Арнайы киім ?ию, тігу технологиясы


Баяндама тақырыбы: Арнайы киім қию, тігу технологиясы.Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Эскиздік жоба 2. Материалдарды таңдау және негіздеу 2.1 Негізгі, астарлы және желімдеу маталарды таңдау 2.2 Тігін жібін таңдау 2.3 Уақ-түйек таңдау 3. Технологиялық бөлім 3.1 Өңдеу әдістерін және құрал-жабдық таңдау 3.2 Түйінді өңдеу тәртібі 3.3 Түйінді өңдеу Қорытынды Қолданылған әдебиеттер Кіріспе Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық – үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта - мата, зығыр, жүн, жібек, кендір - кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі. Жеңіл өнеркәсіп --материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу). 1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады. Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары. Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайы 2013 жылы Қазақстанның жеңілөнеркәсіп саласы 9 пайызға өсті, 2014 жылы да өсім сол қалпы сақталатын болады. Өткен жылдың негізгі жетістіктерінің арасында мамандар өндіріс орындарындағы техниканың жаңартылуын және қазақстандық өнімнің шетелдік нарыққа шығуын айтып отыр. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80%-дан астамы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады. Кіші және орта деңгейлі жеңілөнеркәсіп компанияларының саны 1100-ге жетті. Оның 600-і киім шығарып отырса, 300-ші текстиль, 200-і теріден жасалған өнімдерді шығарып отыр. Олардың арасында аяқ-киім де бар. Жылда отандық нарықтың ауқымы 8-9 пайызға артып отыр. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттар бар - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 - 450 мың тонна шитті мақта жиналады, елдегі табиғи шикізат - мақта талшығының өндірісі (жылына 130-170 мың тонна), жүн (15-20 мың тонна) және былғары шикізаты 7,5 млн. данадан астам, табиғи шикізаттан жасалған көрсетілген өнімге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киімнің әлемдік тауар нарықтарына экспорттау мүмкіндігі бар . Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөніндегі өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады.Отандық өнімнің басты артықшылығы – табиғи таза шикізат. Себебі, мақта, тері мен шикізаттың барлығы табиғи таза жолмен алынып, бұл өнім сапасын жақсы етуде.Ресейдің нарығында Қазақстанда шығарылған өнімдерге сұраныс бар. Бұл барлық өнім түріне жоғары болып отырған сұраныс. 2014 жылдың соңына дейін сарапшылар отандық өнімнің Қазақстанның ішкі нарығындағы үлесі 30 пайызға жетеді деп болжап отыр. Қазірдің өзінде жергілікті нарықтың ауқымы 5-6 млрд. долларға бағалануда. Өндірілген өнімдердің 40,5 пайызы маталарға, 50 пайызы немесе 22,5 млрд. теңгесі киімге тиесілі. Қазақстан нарығының 10 пайызы тері өнімдеріне тиесілі. 2013 жылдың 11 айында Қазақстанның жеңілөнеркәсіп саласы құны 16 трлн. теңге болатын өнімді шығарды. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80%-дан астамы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады. Саланың технологиялық даму перспективалары табиғи шикізаттың, өндірістік қуаттар мен адами ресурстардың болуына байланысты. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттар бар - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 - 450 мың тонна шитті мақта жиналады, елдегі табиғи шикізат - мақта талшығының өндірісі (жылына 130-170 мың тонна), жүн (15-20 мың тонна) және былғары шикізаты 7,5 млн. данадан астам, табиғи шикізаттан жасалған көрсетілген өнімге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киімнің әлемдік тауар нарықтарына экспорттау мүмкіндігі бар . Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөніндегі өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады. 2012-2014 жылдар* аралығында жеңіл өнеркәсіпте нақты көлем индексінің өзгеру және тауарлық өнім өндірісінің серпіні 1 суретте көрсетілген. Қазіргі таңда, Қазақстанда мемлекеттік қолдауымен көптеген жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар жұмыстарын жаңартты. «Almaty Cotton Plant» (АХБҚ) компаниясында мыңнан аса мамандар жұмыс істеуде, және де бұл компания жаңадан жабдықталып, өндірісінде модернизация жасады. Шымкент қаласында жаңадан тоқыма кәсіпорындары «Ю-Текс» ЖШС, «Қазақ- Орыс текстиль Альянсы» ЖШС, «Меланж» АҚ ашылып, жұмыс істеуде. Семейде жүнді алғашқы өңдеу фабрикасының негізінде былғары – үлбір кластері - «ҚазРуно» ассоциацияциясы құрылды. Еліміздің ұзақмерзімдік мамандардырылған экономикасын анықтайтын қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуы, міндетті түрде тоқыма және жеңіл өнеркәсіптерінең дамуына қарқынды әсер етеді. Ал жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері біздің еліміздігі шаруашылықтың және әлеуметтік кешеннің үлкен бөлігін құрайды. Әрине, Қазақ¬станның жеңіл өнеркәсібін Қытай, Италия, Түркия сияқты жетекші елдердің жеңіл өнеркәсібімен салыстыруға болмас, бұл саланың даму деңгейін жақсарту үшін көп нәрсе керек. Дегенмен бізде де жыл өткен сайын өнім өндіру көлемін ұлғайтып келе жатқан бірқатар табысты кәсіпорындар бар. 2014 жылдың қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара, жылқы терісінен былғары өндіру, сәбилер киімін, қалпақ және бас киімдер, табиғи теріден тігілетін және сыртқы киімдер өндіретін кәсіпорын¬дарда өндіріс көлемі артқаны байқалады. Отандық жеңіл өнеркәсіп нарығына Қытай үлкен әсер етіп отыр. Жыл өткен сайын өсіп бара жатқан жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сырттан тасымалдау отандық тауарларға айтарлықтай бәсекелестік тудыруда. Кәсіпорындардың 80 пайыздан астамының мемлекеттік тапсырысқа бейім¬делуі, олардың маркетингтік қызметінің әлсіздігі саланың дамуына кері әсерін тигізуде. Отандық жеңіл өнеркәсіптің басты түйткілдері – тиімділігінің төмендігі мен өтелімділік мерзімінің ұзақтығына байланысты инвестициялық тартымсыздығы, кә¬сіпорындардың іскерлік белсенділігінің төмендігі, кәсіпорындар қызметін маркетингтеудің әлсіздігі, өндірілетін тауарларды жарнамалаудың жоқтығы, негізгі қорлардың тозуы мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және айналым қаражатының жетіс-пеу¬шілігі болып тұр. Жалпы, эконо¬ми¬каның кез келген секторы сияқты жеңіл өнеркәсіп саласының табысты жұмыс істеуі үшін де елдегі макроэкономикалық ахуал, нарық көлемі, білім беру жүйесі, инновацияны дамыту және басқа да баршаға ортақ бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар керек. Негізгі бөлім Алматы Технологиялық Университеті — технолог мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. 1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі институтының негізінде Алматы оқу-консультация пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. институттының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды (1998). Онда: астық, ұн, жарма және құрама жем технол.; қантты өнімдер технол.; ашыту өндірістері технол. және шарап жасау, консерві және тағамдық концентраттар технологы; ет пен ет өнімдер технологы; сүт пен сүт өнімдері технологы; тағам технологы мен тамақтандыруды ұйымдастыру; тамақ өндірісі машиналары мен аппараттары; тоқыма өндірісі технол., тігін бұйымдары технологы; тігін бұйымдарын