?азіргі мектепте о?ушылар?а рухани-адамгершілік т?рбие беру ж?не дамыту
Қазіргі мектепте оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру және дамыту
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:
- тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;
- оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
- оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев: «Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес» деген болатын. Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту- заман талабы.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани- адамгершілік тәрбие- екі жақты үрдіс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу - өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары бұл- сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Баланы жастан демекші, бала тәрбиесіне ата- ана дүние есігін ашқаннан бастап көңіл бөлуі керек. Ал мектепте ұстаздар әр баланы жеке тұлға ретінде рухани адамгершілігі мол етіп тәрбиелейді.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз- оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты- жеке адамды дамытудың негізгі бөлімі. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның одамгершілік сезімін, сенімін белгілі-бір мақсатқа жетелеу, іс- әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, ілтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады.
Әр Қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, халықаралық қатынастарда мораль адамның сана-сезімін реттейді, қалыптастырады. Ал адамгершілік сезім балада моральдық сапалар қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты- жеке адамды дамытудың негізгі белгісі де болып табылады. Олар:
шәкірттерді өмір талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға қатыстыру;
шәкірттердің адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;
шәкірттердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау, ұлттық қасиеттерді дарыту Саналы тәрбие болмаған жерде сапалы оқу мен білімнің болмайтындығы белгілі. Жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажетін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына ықпал етеді.
Руханилық- жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет:
бұрынғысы;
қазіргісі;
болашағы.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Рухани- адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа тәрбиелеп, соны мақсат тұтса ұстаздың, ата- аналардың да болашағы зор болмақ. Олай болса жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс- әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне- өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жетуде сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай кедергілерден өте білуді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. тұлға рухани-адамгершілік тәрбие арқылы өзінің ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын қалыптастырады.
Оқу үрдісіне рухани─адамгершілік тәрбиені қосу түрлері:
Балаға жастайынан адамгершілік қасиеттерді бойына дарытып, ойына сіңдіру керек. Бұл үшін төрт мүмкіндік бар:
кез─келген пәнді оқытуда рухани─адамгершілік құндылықтарды қосып отыру;
рухани-адамгершілік бағытында тәрбие сағаттарын өткізу;
осы құндылықтарды сыныптан тыс сабақтарда дамыту;
оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу.
Кез─келген пәнді оқытуда рухани─адамгершілік құндылықтарды қосып отыру
Рухани тәрбие әлемдегі әр құбылыстарда көрініс табады. Сондықтан оны қалаған пәніңізге арқау етуге болады. Әрбір пән оқушыда адамгершілік қасиеттерді дамытуға үлес қоса алады. Мысалы, қазақ тілі сабағында бір тақырыпты бекіту үшін оқулықтан мәтін беріледі. Сол тұста оқушыға талдаумен қоса, рухани тәрбие беретін мағынадағы мәтінді ұсынуға болады.
Рухани-адамгершілік бағытында тәрбие сағаттарын өткізу;
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістеріне сынып сағаты жатады.Сынып сағаты сынып жетекшінің тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең негізгі формасы болып табылады. Сынып сағаттарын өткізгенде оқушылардың сынып жетекшісімен еркін сөйлесу әдісін қолданамын. Өз практикамда сынып сағаттарының мынадай түрлерін қолданамын:
Рольдік ойындар:
Әдептілік- тәрбие бастауы
«Сәлем түзелмей әлем түзелмейді»
Біз болашақтың жастарымыз.
Сырттай экскурсиялар:
ЭКСПО-2017 халықаралық көрме жобасын көрсету
Пікірталастар, сұхбаттар:
«Тұтынушы өз құқыңды біл» дөңгелек үстел
Отбасы – менің үмітім,тірегім. Әңгіме.
«Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» тренинг
«Мемлекеттік рәміздер»
Әр сынып сағаты рефлексиямен аяқталады - бұл кейде сауалнама, кейде: «Мен ... түсіндім немесе Мен енді ... тырысамын немесе Маған ... қызықты болды» деген сөздермен аяқталатын сұхбаттар. Мұндая рефлексия жеке тұлғаны ары қарай дамыту бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
Рухани құндылықтарды сыныптан тыс сабақтарда дамыту
Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша жұмыс білім беру және тәрбиелеу процесі барысында да жүзеге асырылады. Оқушыларға рухани─адамгершілік құндылықтарды сыныптан тыс өткізілетін сабақтарда, әртүрлі тақырыптағы кештерде беруге болады. Мысалы, Әртүрлі мектепішілік және сыныптағы шараларға сынып оқушыларының барлығын қатыстыруға тырысамын. Мектепте дәстүрлі мерекелер өткізіледі, біздің сынып оларға белсенді түрде қатысады. Мысалы, І жартыжылдықта сынып оқушылары төмендегі шараларға белсене қатысты:
Денсаулық күні;
«Алтын күз» мейрамы;
«Ұстазым менің ұстазым» мерекелік шарасы;
«Жемқорлыққа жол жоқ» дөңгелек үстел;
«Деньги свои и чужие»;
«Ұлы тұлғалар» сайысы;
«Знай и люби русский язык» және т.б.
Оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу
1999жылдан бастап «Өзін- өзі тану» - рухани адамгершілік білім беру жобасы іске асырыла басталы, оның авторы Қазақстан Республикасының бірінші ханымы С.А. Назарбаева. «Өзін –өзі тану» пәні бойынша сабақтар оқушылардың бойында рухани – адамгершілік тәрбиесін дамыту негіздерін қалауға мүмкіндік береді, өйткені, сол үшін ерекше қолайлы жағдайлар жасалады
Тәрбие жұмысының нәтижелі болуы үшін ата-аналармен жұмыс қажет . Мысалы, І тоқсанда «Ынтымақты отбасы», ІІ тоқсанда «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты ата-аналар жиналыстары өтті. Бұл жиналыстарда егер балалар үйде күнде сын еститін болса, олар басқа адамдарды сынап-мінеуге үйренеді, егер балалар өшпенділік пен ашу-ыза жағдайында өмір сүретін болса, олар мейірімсіздікке, төбелеске үйренеді. Егер балалар оларды келемеждейтін ортада өссе, жасқаншақ болатындығы айтылды.
Тәрбиелеу ықпалының нәтижелерін зерттеу үшін келесі әдістемелерді қолданамын: мониторинг, диагностика, сауалнама).
Оқушылардан сауалнама («Адамгершілік тәрбие диагностикасы») ала отырып, сондай-ақ мәдениеттілік диагностикасын өткізе отырып, балалардың қабілеттерін анықтаймын, ары қарай түзету мақсатында олардың жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарын анықтаймын.
10А сынып оқушыларының адамгершілік деңгейі
Қыркүйек айы
Жүргізілген жұмыстарды талдай отырып, көрсеткіштер динамикасының бірдей еместігін, кейбір көрсеткіштердің айтарлықтай өзгермейтіндігін, ал кейбір көрсеткіштердің алдыңғыға қарағанда жоғары екендігін байқауға болады. Жалпы қорытынды жасалған жұмысты сипаттайтын барлық мәліметтерді сәйкестендіру негізінде шығарылады.
Желтоқсан айы
Психологиялық диагностика сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынастардың оң динамикасын көрсетеді. Сынып өмірінің реттелгендігі, жалпы жағымды психологиялық климат, оқушылардың адамгершілік деңгейлерінің өскендігі байқалады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.