?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? Та?ырыбы ?айы?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Құрастыру.
Ортаңғы топ «Бүлдіршін»
Тәрбиеші: Ибраева Ж.Ж
Күні: 22.01.2016 ж
Аптасы: 3
Тақырыбы: «Қайық».
Мақсаты: Жаңа ғасырдың конструкторымен таныстыру. Бөлшектер бір бірімен қалай біріктірілетіне назар аудару. Үлгі бойынша жасату.
Билинггвалдік компоненті: Кеме-корабль, қайық-лодка
Көрнекіліктер: үлгі суреттер, конструкторлар.
Сөздік жұмыс: суда жүзетін, аспанда ұшатын, жерде жүретін
Іс-әрекет кезеңіТәрбиешінің іс-әрекетіБаланың іс-әрекетіДәлелдепталаптануТәрбиеші балалардан әуеде ұшатын, жерде жүретін және суда жүзетін көлік түрлері туралы сұрайды. Балаларға қайықтың суретін көрсете отырып, оның құрылымына талдау жасалады. Балалар көлік түрлерін атайды, қайықты жасаудың жолдарын ойланады.
Ұйымдастырушылық кезең Тәрбиеші алдымен қайықтың суда жүзетін бөлігін қандай конструктордан жасайтыныны түсіндіреді:
-Екі жалпақ кірпіш тәріздес конструктор және оған бір үшбұрышты түйістіріп орналастырамыз;
-Осы кірпіш тәріздес конструктордың үстіне екі жағына екі конструктор, артқы бөлігіне тағы сондай конструктор қоямыз;
-Қайықтың алдыңғы бөлігі сүйір, үшкір болып келетіндіктен оған үшбұрышты пайдаланамыз;
-Енді екі жағына екі жіңішке текшелерді қою арқылы оның ескегін жасаймыз.
Қайыққа кімді отырғызғысы келетінін балалардың өздеріне ойлануға ұсыныс жасау.
Балалардың құрылысты қалай құрастырғанына басшылық жасалады. Балалар конструкторларды тәрбиешінің көрсетуіне қарай отырып құрастырады.
Қайық дайын болғанда алдарындағы ұсақ ойыншықтардан таңдап алып, оны суда қайықпен жүргізеді.
Рефлекстік кезең Балалардың құрастырған қайықтарын қарап шығып, олардың сапасына талдау жасалады. Балалар өздерінің қайықтарын қалай жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Құрылыс материалдарынан қайықты қалай құрастыруға болатынынбілу
Түсінеді: Көлік түрлері, суда жүзетін көлік түрлері туралы түсініктерінің болуы
Қолданады: Конструкторларды пайдаланып, қайықты құрастыру қолынан келуі.