құрастыру; биотехнол.; тех. процестер мен өндірістерді автоматтандыру; экономика мен менеджмент (агроөнеркәсіп салалары бойынша); кәсіпорын экономика мен менеджменті (тамақ өнеркәсібі бойынша); тауартану мен тауарлардың тұтыну сапасын айқындау; халықаралық экономика қатынастар мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Институттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын-диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инженер-технолог, инженер-экономист, инженер-механик бітіріп шықты. Инситуттың ғылыми-зерттеу жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технологиясы, биотехнология, хим. технология, өнеркәсіп экол., ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған. 1999 жылы тамыздың 18 Қазақстан үкіметі № 1192 қаулысымен ЖАҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта құрылды, 2003 жылы желтоқсанның 15 АҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта тіркелді. 1998 жылы, университеттің ұйымдастырушылық құрылымын басқаруды жетілдіру мақсатында және жоғары білікті мамандарды дайындап, оның дамуына жаңа серпін беру үшін Жеңіл өнеркәсіп және дизайн (ЖӨжД) факультеті құрылды. ЖӨжД факультетінің негізгі стратегиялық бағыты жеңіл өнеркәсіп үшін шеберлік дәйекті сапасын қамтамасыз етіп, қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сай мамандар дайындап шығару. ЖӨжД-нің барлық кәсіби қызметі студентті ең қиын мәселелерді шешуге, үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге сонымен қатар, қандай да бір жағдайдан шыға алатын адамдарды басқара алатын және бәсекеге қабілетті маман оқыту үшін бағытталған Тоқыма және тігін өнеркәсібі ол адам қызметінің аудандары арасында онсыз қазіргі қоғамның дамуын елестету мүмкін емес болып табылады. Сондықтан, факультеті, оқу процесін жетілдіру және оның сапасын қамтамасыз етуді басшылыққа алған. Жыл сайын факультет, жаңа профессорлармен толықтырылып отырады, сонымен қатар, студенттер саны артып, қарқын алып келеді. Факультеттің ерекшелігі - педагогикалық дағдылардың өсуі, ғылыми-зерттеуді белсендіру және оқыту сапасын жақсарту. Эскиздік жоба Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған). Сән әлемінде әр мезгіл сайын жаңа сән тенденциялары мен ескі стильдер жаңа үлгіде қайта сәнге оралады. Сондай-ақ ешқашан сәннен шықпайтын киім үлгілері бар. Жаздың ыстық күнінде кез келген ару сәнді әрі әдемі болғысы келеді. Барлық дерлік нәзік жандыға жарасымды киімнің бірі - көйлек. Әр маусым сайын жаңа трендтегі киімдер үлгісін ұсынатын модельер, дизайнерлер базалық гардеробты ашық түсті көйлектермен толтыруға кеңес береді. 2015 жылдың жаз маусымының трендіне қандай көйлектер кірді Ақ түсті көйлектер Қысқа көйлектер жаздың ыстығында таптырмас киім үлгісі екені сөзсіз. Сондықтан қардай аппақ түстегі көйлектің бірін алып қоюыңыз керек. Сондай-ақ жазда той жиі болатындықтан, ұзын, жұқа матадан тігілген, төгіліп тұратын көйлек алуыңызға болады. Алайда, ақ түс көбінде қара торы қыздарға жарасымдырақ екенін естен шығармаңыз. Сары түсті көйлектер Биылғы көктем-жаз маусымының трендті түстерінің бірі - сары. Сондықтан лимон реңкінен бастап, қанық сары түсті көйлек, белдемше алуыңызға болады. Гүлді принт Жұқа, қымбат матадан тігілген бұл көйлектер кез келген аруға жарасатыны анық. Жеңсіз, жеңі бар, жағасы бар көйлектер осы жылғы жаздың трендіне енді. Сондықтан ашық түстегі, гүлді принтті көйлек гардеробыңызда болсын. Мұндай көйлекпен кездесуге, серуенге, сабаққа, жұмысқа да бара аласыз. Сондықтан өзіңізге ыңғайлы болатын, мақтадан тігілген гүлді көйлек алу артық