План урока школьного тренера Методика преподавания работы в группах


Сабақ жоспары
Апта, күн Күні:19.09.2016ж Тренер: Изеева Л.А.Өткізілген орыны: Орыс тілі кабинеті
Сабақ тақырыбы: 1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
2-сабақ: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
Жалпы мақсат: Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Екінші деңгей.Үшінші басылым. Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
Түйінді идеялар: Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен (Өлең жолдарымен Анашым, Әкешім, Ұстазым, Достар) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.
ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге
олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.
Сабақ барысы
1-сабақ • Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу. Сенімді қарым-қатынас түрлерін тізіп жаз. Топпен ортақ сипаттама беріңіз. Әр топ ең маңызды 2 сенімді қарым қатынас түрін атайды. Модерация жасалады.
• Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, олардың мазасыздануының сипаты мен табиғатын анықтау. Тыңдаушылардың мазасыздығын басуға болатын әдістер мен тәсілдерді іздеу және шығармашылық жұмыс үшін қажетті атмосфера құру.
Ресурс: «Танысу» сергіту сәтіне арналған жаттығу (Білім беру платформасын қара).Қаздар туралы 5 ереже. Видеоролик.
• Шағын топта жұмыс істеу ережесі.
Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі.
Ресурстар:
Таныстырылым: Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс (Үлестірмедегі 1 сабақ).
Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).
• Топтық жұмысты бақылау және бағалау.
Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.
Ресурс:
Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).
Бейнежазба: Ауысып отыратын топтар (Мультик про мотеваций).
Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу (Білім беру платформасын қара).
1-күн 1-2 сабақтар
1-сабақ • Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
Тыңдаушыларға тренерді таныстыру. Сергіту сәтін орындау.
Ұсынымдар: 15 адамнан екі сап құрыңыз, оларды беттестіріп тұрғызыңыз. Әр жұпқа 20 секундтың ішінде мүмкіндігінше көп адамдармен амандасып, сосын қарама-қарсы жаққа кетуді ұсыныңыз.
• Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру үшін мұғалімдердің жұп болып жұмыс істеуі.
• Тиісті кестелерді қолдана отырып, шағын топтарда жұмыс істеп отырған оқушылар туралы қысқа бейнежазбаларды қарау. Тиісті нұсқаулық негізінде топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында
мұғалімдердің пікірлерін талқылау және оларға арналған ұсынымдар бойынша шешім қабылдау.
Қосымша оқу: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2-сабақ • Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу.
• XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары. Диалогқа көмектесу мақсатында бейнежазбаны көрсету:
http://www.youtube.com/watch?v=rvyP-cwpHN8&feature=colike.
Қосымша CISCO таныстырылымын пайдалану ұсынылады. Ресурс: "Один день счастья"
Таныстырылым: ХХІ ғасыр дағдылары (Білім беру платформасын қара). Стикер, қалам, флипчартқа арналған қағаз.
● Мұғалімдердің көзқарастары: төменде көрсетілген ресурстармен танысыңыздар.Ресурстар:
Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? (Білім беру платформасын қара). Бейнежазба: «Оқушы үні» (Білім беру платформасын қара).
● Оқушылардың көзқарасы. Бейнежазбаны қарау. Ресурстар:
Мінсіз оқушының сипаты (Білім беру платформасын қара).
Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы (Білім беру платформасынқара).
● Мұғалімдердің құзыретті мұғалім туралы көзқарасы. Қазақстандық мұғалімдердің құзыретті мұғалім моделі туралы көзқарасын басқа елдегі мұғалімдердің пікірімен салыстыру.
• Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
• Бейнежазбалар мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.
• Әр қатысушы жұптың көргендері мен естігендерінің нәтижесі бойынша өз сезімдерін сипаттайтын анықтауыштарды айқындауы және жазуы. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету.
• Қарсы пікір білдіретін әріптестер үшін және ойлану қажеттілігіндәлелдеу және әріптестердің XXI ғасыр дағдыларына қойылатынталаптарға қол жеткізу мақсатында оқыту және оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін постер немесе PowerPoint форматында таныстырылым әзірлеу.
• Рефлексия «Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...»
1- сабақ
Сабақтағы іс-әрекеттер Тренердің іс-әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру:
(5 мин) Коучинг сабақтың қатысушылармен сәлемдесу. 1.Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру. Сергіту сәті: «Көңіл көтеру» Тыңдаушылар «Анашым», «Әкешім», «Ұстаздар», «Достар» өлең жолдарымен топтарға бөлінеді.
