Бастауыш сынып апталы?ын ?ткізу шаралары
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығының өтілуі туралы анықтама
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығы 10-17 наурыз аралығында болып өтті. Тақырыбы: «Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың жолдары» Мақсаты: Оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыру және шығармашылыққа баулу . Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамиды.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары apтады, шығармашылықпен жұмыс жүргізеді. Апталықтың өтілу жоспары алдын- ала жоспарланып, бекітілді. 10 наурыз күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Отаным- бақыт ордасы» тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Байқауға он үш оқушы қатысты. Бастауыш сынып оқушылар бір кабинетке жиналып отырды. Байқауды бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Смайлханова Ғалия жүргізді. Байқаудың өтілу барысымен, қойылатын талаптармен оқушыларды таныстырып өтті. Оқушылардың отан, туған жер, туған өлке табиғаты, оны қорғау туралы ойларын қозғай отырып әңгіме жүргізді. Оқушылардың сөзбен жеткізгендерін қағаз беттеріне түсірулері керек екені ескертілді. Әр сыныптан екі оқушыдан қатысуы тиіс еді, бірақ 4 а, 3 б, 2 б сыныптарынан бір оқушыдан қатысты. Оқушылардың қатыспаған себептері ауырып қалғандарына байланысты. Оқушылар тақырыптан ауытқымай сурет салды. Оқушылар салған суреттерін белгіленген уақыт ішінде салып бітірді. Оқушылардың салған суреттерін әділқазылар алқасы Е.Қ Байзақов пен М.С. Маметовалар көріп, өз ойларын ортаға салып, оқушыларға жүлделі орындар тағайындады. Төменде аты аталған оқушылар мақтау қағаздарымен марапаттады. 1- орын: Жолдасбек Назерке, Нұрқасым Сұлтан- 3а сынып, Серікқажы Айым- 2б сынып, Серік Мейірім, Еркінбекұлы Бақытбек- 4б сынып оқушылары. 2- орын: Алтайұлы Нұрбек- 1б сынып, Бельгибаева Сабина- 4б сынып, базархан Аяжан- 2б сынып оқушылары. 3- орын: Жекен Арнұр- 4 а сынып, Тұрдығали Балғын, Болатқан Бақтияр-1б сынып, Сапар Айғаным- 1б сынып, Қали Әлішер, Оспанбек Қуаныш- 3б сынып оқушылары.
Мектепалды даярлық 0 «а» сыныбында Утегулова Ш.Р. Тіл дамыту пәнінен «Көктем» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Сабаққа мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысты.
Нургалиева Г.Т. 2 «б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін кеңейту. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Сабақты психологиялық дайындықтан «Шаттық шеңбері» кезеңімен бастады. Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірлеріне Ол қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз арқылы жылы лебіздерін білдірді. Оқушыларды түстер арқылы үш топқа бөлді. Үй тапсырмасын сұрау арқылы өтілген тақырып «Сын есім» туралы жұмбақ шешті. Сөз табының ең басында тұрамын, Білесіңдер Кім? Не? Деген сұрағым. Сөйлемде ой иесі боламын, Етістікпен көркейемін толамын( зат есім). 2. Зат есіммен көршілес, Сынаудан бір сәт ерінбес. Кандай? Қай?деген сұрағым. Мен қай сөз табымын?(сын есім) Жаңа сабаққа жұмбақтарды шешу арқылы өтті. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөздерді зат есіммен байланыстыру арқылы сызбамен жұмыс көрсетілді. Слайт арқылы мынандай кесте көрсетіліп, өтілген сабақты қорытты: 1) Заттың сапасын білдіретін сөздер (жақсы, әдепті, жаман) 2) Заттың түр-түсін білдіретін сөздер (ақ қар, қызыл гүл) 3) Заттың дәмін, иісін білдіретін сөздер (ащы, дәмді, тәтті) 4) Заттың көлемін, аумағын, салмағын білдіретін сөздер (үлкен, кең, ұзын) Күн ретін жазып, кітаппен жұмыс жасалды. Мәтінді оқып, сын есімдерді тап. Оқушылар «Мүйізтұмсық» мәтіні бойынша сипаттап айтты. 413-жаттығу үлгі бойынша орындалды. Сергіту сәтін музыка ырғағы бойынша жасады. 414-жаттығуда зат атауларын сипаттап айтты. 415-жаттығуда ребус шешіп, жауабымен сөйлем құрастырылды. Ребустың шешуі: «түзу». Сабақты қорыту кезінде сындық ерекшеліктеріне кесте толтыру болды. Әр топқа тапсырмалар беріліп топпен жұмыс жасады. Сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп бағаланды. Сабақ бағдаршам тәсілі арқылы бағаланды.
Шынгожанова Ж.Г. 3 б сыныбында әдебиетпәнінен «Ақсақ киік» тақырыбында үлгі сабақ өткізді.
