Та?ырыбы: Жалпы адамзатты? ??ндылы?тар Отбасыны? т?рбиені? негізі
Жалпы адамзаттық құндылықтар Отбасының тәрбиенің негізі
«Отбасы – адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы» В.А.Сухомлинский
Психиатрлар баланың нәрестелік кезеңінен 5-6 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуының өте маңызды екенін баса айтады.Бұл кезде ата-ананың баланың ақыл-ой дамуына әсері өте күшті. Бұл баланың тұлғалық дамуына ең бірінші және басым әсер етуші фактор және негізгі мінез-құлық үлгісі болып табылады.
Балалардың махаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата-аналарын бар жан-тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді. (кейбір келеңсіз мінез-құлықтарынада).Кей-кейде балалар ата-аналарының тілін алмайды. Бірақ-та олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді.Олар ата-аналары өтірік айтып, алдап тұрса, екіжүзділік таныса, оны байқап қояды.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы - ата-ана.«Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деген ұтымды ой айтқан. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету де өз пайдасын тигізеді.
Тапсырма:«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.
Орындау ережесі. Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл
Нәтижесін талдау.30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.
Бала Ерке бала Бұзық бала Тапсырма:
Үлгілі, жақсы ата-аналар:Беделді болуы керек;Ажырата білуге үйретуі тиіс;Сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс;Балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі тиіс;Өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс.Үлгілі, жақсы отбасының қасиеттері:Барлығы сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады; Әр қайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды;Қуанышты, жан тыныштығына өмір сүреді;Отбасында бір-бірімне жақсы қарым-қатынаста болады;Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.
Жақсы адамдарәні