Сызба т?сіру. Мата?а пішу.
Класс 5а,б. Күні 01.02.2016 ж./04.02.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сызба түсіру. Матаға пішу.
Сабақтың мақсаты:
Алжапқыш және үшкіл орамал дайындау технологиясымен таныстыру;
Сызба жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал – жабдықтар: М1:4 масштабындағы сызғыш, қалам, қағаз, қарындаш, өшіргіш.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Сарамандық жұмыс.
Б нүкте биіктігінен тіктөртбұрыш жасаңдар.
Б нүктесінен алжапқыш енін белгілеңдер. ББ1 = Мжа:2+6
Б нүктесінен Ұ нүктесіне дейін алжапқыш ұзындығы: КҰ + ТБҰ Ұ нүктесінен көлденең сызық жүргізіңдер.
Б нүктесінен көкірекше ұзындығын қалдырып, көлденең сызық сызыңдар. БК = КҰ.
Б нүктесінен бастап көкөірекше енін белгілеңдер. ББ2 = 7 см.
К нүктесінен бастап бел сызығы бойымен көкірекшенің енін қалдырыңдар. КК2 = 8,5 см.
көкірекшенің бүйір жағын алып, Б2 және К2 нүктелерін қосыңдар.
Б нүктесінен бастап қалтаға орын қалдырыңдар.
КҚ = 7 см
ҚҚ1 = 7 см.
Қ1Қ2 =14 см.
Қ1Қ3 =15 см.
Үшкіл орамал сызбасын салу.
Б биіктікке тік үшбұрыш белгілеңдер.
үшкіл орамалдың ұштарының ұзындығы ББ1 = ББ2.
ББ2Б1 үшбұрышын сызыңдар.
Белбеу сызбасын салу.
ББ1 – белбеу ені – 5 см.
ББ2 – белбеу ұзындығы – Бжа + 30 см.
ББ2Б3Б1 тіктөртбұрышын белгілеп сызып шығыңдар.
Аспабау сызбасын салу.
АА1 – аспабау ені – 5 см.
АА2 – аспабау ұзындығы – 50 см.
АА2А3А1 – тіктөртбұрыш жасап, сызып шығыңдар.
Сызба бойынша лекало дайындап, матаға түсіреміз.
ІІІ. Қорытынды.
Оқушылардың жұмыстарын тексеру, бағалау.
Жұмыс орнын жинастыру.