Слямжанова М.С. Мектепалды даярлық 0»б» сыныбында сауат ашу пәнінен «Г дыбысы және әрпі» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Нургалиева Г.Т. «Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді. Сабақ интерактивті тақтамен жүргізілді. Оқушылар үш топқа «Отан» «Достық» «Бейбітшілік» тобы болып бөлінді. Өздерінің дайындаған тақпақтары мен өлеңдерін, билер мен әндерін айтты.
3 а сыныбында Қамбарова Н. Әдебиет пәнінен «Көжек» тақырыбында сабақ өткізді. 1 бсыныбында Амиргазинова Ж.А. Ана тілі пәнінен «Бас әріппен жазылатын сөздер. Екі соқа» тақырыбында үлгі сабағын өткізді.
Смайлханова Ғ.И. 4 а сыныбында өзін- өзі тану пәнінен «Жақсылықтан жақсылыққа» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір- бірлеріне жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінді. Әр топ мүшелері рөлдерді бөліп алды. Топтарға топ ережесін құру тапсырылды. Әр топ өз ережелерін құрды. Баяндаушылар хабарлап оқып берді. Ой қозғау. Топтастыру стратегиясы. – Балалар, мына қағидалар қандай тарауға сәйкес келеді? Кесте құру. Сурет арқылы өткен сабаққа шолу жүргізілді. Оқулықпен жұмыс жүргізілді (әр топқа мәтіннің бөлігі берілді) «Джиксо» әдісі бойынша түсіну. «Бұлақ сылдыры» М.Көккөзов. Оқушылар топ арасында талқылады, түсіндірді, түсінді. Дәйексөз «Ешқандай жақсылық зая кетпейді» Үнді нақылы Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал- мәтелдерді оқыңдар. Оқушылар тапсырмаларды орындады. Сергіту сәті - музыка ырғағымен қимылдар жасау. Дәптермен жұмыс жүргізілді. Тапсырма : Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы ойланып жазыңдар. Оқушылар әр топтан шығып жазғандарын оқыды. Үш топқа тапсырма берілді. Берілген тапсырмалары бойынша оқушылар постер қорғады. Рефлексия. «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын қорытты. «Жүректен жүрекке» оқушылар шеңбер құрып тұрды. Мұғалімнің оң жағындағы бала бастап келесі балаға қолындағы жүрекше жастықшаны бере тұрып, өзінің жүрегінен шыққан тілек сөзін айтты, ары қарай жалғасты. Сабақтың тәрбиелік мәні зор, терең мағынада өтті.
Мухаметжанова Л.А.1 а сыныбында дүниетану пәнінен «Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар» тақырыбында үлгі сабақ өткізді.
Аталикова А.С. «Отаным- байтақ өлкем» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Смайлханова Ғ.И. «Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізді. Мақсаты: Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау стратегияларының тиімді әдіс- тәсілдерімен танысады, түсінеді, сабақтарында қолданады. Коучингкке он төрт мұғалім қатысты. Коучингтің тақырыбы хабарланып, қолайлы орта қалыптастырылды. Мұғалімдер әр түрлі гүлдер бойынша топтарға бөлінді. Әр топ рөлдерді бөліп алды. Топ ережесін құрып, жазды. Мұғалімдерге тапсырма СТО стратегияларының қай түрін сабағыңызға қолданып жүрсіз?
Мухаметжанова Л.А. «Табиғатты сүю, Отанды сүю» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Утегулова Ш.Р. «Қош келдің, Наурыз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Шынгожанова Ж.Г. «Ұлы жеңіс жасасын» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Слямжанова М.К. «Наурыз- жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Қамбарова Н. «Ер есімі- ел есінде» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Амиргазинова Ж.А. «Табиғатты аяласаң аяла» тақырыбында трбие сағатын өткізді.
1-4 сыныптар арасында «Құтты болсын, Наурыз!» тақырыбында наурыз тойы Ғ.И. Смайлханованың ұйымдастыруымен мектептің акт залында өтті. Сахна мерекеге арналып жабдықталып, безендендірілді. Барлық сыныптың оқушылары мен ата- аналары ұлттық киімдерін киіп, белсене араласты. Наурыз сөзінің мағынасы туралы толық түсінік берілді. Қазақ халқының салт- дәстүрлері мен ырымдары көрсетілді. Оқушылар ән шырқап, би биледі. Оқушыларға наурыз көженің жасалу жолы туралы мағлұмат берілді. Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы мағлұмат берілді.
Апталықтың өтілуі туралы қорытындысы «Кофе брейк» кезінде өтті. Бірлестік жетекшісі Смайлханова Ғ.И. слайд арқылы әрбір мұғалімнің өткізген сабағына тоқталып отырды. Мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Апталық жоспар бойынша жүргізілді. Әрбір өткізілген іс- шара өмірмен байланысты өтті. «Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «Ұлыстың ұлы күні» мерекелері қамтылған. Мектеп әкімшілігі тарапынан апталықтың өтілу барысы жақсы деп бағаланды.
Ұсыныс: Мұғалімдердің өткізетін сабақтары алдан- ала жоспарланып, бекітілсе; Мұғалімдер сабақта АКТ- ны еркін қолданса;