План урока школьного тренера Культура школы и класса
2-апта 2 сабақ Күні: 26.09.2016 Тренер: Изеева Л.А. Өткізілетін орын: орыс тілі кабинеті
Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ: Сыныпты қадағалау әдістемесі.
2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
Жалпы мақсаты: Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер шағын топтарда формалді және сапалы жұмыс жасау арасындағы ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
Түйінді идеялар
Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді.Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.Мектепке оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестіккке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну
1 сабақСабақтағы іс-әрекет Тренердің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру
5 мин Коучинг сабақтың қатысушыларымен сәлемдесу.
1.Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру.
Сынып тыңдаушыларын екі қатарға беттестіріп тұрғызыңыз. Әр жұпқа 20 секундтың ішінде мүмкіндігінше көп адамдармен амандасу керек.
Топқа бөлу , топ ережесін сақтау
5мин Топқа бөлу« Атом-молекулла» әдісі арқылы топқа болу
Қатысушылар тренердің нұсқауы бойынша топтарға бөлінеді
10 мин. Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу:
«Ой қозғау» - «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі бойынша. Мұнда жаңа сабаққа қатысты үш терминді тақтаға жазып, осы атауларға мынадай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады.
Қайда? Бұл терминдерді Сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласызба?
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
ӘЛЕУМЕТТІК. ЭМОЦИОНАЛДЫҚ. ТАНЫМДЫҚ
Тыңдаушылар өз ойларын білдіреді.
15 мин
Бейне көрсетілім
Миға шабуыл. «Назарбаев зиянткерлік мектебі»
Бейне жазба бойынша өз пікірлерін ортаға салады
1-тапсырма
/10 мин./
Қорғауға
/10мин./ Мұғалімдерге арналған тапсырмалар:
Жұптардың біріне «құрылымдалған» қадағалау кестесін беру; басқасына ешқандай нұсқаулықсыз сабақта жасаған постері бойынша жазба жүргізуге ұсыныс беру.
Рөлдерді ауыстыру; әр мұғалімнің жасаған жазбасын талқыламастан постерін қарау.
Постерді қарағаннан кейін мұғалімдердің өз жазбаларымен алмасуын ұйымдастыру. Жұп болып жұмыс істеген мұғалімдердің пікірлерін зерделеп, талдау, олардың постерді қарау нәтижелері бойынша ұсынымдары.
Мұғалімдердің пікірлерін бірлесе талқылау үшін жұппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің барлығын төрт адамнан тұратын үлкен топ құру мақсатында ықпалдастыру
Мына бейнежазбадан қандай ой түйіндедіңіздер? Сынып екіге бөлініп, алдымен жұптық жұмыс жүргізіледі. «құрылымдалған» қадағалау кестесін беру толтырады. Бейнежазбадан алған әсерлерін жазады.
Топтық жұмыс жүргізіледі. «Құрылымдалған»кесте бойынша 1 топ.
Жазба бойынша 2 топ.
Рефлексия
/10мин/ Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.
Мұғалім қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын «Үзінділер» деп атап, оған сабақ барысында өзінің назарын тоқтатқан, немесе толғандырған, келісетін, келіспейтін, қызықтырған үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Қағаздың оң жағы «Түсіндірме/ Коментаррий» деп аталады. Мұнда мұғалім сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді. Осы арқылы ол сабақ жөнінде өз ойларын, түсінігін, пайымдау мен уәждерін, дәлелдерін жария етеді.
Үзінді Түсіндірме/ Коментарий
Сыныпты қадағалау әдістемесі бойынша сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
2 сабақ Сабақтағы
іс-әрекет Тренердің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
/10 мин/ Жағымды психологиялық хал-ахуалды қалыптастыру.Сергіту сәті
«Аю отыр партада екі қолы қалтада, апай сабақ сұраса ұйықтап қапты масқара» өлең сөзін төрт жаңырға салу. /Эстрада, халық әні, рэп, опера/ Мұғалімдер әуенге салып ән салады.
1-тапсырма
25мин.
• Мәдениет сипаттамасының мәні. Кеңейтілген мәнмәтін
Ресурс:
Мәдениет дегеніміз не? (Білім беру платформасын қара )
.-« Автобус аялдамасы» Әр топ «мәдениет» сөзі туралы түсінігін (А 3) қағаз бетіне тұжырымдамалық карта ретінде салады.Топтан бір адам шығып, келесі аялдамаға барып, олардың идеясын түсініп, өз тобына келіп, соны қағазға түсіреді. Дәл солай қайталанады.15мин + 3 мин+ 2 мин +5мин. Әр топтан спикер шығып, қорғайды. Мұғалімдер жұптық және топтық жұмыстар жасайды.
2-тапсырма
25 мин Мектеп мәдениеті: Мектеп және мектеп мәдениеті туралы ұсынылған ресурстармен танысу.
Ресурстар:
Мектеп және сыныптағы ахуал (Білім беру платформасын қара).
Әлеуметтік, физикалық, эмоционалды, танымдық факторлар арқылы кестелерді толтыру. (Білім беру платформасын қара).
Мұғалімдер кестелерді өз жазбалары бойынша толырып, тренердің жазбасымен ортақ шешімге келу.
3-тапсырма
/15 мин./
Сынып мәдениеті туралы оқушының берген бағасы. Мұғалімдерді кестемен таныстыру.
«Білім ағашы»
/10 мин/
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта біз қандай мәселелерді қарастырдық?
Не үйрендік?
Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсызба?
Сабақ Сізге ұнады ма? Сабақтың ұтымды жерлері қандай болды?
Сабаққа қандай толықтырулар енгізер едіңіздер?
«Қос жазба күнделігі» әдісі
Үзінді Түсіндірме/ Коментарий
«Қос жазба күнделігі» әдісі
Үзінді Түсіндірме/ Коментарий