Саба? жоспары Металдарды? жемірілуі (10 сынып)


Серебряково жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «  Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары.»
(10 сынып)
Өткізген: химия пәні мұғалімі Саттыкова К.М
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:  Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары.
Сабақтың мақсаты: 
1)Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары туралы  ұғымдарды еске түсіру.
2)Оқушылардың танымдық қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
3)Өз бетінше жұмыс істеуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдістер: «Ой қозғау», «Ұғыну», «Мағынаны тану», ұжымдық оқыту, оқулықпен жұмыс, проблемалық оқыту әдісі.Қажетті құралдар: интерактивті тақта, макет, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.сәлемдесу.кезекші мәліметі, оқушыларды түгелдеу.назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру-  «Ой шақыру» кезеңі.  «ИӘ» немесе  «ЖОҚ».      Әр жауап 1 – ұпай.1.  Мыс 2-топтың негізгі топшасында орналасқан. (жоқ)
2.  Мырыштың сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е бар. (иә)
3.  Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді. (жоқ)
4.  Мыс қиын балқитын металл. (иә)
5.  Мырыш екідайлы қасиет көрсетеді. (иә)
6.  Хром атомы ядросының құрамында 24 нейтрон бар. (жоқ)
7.  Мыс электр тогын жақсы өткізеді. (иә)
8.  Сумен, сұйытылған тұз қышқылымен мыс әрекеттеседі. (жоқ)
9.  Хром жемірілуге оңай ұшырайды. (жоқ)
10. Адам ағзасында мыс жетіспесе, қан аздық ауруы пайда болады. (жоқ)
- Айналуларды жүзеге асырыңдар.  «Химиялық эстафета»    Әр дұрыс теңдеу 2-ұпай.
А)   Fe→ FeCl2 →Fe(OH)2→ FeO →FeSO4
Б) Zn→ ZnO→ ZnCl2→ Zn(OH)2→ ZnSO4
-  Үй тапсырмасын қорытындылау.ІІІ.  Жаңа білімді меңгеру.1.  Сабақтың тақырыбын айқындау. (оқушылар)
- Слайдтан коррозияға ұшыраған металл бұйымның суретін көрсету, сурет бойынша не айтуға болады?
- Сабақтың тақырыбын жазу: Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары.
- Сабақтың мақсатын айқындау.2. «Ұғыну» кезеңі.- Оқулықпен жұмыс, мәтінді оқу, керегін түртіп алу.      (жұппен жұмыс)
1. Коррозия деген не? Қандай процесс?
2. Коррозияның бізге таныс және кең таралған түрі.3. Коррозия неден пайда болады?
4. Қандай металдар жемірілуге ұшырамайды?
5. Қандай металдар конструкциялар, аппараттар жасауға қолданылмайды? Неге?
6. Қандай металдар жемірілуге тұрақты? Неліктен?
7. Жемірілуге ең көп ұшырайтын металл.
8. Жемірілудің түрлері.9. Жемірілуден қорғау шаралары.
10. Жемірілудің қоршаған ортаға әсері.ІV.  «Мағынаны тану» кезеңі.-  Әр жұп берілген сұрақтарды қорғау.    (5-ұпай)
V. Білімді қорытындылау:Деңгейлік тапсырмаларІ-деңгейАйналымды жүзеге асырыңдар:
Fe2O3 → Fe → FeCl2 → Fe(OH)2
↓ ↓
FeO FeO
ІІ-деңгейМына жұптардағы қай металл коррозияға ұшырайды:
Al-Fe,Zn-Fe,Fe-Cu?
ІІІ-деңгейТұз қышқылы ерітіндісінде темірге мырыш жанастырылды.Осы құбылыстың сызбанұсқасын және реакция теңдеуін жазыңдар.
VІ. Рефлексия:
- Бүгінгі сабақта білдім.
-Қиындық туғызды.-Ұсыныс жасаймын.
VІІ. Бағалау. (бағалау парақшасы бойынша)
VІІІ.  Үйге: §6.6 190-196 –беттер.
№6, №7, №8