Ма?ала А?аш б?йымдарын ??растыруды? негізгі т?рлері


Ағаш бұйымдарын құрастырудың негізгі түрлері.
Ағаштан жасалған бұйымдар — детальдардан, жалғаулардан, бірнеше топтан тұратын конструкциялар.
Деталь дегенде, әдетте белгілі бір жасаушы кәсіпорында өңделген, бірақ жинастырылған бұйымның бөлшегін түсінеміз. Детальға жататындар: брусшалар, бастырмалар, суағарлар, жапсар басқыштар.
Бөлік — бұл бір-бірімен желім, бұранда шеге, болат арқылы бірігетін құрамды бөлшектердің жеке бір элементі.
Бөліктер—рамка, қорап және басқа да осы тәрізді конструкциялар, оларда деталь дербес конструкциялық элемент болып табылады.
Топ — бұйымның құрамдас бөлшектерінің бірігуі. Топтың құрамына бөліктер мен детальдар енеді. Бұйым бірқатар топтардан, бөліктерден, детальдардан құралуы мүмкін.
Ағаш шеберлігі бұйымдарының мынадай негізгі конструкциялық бөлшектері бар: брусшалар, рамкалар, жайма тақталар, қораптар.
Б р у с ш а — қарапайым деталь, оның өлшемі, тілінуі мен формасы әр түрлі болады (10-сурет).

10-сурет
(Ол тұтас бір ағаштан тілінуі) және желімделген, яғни әр түрлі ағаштан тілініп, олар ені, қалыңдығы немесе ұзындығы бойынша құрастырылған болуы мүмкін.
Брусшаның жіңішке ұзын жақтауы — жиек, ол жалпақ ұзын бөлігі— бет пен жиектің түйіскен жері — қабырға деп аталады, тік бұрыш жасап кесу кезінде пайда болатын брусшаның ұш жақ көлденең жақтауы кесік деп аталады.
Терезе мен есік блоктарын дайындау кезінде дайдаланылатын майда тілінген брусшалардың бүтін ағаштан, ал ірі брусшаларды желімдеп жасайды. Тақтай конструкциялы есік полотносының жармасына немесе қақпақ тақтайға әйнек бекітуге арналған брусшаны бастырма деп атайды.
Қақпақ тақтай — ағаштан, ағаш жаңқасынан немесе ағаш талшықтарынан жасалған плита яғни тік бұрыш формалы жұқа тақтай. Жұқа тақтайлар бір-бірінің жиектерінің еңкіш шығарылуы немесе жиектерінен пішін шығара жасалуы (39, и-сурет) арқылы ажыратылады. Қақпақ тақтайды рамканың (есіктің) өзегіне бір-біріне бекітілген бастырмалар мен орнатады немесе брусшаның үстіне қойып, шуруптармен бекітеді.
Брусшаның бетіндегі тік бұрышты ойықты – қима деп атайды. Егер бұрыштың, (ойықтың) жақтаулары тең болса ол ширек қыр болып есептеледі.
Ж ү й е к—саңылауды жабуға арналып жасалған кертпеш: ол детальдарды бір-бірне беттеп қиюластыру қиын болған жағдайда қолданылады. Жүйекті пайдалану бұйымдарды құрастыруды жеңілдетеді. Оны мебель жасау кезінде қолданады.
К е н е р е — негіздің шегінен асып тұрған шығыңқы жер. Ол мебель жасау кезінде қолданылады.
Детальдың жиегіне немесе бетіне салынған жартылай дөңгелек келген өзекше ойма деп аталады.
Квадрат немесе бұрыш жасайтын рамка төрт брусшадан тұрады. Мұнан басқа жекелеген рамкалардың ішкі орталық-брусшалары (қақпақ тақтайлы есік, терезе жармасы) болады.
Раманы шабақты байланыс түрінде құрастырады. Көлемі шағын рамканы жеке ашық тесіп өтетін шабақ немесе тұйық тесік және брусшаның жартысына дейін ғана тесу арқылы байланыстырып құрастырады.