етпейді. Ассиметриялы көйлек Ассиметрия сән әлеміне кіріп, бірде жылт етіп жоғалып кететін трендтердің бірі. Ағымдағы жылдың көктем-жаз топтамасында алдыңғы қатарға енген бұл тренд көптеген дүкеннің сөрелерінен орын тапты. Ассиметриялы көйлектер бойшаң қыздарға жарасымды. Сондықтан әртүрлі түстегі ассиметриялы көйлекті алуыңызға болады. Шілтерлі көйлек Екі жыл қатарынан салтанат құрып келген шілтерлі ақ көйлек биылғы жылы қайтадан сәнде. Өткен ғасырда жылдар бойы сән атрибутының бірі ретінде саналған шілтер мата қазіргінің дизайнерлерінің қолынан түсер емес. Кез келген аруды нәзік етіп көрсететін шілтерлі көйлектің өзіңізге жарасымды түсін таңдап, алуыңызға болады. Маллет көйлегі Өткен жылдың жазында тренд болған маллет көйлегі биылғы жылы қайтадан дүкен сөрелерінен орын алды. Дизайнерлер маллеттің жаңа үлгілерін, көйлекті үйлестірудің жаңа әдістерін таныстыра алмаса да, сәнқой аруларымыз маллетті қуана-қуана қарсы алды. 2. Материалдарды таңдау және негіздеу 2.1 Негізгі, астарлы және желімдеу маталарды таңдау. Атлас сипаттамасы, қасиеттері. Атлас матасы-барлық мерзімнің классикасы. Ол ацетаттан жасалғандықтан, денеде әдемі тұрады. Нашар жағы: Атластың күтімі оңай емес. Оның түсін сақтаймын десеңіз, тек қана қолмен, жылы суда мұқият жуғаныңыз жөн. Атласты кептіру де ыждаһаттылықты талап етеді. Ең ыңғайлы атлас - полиэстер атласы мен атлас эффектісі бар трикотаж матасы болып есептеледі.онымен қатар химиялық жолмен алынатын талшықтарды қосу арқылы дайындайды. Маталардың талшықтық құрылымы немесе тағайындалуы бойынша таңдау маталар ассортименті деп аталады. Талшықтар. Мата дайындауға арналған иірілген жіп алудың шикізаты. Мата қиындыларын мұқият қараған кезде оның жіптерден тұратынын көруге болады. Жіптер өзара ұзындық бойы және көлденең өріліп жатады. Жібек мата атаулары: Шифон (жұқа ,нәзік, мөлдір); Атлас (жұқа,құбылмалы түсті); Бархыт немесе панбархыт (тұтас түкті немесе шифон фонында өсімдік немесе геометриялық сурет құрайды); Табиғи жіпте жүн сияқты жоғары гигроскопиялық қасиетке ие. Ол ылғалды тез сіңіріп алады және тез кебеді. Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтпайды, ал жоғары температура мен күн сәулесі әсерінен басқа табиғи талшықтарға қарағанда, тезірек бүлінеді. Тоқыма фабикаларында жүн мен жібек талшықтарынан жіп иіреді. Иірілген жіп тоқыма өндірісіне жеткізіліп, онда түрлі маталар тоқылады. Маталардың қасиеті олардың талшықтық құрамына, талшықтарының өрілу әдістеріне және өңдеу ерекшеліктеріне байланысты болады. Матаның негізгі қасиеттеріне жатады: • Физикалық- механикалық • Гигиеналық • Технологиялық Физикалық – механикалық қасиеттерге жатады: Беріктік – бұл матаның жылтырауға қарсы тұру қасиеті. Қыртысталуы – матаның қысқанда немесе қысым түсіру кезінде пайда болатын ұзақ қатпарлар құруы. Шаршаулануы – бұл матаның ілініп тұрған кезде жұмсақ қатпарлар құру қасиеті. Тозуға төзімді – бұл матаның үйкелу, созылу, қысылу.ылғал, жарық, температура, тер әсеріне қарсы тұру қасиеті. Жүн маталар әдемі және мықты болады. Олардың жылуұстағыштық және тозуға төзімділік қасиеті жоғары болады, аз қыртысталады. Жоғары шаңжұтқыштық қасиетке ие. Табиғи жібек маталар – өте берік, әсем, жағымды жылтыр түсті, сипап көргенде тегіс әрі жұмсақ, аз қыртысталатын болып келеді. Матаның оң және теріс жағын мына тәсілмен табуға болады. 1. Мата жиектерінің шерттерінде тесікшелері болады. Тесікшелердің маңындағы мата іш жағына қарай дөңестеу болады. 2.Тегіс маталардың теріс жағы түктілеу болып келеді. Жеткілікті тығыз, бірақ жұқа және жеңіл, жақсы Драп, жағымды сенсорлы бетті. Аздап жүнге ұқсас, бірақ жұмсақ. Ол нысанын қоршап алып, формада ұстау үшін жақсы және жеткілікті серпімді жұмыс істейді.