Саба?ты? та?ырыбы: Тісті? ??рылысы ж?не гигиенасы.


8-сынып
  Сабақтың  тақырыбы:  Тістің құрылысы және гигиенасы.
  Сабақтың мақсаты:    1. Білімділік. Оқушыларға  тістің құрылысы, тістің                              эволюциясы және  гигиенасы туралы кең  көлемдегі түсінік                                  беру.
Дамытушылық. Қосымша мәліметтер беру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып,танымдық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушылардың   тісті күтуге, тіс  ауруларының  алдын алуға және  гигиеналық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс:  Химия, математика, қазақ тілі.
     Сабақтың   көрнектілігі:  Слайдтар, тірек-сызбалар, суреттер, тест                                                           тапсырмалар, мақал-мәтелдер, топпен жумыс,                                                        бес  жолды  өлең.
 Сабақтың типі:   Жаңа білімді  меңгерту.
 Сабақтың түрі:    Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап.
 Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі.
а).  Оқушылармен сәлемдесу.
б).  Түгелдеу, журнал толтыру.
в). Қажетті  құралдардың қол  астында екенін бір                                                     шолып өту.
Үй тапсырмасын  сурау.
Қызығушылығын ояту. Слайд №2.»Терминдер кабинеті».
а). Асқорыту  жүйесіне жататын  мүшелерді атаңдар.
б). Ауыз қуысының   құрылысы қандай?   (1)
в).  Жұтқыншақ құрылысы қандай?            (2)
г).  Өңештің  құрылысы  қандай?                 (3)
д). Асқазанның  орналасқан орнын және құрылысын сипаттаңдар.    (4)
е).  Аш  ішек  қандай  бөлімдерден тұрады?      (5)
ё). Тоқ ішектің құрылысы қандай?                     (6).
       Слайд №3. Нақты сандар кабинеті.
а)  Сандарға анықтама беру.
11-13 см   ересек адамның жұтқыншақтын ұзындығы.
25 см   өңештің ұзындығы іші қуыс  бұлшықетті мүше.
5,5-6 метр,бұл адамның аш ішектің ұзындығы.
25-30 см,  аш  ішектің  асқазаннан басталған  бөлімі -ұлтабар.
1,5-2 метр, тоқ ішектің ұзындығы  аш ішектең екі еседей жуан.
7-8 см-дей  құрт пішінді тұйық өскін соқыр ішек болады.
Жаңа сабақ. Слайд №4.
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Отыз екі  мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он  алтысы үсті,
Он алтысы  асты.  (тіс)
Тістің құрылысы және гигиенасы. Слайд №5.
Әрбір  жеке тістің  сауыты, мойны және  түбірі болады. Тіс  сауытының сырты жылтыр  кіреукемен ( эмаль) қапталған. Кіреуке адам  денесіндегі ең  қатты ұлпа.  Оның  бір  шаршы  милиметр ауданы 400 кг-дай  салмаққа  төтеп береді. Кіреукенің  бұл  қасиеті, оның  құрамындағы  бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің  95% кальций фосфатының  қосылысынан тұрады. Бұдан басқа  оның  құрамында  Ғ.Си, Zn,Ғе, Si және т.б. заттар кездеседі.  Тістің қызылиектен шығып  тұрған  бөлігі -тіс сауыты.  Тістің келесі бөлімі-мойны.  Тіс мойны   арқылы  тіс ұяшықтарына цемент заты  арқылы бекиді. Тістің  үшінші бөлімі-түбірі. Тістің түбірі  жақ  сүйектеріндегі  арнайы ұяшықтарда орналасқан.
Ауыз қуысына  түскен  тағам алдымен  тістердің көмегі арқылы  шайналып ұсақталады да,  сілекеймен араласады.  Ауызда толық  шайналған, әрі сілекеймен  шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді.  Адамның  да тістері басқа сүтқоректі  жануарларға  ұқсас  жеке топтарға бөлінеді. Олар пішіні мен  қызметіне қарай күрек тіс, сойдақ тіс, кіші және үлкен азу тістер.
                   Тістің формуласы. Слайд №6.
Күрек тіс ( Incisivi )-i, инсизиви.( латынша)
Сойдақ тіс ( canini )-c, канини.
Кіші азу тіс ( praemolaress )- pm, праемоларесс.
Үлкен азу тіс  (  molaress )- m,моларесс.
Ересек  адамдарда 28-32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және  астыңғы жақ  сүйектеріндегі арнайы тіс  ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар.
Сәби дүниеге тіссіз келеді.Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістері шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер. 6-7 жастан бастап сүт тістері  түсіп, орнына тұрақты тістер шығады.12-14 жаста  толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең  соңғы үлкен  тістер 18-20 жаста шығады. Оларды кеш шықандықтан « ақыл тістер» деп атайды.
 Мұғалімнің сөзі.  «Тіс бүлінді дегенше,іш бүлінді.Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді»  деген сөздер тістің  ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.
Бұны екі жақ сүйектің бір  жағындағы тістер көрсетілген тіс формуласымен  білдіруге болады:    Слайд №7.
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
    Тісіңіз  бүлінсе.
   Тістің гигиенасы. 
    Тістің жадыға әсері.
Дәптермен жұмыс №211.  Төмендегі ұғымдардың  анықтамасын жазыңдар.
  Кестемен жұмыс    №212.
  Кестедегі тіс топтарының құрылыс ерекшеліктеріне  қарап,екінші    бағаннан          сәйкес  жауапты  табыңдар:
Құрылыс  ерекшеліктері                                                    Тіс топтары.
Үстіңгі беттері кедір-бұдырлы  А. Сойдақ тіс.
Үстіңгі беттері біртегіс  жалпақ                             Б.  Азу тістер.
Үстіңгі ұшы үшкірлеу                                            В.  Күрек тістер.
 Жауаптары: 1. Б.   2. В.   3. А.
 Білімді бекіту: 
     1-топ тапсырма. Тіс туралы мақал-мәтелдер.
Темекі тарту тістің ерте түсіп қалуына себепші.
Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы  жағдайларының барлығына  темекі себепші.
Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғайу, тіпті  қарайу құбылысы пайда  болады.
Темекі  шегу   тістің түсуі мен пародонтозға   шалдықтырады.
2-топ.  Бес жолды   өлең.
Зат есім.                ТемекіСын есім.              Зиянды, ұлы.
Етістік.             Сарғайады, қарайады, бүлінеді.
Сойлем.    Темекі денсаулыққа зиян.
Синоним. Шылым.
                                      Пайдалы кеңесТіс  ауруларынан сақтану  жолы.
     Қорытынды:
     Денсаулықты қорғайықшы,қорғайық                         Әдептен біз озбайықшы,озбайық!
                        Табиғатты қорғап жүріп бәріміз,
                        2030-ға Сыйлық етіп жолдайық                      2.Ата-анамыз, ұстазымыз,
                         Бір тілек айтарымыз.
                        Берекелі заман болсын,
                       Балаларын аман болсын.
Бүгінгі ашық сабағымыз,
Денсаулық  жайлы сөз еткен.
Көп нәрсені ұғып алдық,
Кетпейтұғын мәңгі естен.
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында.
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз   қуанышқа толсын.
 Үйге тапсырма: 43 бет. 138-141.  « Егер мен тіс дірігері болсам» тақырыбына эссе жазу.