Ағаш шеберлігі бұйымдарын жасау кезінде тік бұрыш формалы рамка қолданылады. Маңдайшасы көп бұрышты немесе дөңгөлек терезелердің өте сирек (жекелеген сәнді ғимараттар үшін) жасайды. Терезе жармасы форточка, фрамуга, қорап - мұның бірі рамка болып есептеледі.
Қақпақ тақтайлы есік жайма тақталармен—қақпақ тақтайлармен толықтырылған рамкадан (жақтаудан) тұрады. Рамканың брусшаларын жақтау деп атайды. Ағаш шеберлігі бұйымдары (терезелер мен есіктер) дәл чертеж бойынша жасалуға тиіс, олардың өлшемдері чертежде көрсетілген өлшемдерге сай келуге тиіс. Терезе мен есік блоктарының және олардың элементтерінің көрсетілген нақты өлшемдері (қораптар, терезе жармалары, форточкалар, фрамугалар, есік полотнолары және басқалар), сондай-ақ оларды бекітуге арналған саңылаулардың өлшемдері ГОСТ 6629—74, 11214—65, 475-70 деген цифрларға және сол бұйымдардың типтік-чертежіне сәйкес істелінуі кажет. Бұйымдар мен детальдар горизонталь және вертикаль жазықтықтарда дұрыс геометриялық қалыпта болуға тиіс.
Жайма тақта әр түрлі конструкцияда жасалады. Жайма тақта конструкциялы ішкі есіктері үшін оларды шомбал (тақтайдан жасалған) немесе қуыс етіп жасайды.
Шомбал жайма тақталарды желімдеу (құрау) кезінде олардың қисайып кетуін болғызбау үшін ені оның қалыңдығынан 1,5 еседен аспайтындай білте тақтайшаларды іріктеп алу қажет.
Детальдарды ені бойынша желімдегенде оларды бір-бірімен біріктіретін білте тақтайшаларды детальдың бағытына қарама-қарсы болады, ал детальдардың жиектері бір-біріне жанасып тиіп тұрады.
Білте тақтайшаларды ұзындығы бойынша түйістіріп жалғауға, бір-біріне тиіп тұрған білте тақтайшаларды түйіскен жерлердің ара қашықтығы 150 мм-ден кем болмаған жағдайда жол беріледі. Ауыр салмақ түсетін жайма тақталардан білте тақтайшаларды ұзыннан түйістіріп жалғанбайды. Дымқылдығы 12+2% болатын білте тақтайшаларды желімдеп жайма тақта жасауға болады.
Жайма тақталардьің майысып кетуіне жол бермеу үшің сына белдемшелерді, ұштықтарды пайдаланады, басы мен аяғына білте тақтайшаларды желімдейді. Жайма тақталардың сына-белдемшесін тақтайдың бетімен бірдей немесе одан биік шығарып жасайды. Әрбір жайма тақтаға кемінде екі сына-белдемше салады. Сына-белдемшелері бар жайма тақталар уақытша салынатын үйлерге және т. б. арналып жасалады.
Жайма тақталарды тек бір қабат тақтайдан ғана емес, сонымен бірге бір-бірне айқастыра салынған үш немесе бес кабат тақтайдан желімдеп жасайды.
Тақтайдан құрастырылатын жайма тақталарды бір-біріне жай тақастырып, ширек қырларын кигізіп, жапсарларындағы өзекке рейка кигізіп бірінің өзегіне екіншісінің қырын кигізіп және «қарлығаш құйрығы» түрінде желімдейді.
Қалың жайма тақталардан пәтерге кіретін сыртқы есікті, ал жұқа тақталардан балконның және т. б. есіктерін жасайды.
Жайма тақталарды кәсіпорындарда әзірлейді, кейде оны құрылыс алаңдарында да жасайды.