Сондай-ақ басқа да артықшылықтары: Суға төзімді , созылыңқы емес. Көп рет жуғаннан кейін түсі жаңа сияқты. Гигроскопиялық - Теріні салқындаты, ылғалды сіңіріп алады. Өтімді , теріге еркін дем беретін жайлылық және салқын сезім береді. Біздің киімдердің көбісі аналардың, әжелердің киімі осы штапелбден тігіледі. 50/50 - классикалық композиция, штапельді ағаш целлюлозадан, мақта және вискозадан табиғи талшықтардың қоспасы болып табылады. 60% мақта және 40% вискоза кем ортақ қатынасы. 50% мақта, 30% вискоза, 10% полиэстер, бірақ әлдеқайда аз үлесі полиэфир степлер болат қосу мүмкіндігін береді. Бұрынғыдай штапельді әдемі, ыңғайлы және берік. Жазғы балалар киімі, әйелдер жазғы сарафаны, көйлектер, юбкалар, кеудешелер, жаз ерлер футболкалары, күнделікті киім: халаттар, көйлектер, жазғы түн пижамалар барлығы шпальден тігіледі. Жылдың жылы мезгілі үшін арналған. Іс жүзінде кез келген киім, қапсырмалары тігілгеді. Ол жағымды, салқын, тері әдемі көрінеді. Отандық өндірушілердің сонымен қатар, Корея, Түркия және Индонезияда жоғары сапалы қапсырманы жеткізеді. Түрлері, штапельді мата, штапельді құрамына байланысты екі негізгі түрлері болып табылады: Blend (классикалық) - вискозадан тұратын мақта Dacron болуы мүмкін. Әдетте, бұл біздің елімізде вискоза жеткілікті,бірақ мақта нашар отандық мәселе болып табылады. Штапельді мақта - таза 100% мақта. Жақсы дем шығарады, тітіркенбейді, тіпті ең сезімтал теріге қаупі жоқ. Кемшіліктері: серпімділік жоғалады, күшті құрысып қамтиды. Кемшіліктерге қарамастан, мақта штапельді тактильді сезім пайда болуын жақсартады.Бұл талшықтардан бір түрін пайдаланып, жұқа, жеңіл және мінсіз тегіс беті бар жұмсақ шүберекті өндіреді. Нәзік және қолмен жуылады 40 ° C дейін температурада, жуғыш затқа таңдамайды, коррозиялық заттары жоқ.Теріс жағынан, марльымен немесе басқа матамен үтіктеу керек. Штапельді суық сумен шаяды, кейін жылы матамен үтіктесе ол жақсы пішіледі. Кесте 1 - Мата ассортименттері сипатамасы Мата аталуы Артикул Мата түрі Өрім түрі Талшықты құрамы, % Жіптердің сызықтық тығыздығы, текс Беттік тығыздық, г/м² 1 см2 салмағы Ені, см Қолданылуы Негізгі Жіп Арқау жіп Негізгі жіп Арқау жіп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Атлас 10138 Көйлектік маматериал табиғи 50%зығыр 50% мақта 133,3 200 355 110 110 Көйлектік 2.2 Тігін жібін таңдау Тігін жібінің сипаттамасы 7- кестеде және 8- кестеде уақ-түйек сипаттамасы енгізіледі. Кесте 2 - Тігін жібінің, иненің және тігістің өлшемі Тігін жібінің аталуы Жіптің сауда номері Сызықтық тығыздығы, текс Ине нөмері 1 см тігістің саны 1 2 3 4 5 «Экстра» мақта маталы жіп 60,6/3 16,5 x 3 100 4 3. Технологиялық бөлім 3.1 Өңдеу әдістерін және құрал-жабдық таңдау Матадан тігілген бұйымдардың тігістерін тегістеу үшін ЫЖӨ тәсілі қолданылады.Бұйымның сыртқы көрінісінің сапасы ылғалды-жылумен өңдеуге байланысты. ЫЖӨ тігін бұйымдарын дайындауда маңызды орын алады.Тұрмыста үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы – арнайы үтік үстелшесі. Бұл үстелшенің шетінде арнайы үтік ке арналған орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады. Үтікпен жұмыс істегенде, өте мұқият болу керек.ЫЖӨ жұмысын түрегеп тұрып орындайды. Үтіктеп жатқан затпен көздің ара қашықтығы 35-45 см-ден кем болмауы керек. Тігін бұйымдарының ЫЖӨ-нің негізгі әдістері – престеу мен үтіктеу. Сонымен қатар, бұрап үтіктеу қолданылады.