Мектептегі ?дістемелік ?ызмет (ма?ала)
Мектептегі әдістемелік қызмет
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет,ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. - деген болатын . Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Оны жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің мәні зор десек, оның мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің үздіксіз дамуына жағдай жасау, қолдау көрсету - мектептегі әдістемелік қызметтің басты міндеті.
Мектептің әдістемелік қызметтің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі функциялардан тұрады:
- мектептік педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, жұмыс тәжірибелерін жариялау;
- педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;
- мұғалімдердің пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру, өздік білімін жетілдіруді ұйымдастыру, теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу;
- жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;
- оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін белсенді түрде қолдануды ұйымдастыру;
- жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау – әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру;
- ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге кеңес беру.
Рудный қаласы №7 орта мектептің әдістемелік тақырыбы «Заманауи технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру» .Мұғалімнің өз білімін көтеруі өте күрделі құбылыс, өйткені айналаны қоршаған ортаның өзі - бағалы педагогикалық білім көзі болып табылады. Мұғалімнің өз білімін көтеру ісінде арнайы кәсіби жұмысты жалпы ағарту ісінен ажырату қиындығы жиі кездеседі. Мұғалімнің пәндік білім көтеруі өз мамандығына байланысты әдебиеттерді оқу, арнайы курс, семинарларға қатысу арқылы жүзеге асады. Ал, өз білімін психологиялық-педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады. Далдембаева Гүлнаш Тайкенжеқызы «Прима-шебер» қалалық конкурсының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталып, «Білім сапасын бағалаудың формалары мен әдістері» тақырыбы бойынша қалалық педагогикалық тәжірибелер қорына іс-тәжірибесін енгізгені үшін №10 куәлігі берілді. Өміржанов Сәрсен Қаукенұлы « Еңбекті оқытудағы ең үздік оқу шеберханасы» атты қалалық сайыста І-орынды иеленіп, Рудный қаласының білім бөлімінің «Еңбекке баулу пәнін оқытуды ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері» тақырыбы бойынша қалалық педагогикалық тәжірибелер қорына іс-тәжірибесін енгізгені үшін №12 куәлігі берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смағұлова Гүлжазира Ғиниятқызы республика бойынша «Лучший педагог-2012» атағын иеленді.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы жүргізілген жұмыстар осымен шектелмеуі тиіс.Біз өз жұмысымызда ізгілік және тұлғалық бағыттылық инновациялық педагогикалық парадигманың жүзеге асуын қамтамасыз ететін болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жасауды талап етеміз.
Әдістемелік бірлестік қызметінің жұмысын жетілдіру, әдістемелік қызметтегі ғылыми-зерттеу, педагогикалық кәсіби деңгейінің сапасын арттыру мақсатында мектебіміздің 9 бірлестіктің арасында «Үздік әдістемелік бірлестік» атты баннер сайысы өткізілді. Әдістемелік бірлестік қызметіне инновацияларды енгізу үрдісіне көмектесу, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды қолдау,ізденісін ынталандыру,мектепішілік педагогикалық инновациялар банкін құру, әдістемелік бірлестік қызметінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату міндеттерін қарастырып және де бірлестік мүшелерінің бір жылдық жұмыстарын қорытындылап,баннерге жинақтау жұмысы көзделді. Бірлестіктер ұйымшылдық, жауапкершілік танытып, белсенді қатысты. Сайыс жеңімпаздары Құрмет грамоталары мен сыйлықтармен марапатталды.
301117060960
29400553975
«Үздік әдістемелік бірлестік»-
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі бірлестігі.бірлестігі»
«
Сайыстан көрініс
Жалпы елімізде білім саласына қатысты жүргізіліп отырған басты саясатта өзін-өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады. Бұл бағытты біз жаңа формация мұғалімімен іске асырамыз. Жаңа формация мұғалімі дегеніміз, ол-педагогикалық құралдың бүкіл әлеуетін меңгерген , өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған,әлеуметік жағынан жетілген шығармашылық тұлға, білікті маман. Білім көкжиегін кеңейтуге белін бекем буған ұстаздардың әдістемелік шеберліктерін шыңдау-ұлы еңбектің қолында.
Рудный қаласы «№7 орта мектебі» ММ
директордың әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Л.Ш. Ахметова.