Желімделетін жайма тақталарды дайындаудың технологиялық процесі мына негізгі кезеңдерден тұрады: кесілген материалдарды кептіру, кесілген материалдарды дөңгелек аралы станоктарда ұзынынан және жалпағынан тілу, сүргілеу станогында оның беті мен жиегін (ұзыннан бойлай сүргілеу, тегістеу) жиектеріне желім жағу, білте тақтайшаларды тіреуішті қысқышта жайма тақта етіп желімдеу, желімнің ұстауы үшін технологиялық жағынан белгілі бір уақытқа ұстап тұру, рейсмусты станокта жайма тақтаның бетін тегістеу, дөңгелек аралы станокта жайма тақтаны белгілі бір мөлшерде кесу. Жіңішке жайма тақталарды струбциналарда желімдеуге болады.
Желімделетін детальдарды (білте тақтайшаларды) қалыңдығына қарап іріктеп, пакетке жинайды. Пакетке жиналған детальдардың бір жақ бетіне (жиек жақ бетіне) желім жағады, осыдан кейін желім жағылған жиекті екінші бір детальдың құрғақ жиегімен жапсарласатындай етіп детальдарды тіреуішті қысқыштың үстіне тізіп жатқызады. Детальдарды қысып сыққанға дейін оларды ұзындығы жағынан теңестіріп, детальдардың аралығындағы ойлы-қырлы жерлерді кетіреді.
Детальдарды қысьш сығу кезінде жайма тақтаның қисайып бұраң болып қалмауын қадағалап отыруы қажет. Оны жайма тақтаның бетіне сызғышты диагональ және көлденең қоя отырып тексереді, ал бұрышының дұрыстығын угольникпен тексереді.
Тексеріп болғаннан кейін детальдарды сыналап отырып әбден қысады да желім толық жабысып болғанша жай қойып қояды.
Ағаш тақтасына білте тақтайшадан құрастырылған және екі беті (жағы) сынашалармен көмкерілген жайма тақталар жатады. ГОСТ 13715—68-ге сәйкес ағаш тақтасының ұзындығы 2500, 1830, 1525 мм, ені 1220 және 1525>мм, калыңдығы 16, 19, 2.2, 25 жоне 30 мм болады. Тақтаны мебельдер жасауда, кеме және вагондар жасау кезінде сондай-ақ құрылыста қолданады.
Қалың жайма тақтадан басқа қуыс жайма тақта да болады. Ол —екі беті фанермен немесе қатты ағаш талшығы қабатынан тұратын тақтамен қапталып, іші гофрирлейген фанермен немесе қағаздан не қатты ағаш талшығы қабатынан тұратын тақталардың, фанерлердің қалдықтарынан жасалған ұяшалармен толтырылған рамка. Жайма тақталарды сондай-ақ аралық саңылауы 30—40 мм болатындай етіп қойылған рейкалардан да жасауға болады.
Қорап бір-бірімен тура ашық шабақ немесе «қарлығаш құйрығы» (мебель бұйымдары үшін) түрінде бірігетін төрт қабырғадан тұрады. Қораптың беріктігін арттыру үшін онық ортасын ағашпен бөледі. Қораптың сыртқы брусшалары көмкерме ағаш, ал ішкілері ортаңғы ағаштар деп аталады. Қорапқа қақпақ (төбе) немесе түп (еденше) жасайды. Түбі бар қорап — жәшік деп аталады. Қорапты негізінен мебель өндірісінде қолданады.
Ағаштан жасалған детальдарды жалғау
Ағаш кесінділерін ұзыннан жалғау тұтастыру деп аталады. Ағашты ұзыннан тұтастырудың бірнеше түрі белгілі: тістестіріп желімдеп жалғау және т. б.
Ең мықтысы тістестіре жалғау болып табылады.
Тістестіре желімдеп жалғауды (ГОСТ 19414—74) (44, з-сурет) қолданылуына қарай екі топқа бөледі.
Шабақтар арқылы біріктіру. Ағаш шеберлігі бұйымдарын дайындау кезінде детальдарды ұзынынан жалғауда тістестіре жалғау колданылады. Желімдеп болғаннан кейінгі жоспардағы саңылаудың мөлшері шабақтың ұзындығының 3%-інен аспауга тиіс.
