Саба? жоспары ?аза? тілінде, 5-сынып?а арнал?ын


Еңбекшіқазақ ауданы «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, информатика пәні мұғалімі Исаханова Еркинай Кайыпрахмановна

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің кұрылымы.
Мақсаты:
Білімділік: Компьютердің құрылымына кіретін негізгі құрылғылар туралы жалпы түсінік және олардың атқаратын қызметтері туралы білімдерін жетілдіру.Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, жылдамдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушыларға компьютердің құрырылымы туралы түсінік бере отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, ой - өрісін дамыту және жетілдіру.Сабақтың типі : Аралас сабақ.
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқулықпен,компьютермен
жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: Оқулық кітап, компьютердің құрылымдары, интерактивті тақта, слайд. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық сәт.
Оқушылар бір - біріне жақсы тілек тілеу арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Компьютердің қазіргі уақытта негізгі функциясы қандай?
Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа ?Алақан компьютері- компьютердің қандай түріне кіреді ?
Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
Нетбук дегеніміз не?
Үлкен дерек қорларын сақтау үшін қолданылатын компьютер:
ІІІ. Өткенді бекіту, байланыстыру.
Көзден экранға дейін арақашықтық қанша болу керек?
Информатика дегеніміз не?
Қандай ақпарат біздің есімізде жақсы сақталады?
1 байт неше биттен тұрады?
ІV. Жаңа тақырыппен, мақсатымен таныстыру.
Компьютердің құрылымы.
V. Жаңа материялды меңгеру:
Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-ның түрлерін қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес компьтерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған.
Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар.
Дербес компьютер негізгі 3 бөліктен тұрады.
Ақпаратты шығару құрылғысы - Монитор
Ақпаратты енгізу құрылғысы - Пернетақта
Жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан.
53784520574000480949020637500267208020637500 Монитор. Пернетақта. Жүйелік блок.
Монитор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады.
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы.
Жүйелік блоктың құрамы:
Жүйелік (аналық ) тақша,
процессор,
жедел жады,
қатты диск,
видеокарта,
дыбыс картасы
желілік карта секілді көптеген маңызды құрылғылардан орналасады.
Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі.
Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.
Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды. Компьютердің кез-келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микро процессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор (Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Жедел жады – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақаталады, яғни компьютерді өшіргенше. Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылығы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады. Жедел (оперативті) жадтайтын құрылығы ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.
Қатты диск –ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы. Онда тұтытушының программалары мен ақпараттары сақталады.
Видеокарта – компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға дайындайтын жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.
Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет.
Желілік карта - компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 107 перне, ал оң жақжоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады.
Функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әрпімен белгілеген.
Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді. Әр түрлі жағдайларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.
Нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері.
Курсор дегеніміз: экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған; цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.
Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызды осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға «Enter» (енгізу пернесі), «Delete»(жою пернесі), «Backspace» (артқа қарай өшіру), «Caps lock» (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады. Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады.
VI. Білімін тексеру.
Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.
Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғылар.
Аналық тақша дегеніміз не?
Жедел жады дегеніміз не?
Дыбыс картасы не үшін қажет?
Бейненің сапасы неге тәуелді?
Қатты дискі неге арналған құрылғы?
Бас әріптер режимін қосу үшін қай пернені қолданамыз?
NomLock пернесінің қызметі қандай?
Бір тілден басқа тілге ауыстыру үшін қай пернелерді пайдалануға болады?
VII. Білімін бекіту.
Практикалық жұмыс:
Пуск

Все программы

Стандартные

Блокнот
Блокнот программасын ашып, оқулықтан жүйелік блоктың құрылымын компьютерде теру.
VIIІ. Үйге тапсырма:
§6 мазмұндау, тест жауабын дәптерге жазу.