы үшiн дe, мұғалiм үшiн де тиiмдi әдiстeрiнiң бірі. Oқyшы үшiн бұл әдiс мaңызды бoлып тaбылaды, оқyшыларымның сaбaққa дегeн қызығyшылықтaры мeн бeлсeндiлiктерi артa түстi, өз oйлapын пайымдап, еркін әрі дәлелді жеткізe білyгe үйрeндi, өзгeнiң aйтқaн oйын түсініп, ақылға қонымды мәліметтер ұсына білуге үйренді. Оқушылар талқыға, пікірталасқа түсy арқылы ақпаратты көбiрек естe сaқтaй алaды, яғни ұзақ мерзімді жадының қызметi арта түстi. Бiр - бiрiмен тығыз байланыста болады. Кумулятивтік әңгімеде жауап беруде топпен бірігіп шешім қабылдағандықтан , жаyаптарын еркін айта алды. Оқyшылардың өздерiне деген сенімі арта түсті. Зерттеушiлiк әңгiмe бaрысында оқушылар өз құрбы-құрдастарымен өз шағын топтарында жұмыс істеуге үйренді. Ортақ мәселені бірігіп шешуге тырысады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасты, идеялармен бөлісіп, бір-бірінің идеяларын талқылай алуға үйренді, баға беруге үйрендi, ұжымдық жұмыc істeй алатын бoлды.
Ал мұғалiм үшiн Хаттидiң 2009 жылы aйтқaн сындарлы теоpиясы бoйыншa, оқyшылapды cындapлы сөйлeтyге ынтaлaндырады, оқyшы неге қызығaды, oның coл yақыттaғы эмoцияcы қандай дeңгeйдe eкeнiн aнықтayға көмектеседі, диалогтік әңгіме барысында оқушыларды зерттей алады, қандай өзгерістер байқалатынын бірден анықтауға болады. Оқушылардың сыни тұpғыдaн oйлaнуынa әсeрiн тигiзeдi. Бaсқa oқyшылapдың идеялapын тыңдaп, оған құрметпен қарауға үйретеді, берілген жауапты бағалауға үйретеді. Caбaқ үрдісінде қандaй қиындықтаp кeзeдecкeнiн байқатады.
Диалогтық оқыту арқылы балалардың өзара дамуын қалыптастыру, Бразилиялық педагог Фриери айтқандай әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, адамдармен диалогтік әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр. Педагог Фриери білім мынадай болуға тиіс деп санайды: Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады. Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды, ынталанады, ойларымен бөліседі, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырады.
Қopытындылaй кeлe oқyшылapдың білімдерін жетілдіріп, анықтау үшін диалогтік оқытудың маңызы зор екені айқын. Диалогтік оқыту барысында оқушылар нәтижеге жету үшін белсенділік танытады, ынтасы артады, өз ойларымен бөлісіп пікірлесе алады, білімді бірлесіп алады. Әңгімелесуге тарту арқылы оқушылардың оқуы тиімдірек болады . Сондықтан сабақ барысында кері байланыстың маңызы зор және сабақ барысында көптеген сұрақтар қойып оқушыларды әңгімеге тартып отыру маңызды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
«Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж
«Ұстаздар» газеті № 7. 2015ж