Біріктіру брусшаларды, тақтайларды, бөліктерді ені бойынша жиекке жиекті тигізіп жайма тақта етіп, бетке бетті тигізіп блок етіп жалғау кезінде іске асады. Жайма тақтаға біріктіру үшін әзірленген әрбір дайындама бөлік деп аталады. Жіңішке тақтайшаларды біріктіру жолымен жалпақ жайма тақта жасауға болады. Біріктіру жұмысын детальдарды бір-бірімен жай тақтастыру, ширек қырларын кигізу, білте тақтайша үстіне тізу, біреуінің қырын екіншісінің өзегіне кигізу және т. б. жолдармен жүргізуге болады.
ГОСТ 9330—76-ға сәйкес біріктіруді бұйымның неге арналғанына қарай жиектеріне білте тақтайша кигізу, ширек қырларын кигізу біреуінің қырын екіншісінің өзегіне кигізу біреуінің трапеция тәрізді қырын екіншісінің сондай өзегіне кигізу және бір-біріне жай тақастыру жолдарымен жүргізу ұсынылады.
Бөліктерді жалғау кезінде пайда болатын аралық жікті (жапсарды) беттесу деп атайды. Бір-біріне жай тақастырып жайма тақта етіп, желімделетін бөліктердің жиектері тегіс әрі түзу болуы керек, мұндай жиектер бөліктердің жазық бетінің ұзыннан бойымен тік бұрыш жасап тұрады. Егер бөліктерді жалғаған кезде саңылау кездеспесе, онда оларды тақастыру (жақындату) сапалы орындалғаны. Жайма тақтаны қыспа қамыттың, тіректі қысқыштың, престің көмегімен желімдейді.
Желімдеуден басқа, жайма тақтаны алмалы-салмалы жұмыр жабақ бөліктерден құрастыруға да болады, мұндайда шабақтың диаметрі бөліктің қалыңдығының 0,5 үлесін құрайды, ал ұзындығы 8—10 еселенген диаметріне тең болады. Әрбір 100—150 мм жерге бір шабақ қояды.
Жақсы жайма тақталар детальдарды бір-біріне ширек қырлары арқылы, өзекке қырды кигізу арқылы біріктірген кезде жасалады. Өзекке қырды кигізу арқылы біріктіруді тақтайдың бір жақ жиегіне бастан-аяқ өзек, екінші жиегіне қыр шығару жолымен жүргізеді. Өзекке қырды кигізу арқылы біріктіруді жайма тақтаны, тақтайдан жасалған төсеніш еденді, ағаштан жасалатын қоршаулар құрылысында төбені тақтаймен қаптағанда қолданады. Жай тақастыра біріктіру ширек қырды кигізу немесе өзекке қырды кигізуден әлдеқайда үнемді.
Жиекті бойлай білте тақтай кигізіп жалғаған кезде, бөліктің жиегіне ағаш немесе фанер білте тақтай кигізетін өзек шығарады.
Элементтерді нагель, болт, шеге арқылы біріктіру
Ағаш конструкцнялардың элементтерін нагель, болт, шеге және желім арқылы біріктіруге болады.
Нагель арқылы біріктіру. Нагель — цилиндр тәрізді ағаш немесе болат шеге. Детальдарды нагельдер арқылы нақты есеп бойынша біріктіреді (11-сурет).

11-сурет
Оларды үлгі арқылы белгі салынған чертеж бойынша қойып шығады. Ағаш талшығын бойлай орналасқан цилиндр тәрізді нагельдер осінің ара қашықтығы — S1 ағаш талшықтарына көлденең қашықтығы S2 және элементтің жиегіне нагель осіне дейінгі қашықтық — S3. Болат нагельдер мынадай шамалардан кем болуға тиіс. S1 = 7d; S2=3,5d және S3=3d, мұнда-нагельдің диаметрі, ал еменнен жасалған нагельдер үшін: S1= 5d; S2=3d; S3=2,5d.