Үтіктеу – үтіктің үтіктеу беті ылғалды матаның үстінен оған бірқалыпты қысыммен берілетін кезіндегі әдіс. Престеу – ылғалданған мата престің екі үтіктеу бетінің арасында қысылатын кезіндегі әдіс. Булап үтіктеу – матаға қысым буланатын үрленген манекенде және ыстық беттің көмегінсіз буланып булау көмегімен іске асырылады. Тігін өндірісінде электроқыздырғышты түтікті немесе спираль тәрізді үтіктерді қолданады, яғни тігістерді біркелкі қыздырумен, матаға жақсы жылу беру және электроэнергиясын үнемдеуді қамтиды. Бұйымды оң бетінен арнайы үтіктегіш мата арқылы немесе ішкі жағынан матасыз үтіктейді. Арнайы үтіктегіш мата ретінде жоғары температураға және ылғалға төзімді зығыр, қатқыл немесе ағартылған мата қолданылады. Түкті маталар (барқыт, плюш және т.б.) инелі бетті заттармен арнайы мата арқылы үтіктеген дұрыс. Олар негізгі матаның үтіктелуін қамтиды, ал түгі болса инелер арасында орналасады. Электрлі үтіктерден басқа электробулы және булы үтіктер, сонымен қатар қызыдырылған бетті үтіктегіш үстелдер қолданылады. Электробулы үтіктің ТЭН-ді термоөзгерткіші бар. Бу үтіктің бу жібергіш камерасына бу генераторынан резиналы шланг арқылы келеді. Бұл бу сонымен қатар матаны булау үшінде қолданылады, сондықтан үтік табанында арнайы тесіктері бар. Престің жұмыс органы – жоғарғы және төменгі престеуші әр түрлі пішінді және өлшемді (әр түрлі операциялар үшін) жастықшалар болып табылады. Төменгі жастықша бетін қатты немесе жұмсақ аралық матамен, ал жоғарғысын – торлы аралық матамен арнайы мата ретінде қаптайды. Булы қызу ылғалды мата буымен қосылады. Мұндай қыздырғышты пресстер жоғарғы сапалы ылғыалды жылулық өңдеуді қамтиды, бірақ пресстеу немесе бұйымды кептіруі (30-60с) бар. Булы престерді қолданудың тиімділігі буды сорғанда, яғни өңдеу уақыты шамалы екі есеге қысқарғанда жоғарылайды. Өңдеу уақытының қысқартылуы сонымен қатар құрама электробулы қызуды қолдануда болуы мүмкін. Киімді жеке тапсырыспен өндіруде негізінен гидравликалық престер, электромеханикалы тоқты не жеке булы генераторларды қолданады. Жартылай автоматты электромеханикалы тоқты престер киімдердің пальтолы – костюмді ассортименттерінің ішкі процесі үшін және соңғы ЫЖӨ арналған. Олар уақыт өлшемін, барлық технологиялық жібергіштерді (булау, престеу) өзгертулермен қамтылған, жеке булы генератор және құрама қыздырғыш жастықшалары бар. Гидравликалық әмбебапты пресс тұрмыстық қызмет көрсету өндірісі үшін арналған. Жоғарғы және төменгі жастықшаның қызуы электрлі. Жоғарғы жастықшаның қызу температурасы 80-нен 200 °С. Қызу температурасының өзгерту дәлдігі °С Үтікпен жасаланатын жылу-ылғал тәртібі Үтік түрі Үтіктеу тем-пературасы, °С Үтіктеу уақыты, с Ылғалдануы, % Электірлі булы үтік УТП – 4А 120 60 30 Cs – 394 KE – 2+1392. Фирма «Паннония» (ВНР) 120 60 30 ЫЖӨ жұмысын бөлшектің немесе бұйымның теріс жағынан орындалады. Қауіпсіздік ережелері 1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек; 2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек; 3.Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін онын бауын тексеру керек; 4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау керек; 5.