Сызу п?нінен ашы? саба?: Тетікб?лшектерді? сызбалары мен эскиздері
Күні: 06.04.2016
Сынып: 9Б
Пән: сызу
Мұғалім: Исаева А.АСабақ тақырыбы : Тетікбөлшектердің сызбалары мен эскиздеріСабақ мақсаты:1. Білімдік: Білімдікті тетікбөлшектердің сызбалары мен сызық түрлеріне үйрету.2. Дамыту: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, саусақ маторикасын дамыту.
3. Тәрбиелік: Сызбаны ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.Сабақтың өткізу әдіс-тәсілдері: Ауызша, практикалық, көрнекілік.Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ өту барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі:1) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;2) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.ІІ. Үй жұмысын тексеру:1. Форматтардың өлшемдері мен белгілерін жазып көрсет?2. Сызбадағы рамканы қалай орындайды?3. Рамка сызығын сызба парағының шетінен қандай қашықтықта жүргізу керек?
ІІІ. Жаңа сабақ:Масштаб үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды. Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болу үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы – нәрсенің өз өлшемдерін өзгертпей салу.Тетік бөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб беп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығынан, оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың бірін таңдап алуға руқсат етіледі:Кішірейту масштабы: 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; ...Нақты шама: 1:1Үлкейту масштабы: 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; ...Масштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы; М1:4 – сызбада тетікбөлшек 4 есе кішірейтіліп, ал М2:1 екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді.Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем сызықтары, проекция осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.3. Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығыңдай болады. Ұзын түзу сызықтарын көрсету үшін қолданылды.4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Түзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан жүргізіледі.5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтарды жүргізу үшін қолданылады.6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбаның осьтік және центрлі сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызыктың жуандығынан 1,5 – 2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3 – 8мм, ал олардың аралықтары 3 – 4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.8. Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады, яғни S/3 ... S/2 тең. Бөліктерінің ұзындықтары 5 – 30мм, олардың аралығы 4–6мм болады.9. Үзілме сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1 ... 1,5 S-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен турады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты.бір бөлігінің ұзындығы 8 – 20мм-ге тең.Практикалық жұмыс: берілген сызбаны сызу, жасалу жолын түсіндіру.
Сергіту сәті (қозғалмалы)IV. Қорытынды:1. Тетік бөлшектің кескіні берілген, оның кескініндегі ұзындығы 40мм және масштабы М1:5. Тетік бөлшектің нақты ұзындығын анықта. 200мм2. Тетік бөлшектің ұзындығы 10мм, ал оның сызбадағы ұзындығы 25мм. Масштабты анықта. 2,5:13. сызық түрлерін атаңыз және сызып көрсетіңіз?V. Сабақты бекіту:Бүгін біз сабақта тетік бөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб беп атайтынын, дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығынан, оның натурал ұзындығына қатынасы екендігін, сызбада 9 түрлі сызық қолданылуы, олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар, олар тұтас жуан негізгі сызық, тұтас жіңішке сызық, тұтас жіңішке іркісінді сызық, тұтас ирек сызық, үзілме сызық, жіңішке нүктелі үзілме сызық, жуандатылған нүктелі үзілме сызық, жіңішке қос нүктелі үзілме сызықтар туралы білім алдық. .VI.Бағалау:1. Үй тапсырмасын бағалау.2. Сабаққа белсенді қатысқаны үшін баға қою.VII.Үйге тапсырма беру: Оқу, мазмұнын түсіндіру.