Жалғанатын элементтердің қалыңдығы d[10d болған кезде ғана болат нагельдерді қолдануға беріледі: S1 = 6; S2=3: S2=2,5d, ал емен нагельдер үшін S3 = 4d; S2=2,5d.
Емен немесе болат нагельдерді ұзыннан екі қатар етіп орналастыру ұсынылады. Бірінен-бірі тартып тұратын элементтерді жалғайтын конструкцияларды болат немесе емен нагельдермен қоса жалғаудың ара жігінің әрбір жағына кемінде үш тарту болты бекітілуге тиіс.
Нагельдерге арналған тесіктер тесу үшін элемент қабаттарын тұтасымен бірден тесіп шығады, әрі элемент қабаттары бір-бірімен алдын ала бекітілген болуға тиіс, болмаса, элементтерді (тақтайларды) тесіп болған кезде, олардың тесіктері бір-біріне дәл келмей қалуы мүмкін. Тақтайдың бетіндегі тесілетін жерге бұрғылауға дейін үлгі бойынша белгі салып алады. Тесікті бұрғы белгіленген бойынша ауытқымай тесіп шығатындай етіп бұрғылау қажет.
Тесілетін тесіктің мөлшері мен диаметрі оған кіргізілетін болттың немесі нагельдің диаметріне сәйкес келуі қажет.
Тарту болттары арқылы элементтерді жақсы етіп жалғау үшін оларды орнатуға тесіктер болттың диаметрінен 1—2 мм үлкен болуға тиіс. Болт өткен жерді бүлінуден сақтау үшін болттың басы мен гайканың астына металл қалтқы (шайба) қою қажет. Цилиндр тәрізді болат және емен нагельді тесікке тығыз етіп кіргізеді.
Шеге-арқылы біріктіру есептеу жолымен анықталады, ал кей жағдайда, мысалы, еден төселгенде, құрамалы құрылыстарда, қоршаулар жасағанда шегенің санын шамамен белгілей береді.
Ағаштан жасалатын конструкцияларға арналған тақтайларды, мысалы, бал қарағайдан және қатты ағаштардан (қайың) дайындалған тақтайларды шеге арқылы жалғағанда диаметрі 6 мм және одан үлкен шегені алдын ала бұрғылап тесіп алынған жерге қағады, мұндайда тесіктің диаметрі қағылатын шегенің 0,9 бөлігін, ол тесіктің тереңдігі шегенің ұзындығының 0,6 бөлігін құрауға тиіс.
Қылқан жапырақты және жұмсақ ағаштардан дайындалған тақтайларды біріктіргенде шеге диаметрінің үлкен-кішілігіне қарамастан, ағашты алдын ала тесіп алмай-ақ қаға береді.
Ағаш элементтерін (тақтайларды) бір-біріне қиыстыруға арналған шеге осьтерінің аралығы (ағаш талшығын бойлай) мына төмендегідей болуға тиіс қағылатын элементтердің жуандығы С>10d болғанда S1=15d және қағылатын элементтің жуандығы С=4d болғанда С = 25d, мұнда — d шегенің диаметрі.
Элементтің шеге қағылмайтын S1 аралығы шегенің диаметрінен 15 есе, одан да көп болуға тиіс (S1 ≥15d).
Шегелер бір түзудің бойына қағылғанда, олардың осьтерінің ара қашықтығы (ағаш талшығына көлденең) S2= 4d болады, ал шегелер шахмат тәртібімен немесе а<45° бұрыш жасай қағылған кезде шегелердің бойлай орналасқан қатарының аралығындағы қашықтық 3d-ға дейін кемиді.
Элементтің көлденең жиегінен бастап ең шеткі шегеге дейінгі қашықтық 4 =d-дан кем болмауға тиіс. Шегенің диаметрі шеге қағылатын ең жұқа тақтайдың қалыңдығының 0,25 бөлігінен артық болмауы керек.
