Разработка урока по всемирной истории для 6 класса Вавилон


6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Вавилон
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы баяндау.
Дамытушылық: Қосөзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойы толықтай Вавилонға бас игені, Хаммурапидің ол елдердің құдіретті билеушісіне айналғаны жайлы айту.
Тәрбиелік: Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептелетінін оқушыларға жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс істейді, әңгімеге араласады, жаңа тарихи терминдерді дәптерге түсіреді, сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Картамен жұмыс.
Сабақтың жоспары:
Вавилонның өрлеуі
Хаммурапи заңдары
Б.з.б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1 сұрақ: Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген адаммен ондаған құлдары, ат бағушылары, музыканттары бірге жерленіп, оған қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.
2 сұрақ: Қала-мемлекеттер деген не? Олар қалай қалыптасты?
Жаңа сабақ:
Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге «Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын қарап шығуға тырысамыз.
Вавилон
Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.
Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына бағындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.
Қаланың архитектуралық ерекшеліктерін, қалай орналасқанын, тарихи ескерткіштерін айта келіп, төмендегідей сұрақтар қоямын:
Қаланың орталық алаңындағы үлкен қақпаның кіре берісіне неге кілем төселген? Ел кімге иіліп сәлем беріп жатыр? Қақпаға үлкен күйме жақындап келеді. Бұл кім болды екен? Оқушылар өз ойларын айтады.
Бұл кісінің кім екенін осы қаланың бір тұрғындарынан сұрайық. Қала тұрғыны-вавилондық бала рөлін бір оқушы ойнайды.
Вавилондық баланың әңгімесі...
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамыту бағытында жұмыс істеймін.
Оңтүстік Қосөзеннің бойынан табылған әлемдегі ең ежелгі заң үзінділерінде былай делінген:
186. Егер адам кішкентай баланы асырап алса, бірақ кейн ол бала өз әкесі мен шешесін тауып алса, онда бұл тәрбиеленуші өзінің әкесі мен шешесінің үйіне қайтып бара алады.
188. Егер қолөнерші жас баланы тәрбиелеу үшін алып, өз кәсібіне үйретсе, онда ол асырап алып өтем төлету арызы бойынша жауапқа тартылады.
Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттар көздеді? Өз ойларыңды білдіріңдер.
IV. Үйге тапсырма беру: «Ежелгі Вавилон туралы жақсы білетін жол бастаушы» байқауына дайындалу.