БАЯНДАМА: Біліктілікті арттыру ж?йесіндегі инновациялы? ?дерістер


55880-16764000Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі
БАЯНДАМА
Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық үдерістер
Салеметсіздер ме Құрметті Мұхит Сексенбайұлы және тамыз конференциясына қатысушы ұстаздар қауымы!!!
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты:
Республика мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін дамыту жобасы Зияткерлік мектептердің мұғалімдері стратегиялық серіктестермен бірлесіп дайындаған, үздік халықаралық тәжірибелерге сай деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне біліктілікті жоғарлатуды ұйымдастыруды көздейді.
Бағдарламаның міндеттері:
жаңа әдіс-тәсілдер бойынша негізгі теориялық білімдерін қалыптастыра отырып алған білімдерін сабақ үдерісінде тиімді және ұтымды пайдалануына жол көрсету және оны сабақ ідерісінде іске асырылуына барлық жағдай жасау, отандық мұғалімдер арасында кәсіби қоғамдастық құрып, оның белсенді жұмыс істеуіне дайындау.
Бағдарламаның нәтижесі:
жеті модуль бойынша негізгі тұжырымдамалық білімдерін және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;
өзіннің іс-жүзінде асырылған тәжірибесіне сыни тұрғыдан қарап ойлану, соның нітижесінде рефлексия жаза алуын дағдыландыру;
мектеп мұғалімдері арасында құрылған желілік қауымдастықтың жұмысына белсенді қатыса алауы.
12 жылдық оқытуға көшу жағдайында орта білімдегі менеджмент және көшбасшылық
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг бағдарламалары деңгейлерге бөлінеді:
Әр деңгей барлық модульдерді қамтып және екі айға жалғасатын дәрісхана ішінде (бетпе бет) және бір ай қашықтықта (онлайн) оқытатын біріккен оқыту бағдарламасы болып табылады.
Мен өзімнің жұмыс жасап жүрген Бестерек орта мектебімде 12 мұғалім деңгейлік курстарды тамамдады. Соның ішінде 1 мұғалім І-деңгей, 3 мұғалім ІІ-деңгей және 8 мұғалім ІІІ-деңгейді оқып бітіріп арнайы көтерме жалақы сертификатына ие болды. Алдағы уақытта тағыда 5 мұғалім курсқа жіберілетін болады. Сонымен 2012-2016 жыл аралығында 60 %-ке жуық мұғалімдер оқып шығады. Қазіргі таңда осы мұғалімдер жоғарыда аталған деңгейлік бағдарлама бойынша жұмыс жасап жүр. Сабақ үдерісінде бағдарламаның әдіс-тәсілдерін қолдану арқасында мектебімізде білім сапасы біршама көтерілгені байқалуда.
Үш айлық курсты тамамдаған мұғалімдерді «Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын қалай тәжірибеме тиімді енгізе аламын?  Заман талабына сай табысты, өзгерісті тез қабылдайтын, икемді маман болу үшін  не істеу керек? Өз жұмысымды  жаңа талаптарға сәйкес қалай ұйымдастыра аламын?» деген сұрақтар курсты бітіргеннен кейін де  қатты ойландырады. Осы бағытта көмек көрсете алатын  бағдарламаның ғылыми-теориялық негіздерін игерген, андрагогикалық принциптерді түсінетін мұғалімдерді  ұйымдастыра алатын  қауымдастық ғана. Сондықтан мұғалімдерді туындаған мәселелерімен, қиындықтарымен жалғыздан-жалғыз  қалдырмай, оларға қол ұшын беру, қолдау мақсатында әдістемелік жетекшілік етуді қажет деп таптық. Соған байланысты біздің мектебімізде биылдан бастап деңгейлік бағадарламаны оқып бітіріп сертификатталған ұстаздардың әдістемелік бірлестігі құрылған болатын.
Осыдан деңгейлік бағдарлама аясында мектепте өзара сабаққа қатысу, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, әдістемелік көмек және шеберлік сыныптары өткізілуде. Сонымен қатар түгел дерлік деңгейлік ұстаздар облыстық шеберлік орталығының желісіне тіркеліп, желілік қауымдастық шеңберінде деңгейлік курстарды бітіріп келгендер мұғалімдер, олар бастауыш сынып мұғалімдері Мухаева Зауре Тюлюбайқызы, Клушева Жамиля Манашқызы, химия-биология пәні мұғалімі Даньяров Қанат Дуйсенбайұлы және тарих пәні мұғалімі Копеева Салтанат Бақытқызы аудандық әдістемелік бірлестік секциясында аудан мұғалімдері арасында коучинг өткізіп, баяндама оқып өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал физика пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы аудандық әдістемелік бірлестік отырысында шеберлік сыныбын және «Жаңа толқын» облыстық әдістемелік шеберханасы аясында шеберлік сыныбын өткізіп арнайы сертификатпен марапатталған болатын. Және міне кеше ғана өткен «Жаңа толқын» облыстық әдістемелік шеберханасы аясында тағы бір ұстазымыз математика пәні мұғалімі Мухаева Шолпан Бекежанқызы шеберлік сыныбын табысты өткізді.
Сонымен қатар, оқу үдерісінде НЗМ-нің тәжірибесін ескере отырып қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерді енгізудің өзектілігі Республикалық онлайн семинарлар және онлайн сабақтарды өткізу мазмұны жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологияларды үйретуге, оқытуға бағытталған. Соған орай мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Абдирахманова Гульжайна Музаффарқызы, тарих пәнінің мұғалімі Копеева Салтанат Бахытқызы, физика пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы облыстық онлайн сабақтарын табысты өткізді.
Тағы бір айтып кететін жайт, деңгейлік курс мұғалімдеріміздің көптеген сабақ жоспарлары, баяндамалары және шеберлік сыныптары «СҚО бойынша ПҚ БАИ» деңгейлік бағдарламалар орталығы сайтының арнайы бөлімінде жарияланды. Бір сөзбен айтатын болсақ ұстаз қазіргі замаңғы жаңа формациялы ұстазы болуы керек.
Қорыта келе айтар болсам, осы ұсынылған деңгейлік бағдарламадан мен мынадай ой түйдім. Қазіргі заманда еліміздің мектептеріне тек қана жоғары деңгейдегі маман, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, мемлекеттегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан құзіретті мұғалім қажет екендігін түсіндім.