Үтік токпен қоректеніп тұрғанда оны саусақ ұшымен тексеруге болмайды; 3.2 Түйінді өңдеу тәртібі Бұйымда түйінді өңдеу әдісін тандауда, дипломдық жұмысты орындаушы студент өңдірістік практиканы өткізген кәсіпорындағы қолданылған өңдеу әдісі мен технологиясының негізін қолданады. Жобаланатын бұйымның өңдеу тәртібін ұсынғанда таңдалған материалдар мен өңдеу әдістерін ескеру қажет. Өңдеу тәртібі жіппен, желіммен, дәнекерлеп біріктіру операцияларын орындау үшін таңдалады. Ол жобаланған бұйымның технологиялық операция реттілігі негізінде алынады. Бұнда бөлшекті біріктіру түрі, инешаншым мен тігістің түрі, тігістің жиілігі мен ені, ине мен жіптің нөмірі 17- кестеде көрсетіледі. Кесте 9 - Жіппен біріктіру тәртібі № Тігістің аталуы Тігістің конструкциясы Тігістің ені, см 1см тігістің саны Ине нөмері Жіп нөмері мақта, жібек, синтетика Қолданылуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 Сырып тігіп айыра үтіктеу 1.0 3-4 100 40, 50, 60, 80 65 Жан және иық қиықтарын біріктіру 2 Сырып тігіп, жатқыза үтіктеу 1.0 3-4 100 40, 50, 60, 80 65 Алдыңғы бойдғы артқы бойды, иінішті,жан және иық қиықтарын біріктіруде 3 Сырып, торлап тігу 1,0 2-5 90 40, 50, 60, 80 65 Жейдеге жағаны біріктіруде қоданылады 4 Айыра тігу 1,0 3-4 100 40, 50, 60, 80 65 Бұйымға өңірді, жеңге қаттаманы қосып тігуде қолданылады 3.3 Түйінді өңдеу Түйінді өңдеуде бұйымдағы барлық түйінді, сонымен қатар бұйымды біріктіру (жинау) түйіндерін көрсетеді. Бөлшектердің түйінін өңдеу схема түрінде, тігістің енін және біріктіру түрін көрсетіп беріледі. Бір бетке бір немесе бірнеше суреттерді жайластыруға болады. Жеңіл ассортименттер үшін барлық түйіндердің қырқынды түрі көрсетіледі. Сырт киімдер ассортименті үшін үш-төрт түйіннің қырқынды түрі көрсетіледі.   Қорытынды Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын,олардың ассортиментін және сапасын білу қажет. Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен,тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатын талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек. Суретші-модельер, құрастырушы, және технолог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оныңқасиеттерін біліп қана қоймай, киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетін өзгеруінің және осы өзгерісті бұйымның нақты пішімін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет. Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде Қазақстанда жеңілөнеркәсіп саласын дамыту нықтап қолға алынған.Бұл жолда көптеген жұмыстар жасалуда.Жоғарғы оқу орындарында жеңілөнеркәсіп саласының мамандарын даярлауда.Және болашақ мамандарға мемлекет тарапынан көптеген гранттар бөлінуде.Сонымен қатар кәсіпкерлерге де жағдай жасалуда...Көптеген несие жағдайларн ұйымдастырып ісінің өрге домалауына барынша көмек көрсетілуде.Елімізде жыл сайын сән үйлері,тігін цехтары мен кішірім шеберханалардың саны артуда.Жалпы қазақ тарихына үңілсек біздің қазақтың әрбір шаңырағында домбырамен қоса тігін машиналары да болған...Әже-апаларымыз өздеріне киім тігіп,құрақ құраған,ою ойған.Қыздарының жасауларын да өз қолдарымен жасаған!Қазақстан болашақта жеңілөнеркәсіп саласы дамып,әлемдегі экономикасы дамыған алпауыт елдердің арасында озып алға шығатын болады.Өйткені бұл қазақтың қанында бар қасиет,өнер! Ең бастысы өскелең ұрпақ өз елінің адал азаматы болып,қазақилықты ешқашан жоғалтпауымыз керекпіз! Қолданылған әдебиеттер : 1.Никитина Е.Д. Талғатбекова А.Ж. Киімді конструкциялау.- Астанa,2008ж 2.Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы.-Астана, 2008ж 3.Сатыбалдинова Б.С. Сәлімбаева М.А. Тігін өндірісінің технологиясы.Астана, 2008ж 4.Асанова А. Айдынбекова Ж. Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау. Астана,2008ж 5.Оралбекова А. Әбдіжаббарова С. Тігін өндірісінің жабдықтары.- Астана, 2008ж 6.Нұржасарова М. Кучарбаева К. Рүстемова А. Киімді дайындау технологиясы.-Астана,2008ж 8.Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы.—Алматы: Издат Маркет, 2006ж 9.Ермилова Е.В, Товченик И.А Технология.- Алматы, 2008ж Тәрбие.орг сайтынан Киімді конструкциялау және тігу технологиясы