Тамыз ке?есіндегі ?ткізген коучинг сессия жоспары
КОУЧИНГ СЕССИЯ ЖОСПАРЫ Тақырыбы: «Білім беру жүйесінде автоматтандыруды информатика пәнінде пайдалану »Мақсаты:
Тәлім алушыларды ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруда информатика пәнін оқытуды автоматтандырудың маңыздылығын негіздеу.
Мұғалімдерінің кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау арқылы кәсіптік құзырлығын қалыптастыру
Міндеті:• Топтық әдіс тәсілдер арқылы тәлім алушылардың арасында сенімді, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. • Мұғалімдердің құзыреттілік туралы түсініктерін қалыптастыруа отырып,оқушылрға жаңашыл білім беруде білімдерін дамыту.• Тапсырмалар орындату• Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибеде енгізу арқылы мұғалімнің құзіреттілігі рөлі қаншалықты қажет екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру
Әдіс -тәсілдер: диалогтық оқыту, топтық, сын тұрғысынан ойлау, /тұжырымдамалық постерлер жасау/
Күтілетін нәтиже: - Мұғалімдер оқыту мен оқудағы өз құзыреттіліктерінің өзектілігін, тәжірибелік маңыздылығын түсінеді- Оқушының жеке тұлғалық дамуына, яғни оның өзін - өзі тануға жәнеөзіндік өсуі бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығын,шеберлігінің рөлі маңызды екендігі туралы түсініктері қалыптасады.Түйінді идея: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі-оқыту үдерісі сапасының негізгі ресурсы екендігі туралы тұжырым жасайды
Коучинг өткізу әдісі:
Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Барлықтарыңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
1.Сергіту кезеңі. «Гүл теру» тренингі. Мұғалімдерге сыйлыққа беретін гүлді таңдауды сұраймын. Шеңберге тұрғызамын. Көршісіне қолындағы гүлді сыйлауды және неліктен дәл осы гүлді таңдағанын сұраймын. Соның негізінде мұғалімдер бір-біріне «Саған раушан гүлін беру себебім, осы гүлдей ажарлы бол» деген сияқты жағымды сөздер айтылып беріледі. Ынтымақтастық атмосферасы орнағаннан кейін, алынған гүлдің түсіне қарай топтарға бөлінеді. Әр топ өздерін таныстырады. (топ ережесін қайталу)3. Миға шабуыл. Қалай ойлайсыздар білім беру беру жүйесінде автоматтандыруды қалай пайдаланса болады? Информатика пәнінде ше? Қаншалықты маңызды? 4. « Білім беру жүйесінде автоматтандыруды информатика пәнінде пайдалану» презентация слайд5 . «Инь мен янь» стратегиясы арқылы «Сабақты автоматты басқарудың» қандай артықшылығы мен кемшіліктері бар екенін талдау үшін ақ парақтар таратылады. Кейін стикерге ақылдасып қайталанбаған тұжырымдарды толтырып іледі.
6. Коучингті қорытындылау үшін Сіздерге алдарыңызға конструкторлар таратылады. Тапсырма: Берілген конструкторлардан өз тұжырымыңызды айтып отырып үй салу.
- Олай болса, бұл тек қана 1 үй. Оның үлкен мегаполиске айналуы барлығымыздың қолымызда. Біріксек алмайтын қамалымыз жоқ.
7. Кері байланыс. «Қоқыс, Білім қоржыны, Ет тартқыш». Мұғалімдерге рефлексия жаздыру. (стикерлерде)Бүгінгі коучинг сабағынан алған әсеріңіз,нені үйрендіңіз,нені білдіңіз? Не ұнамады? Не керек емес? Неге қол жеткіздіңіз (тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар кездесті, қандай сезімде болдыңыз) Не туралы әлі де ойланасыз?