А?ЫЛШЫН ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН О?ЫТУДА ФЛИПЧАРТТЫ ?ОЛДАНУ
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН ОҚЫТУДА
ФЛИПЧАРТТЫ ҚОЛДАНУ
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, және де тілдік кемшіліктерді жойып, болашақта тілді тез игеруге көмектеседі.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде сөйлеу білім-білік дағдыларын меңгерту болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын талдай келгенде ағылшын тілін үйретуде мына бөлімдерге тоқталып өткім келеді:
-сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;
-ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту;
-грамматикалық құрылымы туралы түсінік қалыптастыру;
Білім беру стандарты бойынша міндет -ақпараттық –коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру. Осы орайда балалардың ағылшын тілін оңай, әрі тез үйренуіне, пәнге деген қызығушылығын оятуда жаңа ақпараттық технологияның бірі - флипчартты қолданамын.
Флипчарт бетіне бейнефильм қою, видео роликтер корсету, суреттерді орындарымен ауыстыру, орнынан қозғау, арнайы қаламмен тақтада жазу сияқты көптеген мүмкіндіктер қарастырылған және осындай жұмыстарды атқаруда керекті құрал-жабдықтары барлығы көрсетіледі.
Ағылшын тілін оқыту барысында коммуникативтік дағдыларды, лексикалық, фонетикалық, грамматикалық құрылымдарды түсіндіруде флипчарттың орны ерекеше. Мысалы, жаңа лексиканы меңгеруде, ағылшын тілінде сөйлем құрай алу білім- білік дағдыларын қалыптастыруда, балалардың ойлау қабілеттерін
дамытуға менің қолданатын флипчарттарымның бірі мынау
Балалар маркермен жұмыс жасайды. Кандай жануар нені жақсы көретінің тауып, сөйлем құрастырады. Eg. Cat likes milk. Бұл флипчартта мен жеңіл және күрделі тапсырмаларды бере аламын. Мысалы, dog likes carrots. Балалардың сөйлемді түсініп, қатесін тауып дұрыс белгілеуін қадағалаймын.
Балалардың жеке және топпен жұмысы.
Мына флипчартты киімдер тақырыбын қорытындылауда қолданамын. Балалар қысқы және жазғы киімдерді топтастырып сөйлем құрастырады. Мында балалар стрелкамен киімдерді қозғалтып апару арқылы өзін өзі тексере алады. Егер қолғап қыс суретінің үстіне тұрса онда дұрыс ал астына кірсе дұрыс емес.
Балалардың фонетикалық есту қабілетін, тындағанды түсінуге үретуде менің қолданатын флипчарттарымның бірі
Мында балалар тек қана мұғалімнің айтқанын ғана емес, ағылшын тілі ана тілі болып келетін диктордың айтқаның қайталайды. Бұл балаларға дыбыстың дұрыс айтылу ырғағын меңгеруіне зор ықпалын тигізеді.Әрі суретті схема арқылы балалар өлеңді тез жаттайды.
Флипчарт арқылы фильмдер мен ойындарды көрсетіп орындауға, видио роликтер мен видео жазбалар көрсетуге болады. Бұл әсіресе жаңа сөздерді, мәтіндерді түсінуге, сөздік қорды байытуға зор ықпалын тигізеді. Мысалы үй жануарларын балалар шынайы түрде көреді, тез есте сақтайды
Ағылшын тілінде берілген үлгі диалог балаларға сөйлемнің құрылымын дұрыс түсініп, ауыз екі сөйлеу барысында қатесіз қолдануға пайдалы.
Кішкентай балаларға ағылшын тілінің грамматикалық құрылымын меңгеру өте қиын. Бұл оройда да мен флипчартқа жүгінемін. Мысалы зат есімнің көпше түріне байланысты There is/ there are...құрылымын Eg. There is an apple on the table. There are three apples on the table. Балалар алманы қою арқылы заттың жекеше және көпше түрін
анықтап дұрыс сөйлем құрастырады, грамматиканы оңай игереді, әрі қызығушылықпен, ынта ықыластарымен берілген тапсырмаларды орындайды
Сондай -ақ ағылшын тілін оқыту барысында сергіту сәтін өткізуге зор септігін тигізеді. Балалар естіп қана қоймай, көзбен көріп қайталап, қимылдарды орындайды.
Ағылшын тілін ерте жастан үйретуде флипчарттарды қолданғанда мындай нәтижелер қол жеткіземіз: - балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады; - сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің саны көбейеді; - балалар жеке жұмыс істеуге үйренеді; - грамматикалық құрылымдарды оңай түсінеді; - сабақта уақыт үнемделеді; - - сабақтың сапасын артады. Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Балалардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын. Флипчарт сабақтар барысында балалар көп сөйлеп, оқытушылар аз сөйлеуге тиісті болады. Балалар жоғары белсенділік танытады.
Қорыта айтқанда,ағылшын тілі сабағында осындай қолданылған ақпараттық коммуникативті технологиялар баланың жаңа ақпараттарды меңгеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді, білім деңгейлері артады.