Топқа бөлу және топ ережесін құру
(5 мин) Мұғалімдерге әр түрлі валюта арқылы топқа бөлу. Сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстыру. Топ ішінде атаулы өлеңдерді әр топ айту арқылы сергиді.
Сурет көрсету арқылы ой қозғау
(5 минут) Миға шабуыл әдісі арқылы . Сенімді қарым қатынас сипаттамсы.
Жетелеуші сұрақтар:
-Сенімді қарым-қатынас түрлерін топ ішінде тізіп жазыңыздар.
-Әр топ 2 маңызды ұсыныстарыңыздан айталады.
Сенімді қарым-қатынас не үшін қажет, қай жерде? Әр топ бірлесе отырып тапсырманы орындайды.
Сенімді қарым қатынас сипаттамсын жасап, ортақ идеяларын ортаға салады.
Топтық жұмысқа әкеледі.
1 -тапсырма
(10 мин)
Қорғауға 2 минут Қаздардың тобындағы ұшуындағы 5 түрлі қарым қатынас түрі ойлайсыздар?
-Қаздардың топпен ұшуындағы қандай 5 қағида бар екен?
-Топтық жұмыстың сипаттамасын ата.
-Топ ережесін құру, Тыңдаушылар көрсетілімді көреді. Ойларын жинақтап, қорытынды жасайды.
Әр топ топ ережелерін құрады. Тізбектеп жазылған ережелерден әр топ маңызды 2 ережені атайды. Ортақ ереже құрылады.
Ақпарат
(5минут) Слайд арқылы ақпарат беру.
Топтық жұмыстың тиімділігі. Слайдтар көмегімен тыңдаушылар өз идеялары арқылы ой қорытады.
1 -тапсырма
(5 мин)
Қорғауға 2 минут Мұғалімдерге формат тарату және «Топтық жұмыс» сөзінің мағынасын ашу тапсырмасын беру.
Видеокөрсетілім « Мультик про мотивацию в команде»-талдау?
Топтық жұмыс тиімді болу үшін неістеуің қажет? Ауыстырып отыратын топтар. Мультикті талдау. Қорытынды шығару
Рефлексия
Кері байланыс «Білім ағашы»

(8 мин)
Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі
Кері байланыс жасалады. «Білім ағашы»
-Бүгінгі сабақта не білдіңіздер?
-Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?
-Тапсырманы орындауда қандай ерекшеліктерді байқадыңыздар? 2- сабақ
Сабақтағы іс-әрекеттер Тренердің іс-әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру:
(5 мин)
1.Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру. Сергіту сәті: «Көңіл көтеру» • Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу. «Телепатия» ойыны.
Сурет көрсету арқылы ой қозғау
(10 минут) • XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары. Диалогқа көмектесу мақсатында бейнежазбаны көрсету:
http://www.youtube.com/watch?v=rvyP-cwpHN8&feature=colike. Не үшін бізге өзгеру керек?
ХХІ ғасыр дағдылары деген не?
1 -тапсырма
(7 мин)
Қорғауға 2 минут Қосымша CISCO таныстырылымын пайдалану ұсынылады. Ресурс: "Один день счастья"
Таныстырылым: ХХІ ғасыр дағдылары (Білім беру платформасын қара). Стикер, қалам, флипчартқа арналған қағаз. Тыңдаушылардың таныстырылым бойынша ойларын жинақтау.
Ақпарат
(15минут)
● Мұғалімдердің көзқарастары: төменде көрсетілген ресурстармен танысыңыздар.Ресурстар:
Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? (Білім беру платформасын қара). Бейнежазба: «Оқушы үні» (Білім беру платформасын қара). Тыңдаушылар «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» сұраққа жауап беру үшін әр бір мұғалім жеке ойын қағаз бетіне жазады. Топтық ортақ идеясы «Ең маңызды ойлар» жазылып, модерация жасалады.
1 -тапсырма
(10 мин)
Қорғауға 2 минут ● Оқушылардың көзқарасы. Бейнежазбаны қарау. Ресурстар:
Мінсіз оқушының сипаты (Білім беру платформасын қара).
Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы (Білім беру платформасынқара). Тізбек ішінен «Мінсіз оқушының сипатынан » әр мұғалім ең маңызды бөлігін ретімен жазып шығады. Топтар қорғайды.
«Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы» көріп шығады. Салыстырады. Айырмашылықтарын талдайды.
Рефлексия
Кері байланыс жасалады. «Білім ағашы»
(8 мин) Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі
Кері байланыс жасалады. «Білім ағашы»
-Бүгінгі сабақта не білдіңіздер?
-Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?
-Тапсырманы орындауда қандай ерекшеліктерді байқадыңыздар?