Ағаштан жасалатын конструкцияға шегені үлгі бойынша қағу керек, онда шеге қағылатын орын дәл чертежбен сәйкес болуға тиіс. Үлгі фанерден немесе төбе жабатын қаңылтырдан жасалады.
Шегені кайта суырып алуға арналған конструкциялардан шегенің қысып ұстайтын бөлігінің ұзындығы шеге қағылатын ағаштың қалыңдығынан 2 есе және шегенің диаметрінен 10 есе артық болуы керек.
Шегелерді қарама-қарсы каққанда, олар барлық тақтайды қабаттарды тұтас тесіп өтпеуі керек. Шегенің тесіп өткен ағаш талшығының бағытына көлденең қайыру қажет.
Егер қағу кезінде шеге майысып қалса, оны шығарып, жаңасымен — түзуімен ауыстыру керек. Шегені шірік ағашқа қағуға болмайды, себебі шегені тот басады (шіриді), сөйтіп біріккен жердің беріктігін әлсіретеді. Шегені ағаштың таза жерініе қағу керек. Оны көзбен жарыққа қағудан аулақ болуы қажет.
Шуруп (бұрандалы шеге)—төменгі жағында өзекшесі бар цилиндр тәрізді металл таяқша. Бұрандалы шегенің бастары жартылай дөңес (ГОСТ—70), шығыңқы (ГОСТ 1145—70) немесе жартылай шығыңқы (ГОСТ 1146—70) болады. Ағаш бұйымдарда бұрандалы шеге жапсар басқыштарды, аспаптарды, топсаларды, тұтқаларды, жапқыш-тұтқаларды, құлыптарды бекіту үшін пайдаланады. Маңдайда басы шығыңқы бұрандалы шегелерді жиі қолданады.
Бұрандалы шегелер арқылы жалғауды сондай-ақ құрамалы мебельдерді жинау кезінде жалғастырылатын элементтерді желімдеу қиын болаған жағдайда қолданады. Бұрандалы шегені бұрап кіргізген кезде, ағаш ойма тесік пайда болады, осының арқасында жиналатын элементтер бір-біріне тығыз етіп бекітуге болады.
Бұрандалы шегені ағашқа отверткамен немесе электр отверткамен бұрап кіргізеді, ал оны, ұрып кіргізуге. болмайды. Бұрандалы шегені қашан бұралмай қалғанша толық кіргізу қажет. Бұрандалы шегені ағашқа балғамен ұрып кіргізген жағдайда, ағашты бір-біріне ұстату берік болып шықпайды, себебі тесік тура тесілмейді және бұрандалы шегенін әсерінен ағаш бүлінеді. Мұндай жалғау кезінде ол ағашты ұстау күшінің 40% дейінін жоғалтады.
Ағашты бір-біріне ұстатудың беріктігі ағаштың өзінің тығыздығына, бұрандалы шегелердің мөлшері мен санына, олардың қанша тереңдікке батырылып бұралғандығына, ағаш талшықтарының бағытына байланысты болады.
Қатты ағаштарға бұрандалы шегені алдын ала бұрғыланған тесікке бұрап кіргізеді. Тесіктің диаметрі бұрандалы шегенің кеспейтін бөлгінің 0,9 бөлігіндей, ал тесіктің ұзындығы бұрандалы шегенің 1/2-ден 4/3 бөлігіне дейінгі шамада болуға тиіс. Бұрандалы шегені емен ағашына бұрап кіргізерде оларды тат басудан сақтау үшін алдын ала тавотпен майлап алады. Дымқыл ағашқа бұрандалы шегені кіргізуге болмайды себебі олар тат басып, тез шіриді.
Құрылыс элементтерін бұрандалы шегелермен жалғастырған кезде олардың осьтерінің ара қашықтығы мынадай болуға тиіс S1=10d S= S=5d мұнда d бұрандалы шегенің диаметрі (12-сурет).

12-сурет
Бұрандалы шегемен біріктіруді жекелеген элементтерді құрастыру қажет болған жағдайларда (аспаптарды, жапсар басқыштарды, суағарларды) қолданады.