Жіппен кестелеу ?ылыми жоба
Жобаның тақырыбы: Жіппен кестелеу
Жоба мақсаттары:
Білімділігі: жіппен бейнелеу өнерінің тарихымен, технологиясымен таныстыру, сарамандық жұмысты орындау барысында оқушылардың біліктілік дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамдарын қалыптастыру, өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру; Абстракты ойлану, қол қимылы координациясын дамыту, іскерлік дағдыларын қол еңбегінің басқа түрін орындау кезінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, мақсатына жете білу сияқты қасиеттерге, шыдамдылыққа, отыра білуге, зейін қоя білуге тәрбиелеу.
Жобаның міндеттері:
Жіппен кестелеуді үйрену
Қаржыны аз жұмсай отырып, өз қолыммен ерекше, әдемі зат жасау
Сәндік-қолданбалы өнерде шығармашылықпен жұмыс істеудегі дағды мен шеберлігімді жетілдіру.
Кіріспе білөм
Жіппен бейнелеу тәсілі (изонить) – жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі. Олардың негізі тегіс жерде қол инемен және жіптерден бейнелеу жасау. Көрнектелген қағаз бетіне тікке тартылған жіптер арқылы бейнелеу.Көріністің көркем сұлулығы әрбір инемен тескен тесіктердің берілген алыстыққа кезек - кезек тартылған және тікке кесіп өткен түрлі - түсті жіптерден пайда болады. Алғаш рет жіппен бейнелеу өнері Англияда ХVI ғасырда пайда болды. Англия ойшылдары ілгектеп бекітудің әдісін ойлап тапты. Олар ағаш тақтайшасына шеге бекітіп, оған жіпті керіп ілуді, осыдан үй тұрмысына әсемдік бұйым етіп алуға болатынын білді. Бұл техниканы Г.А.Браницский ойлап тапқан еді. Бертін келе жіп шеберлерінің сұранысына ие болып, тақтайшаға емес түрлі түсті картонға, барқыт қағаздарға канва матаға тігетін болды. Оған тігін жіптерді, мулина, ирис, машина жіптерін пайдаланады. Қол құралдарынан қайшы, циркуль, сызғыш, қарандаш қолданылады.
Жобаны орындау: Сонымен, біз қазір бірінші бөлмеге сәйкес бұрышты өзіміз толтырып жасап көреміз. Жұмыс барысында түр-түсінің үйлесім табуына ерекше көңіл бөлу керек. Әр түстің де өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы: Ақ түс- пәктіктің, тазалықтың белгісі. Қызыл түс – махаббаттың белгісі, шаттықтың белгісі. Көк түс – бейбітшіліктің, биліктің түсі, көгілдір аспан, көк ту, теңіз түсі. Алқызыл – өмір түсі, денсаулық, бақыт белгісі. Панно – құрастыру. Икебано – гүл шоғын құрастыру өнері. Коллаж – мазмұнды сурет. Эскиз – қағаз бетіне түсірілген сызба үлгі. Өрнектің контурын картонға сызып, нүктелерге бөлеміз және қалың үлкен нүктешелер етіп сызамыз. Арасы қанша жақын болса соғұрлым сурет әдемі, әрі көрікті шығады. Бірақ қиындау және көп жұмысты талап етеді. Қазіргі кезде жіппен бейнелеу өнері екінің бірінің қолынан келетін іс. Сондықтан да әдемі етіп бұйымдар жасап үйімізге іліп қойсақ үйдің сәні кіретіні сөзсіз. «Ұйымдасып істеген әрбір істің сәні бар.
Әр қимылдың өзінше ырғағы бар, әні бар», - демекші жіппен бейнелеудің әр түрлі әдіс тәсілдері бар. Бүгін мен изонить түрлерін тігіп көрсетемін « Шыдамды еңбек, алғыр ой, нағыз досың біліп қой» - дегендей изонить тігу шыдамдылықты, төзімділікті талап ететін еңбектің бір түрі.
Жұмыстың онындалу рет3:
-Картонның бетіне кез келген бұрыш сызу.
-Бұрыштың әрбір жағын 12 тең бөлікке бөлу.
-Төбесінен бастап әр нүктені нөмерлеу керек.
-Төбесінен басқа нүктелерді инемен немесе бізбен тесу.
-Инеге жіп сабақтау.
-Жіпті теріс жағынан скотчпен бекіту.
-Схема бойынша бұрышты тігу.
lefttop
Шеңберді тігу:
-Шеңбер сызу.
-Шеңберді 12 тең бөлікке бөлу.
- Барлық нүктелерді инемен немесе бізбен тесу.
- Инеге жіп сабақтау.
- Жіпті теріс жағынан скотчпен бекіту.
- Схема бойынша шеңберді тігу.
Идеяны талдау:
Менің жобаны жасаудағы басты мақсатым – өз қолыммен арзан, барлық жерден тез табылатын заттардан әдемі көрнекілік жасау
Менің ойымша, менің шеберлік деңгейімді ары қарай дамыту керек.
Бұйымның өзіндік ерекшелігі:...............................
Жобаның экологиялық негізі:
Менің жұмысым көп мөлшердегі ресурстарды, энергия шығыны, күрделі құрал-саймандарды, құрылғыларды, қымбат материалдарды қажет етпейді.
Мен тек қана қайшы, картон, ине, түрлі-түсті жіптер, скотчты қолдандым. Менің ойымша, бұл картинадан қоршаған ортаға зияын келмейді.
Жасалған бұйымды бағалау
Мен жұмысымды 8 –наурыз мерекесіне орай, жіппен гүлді кестелеп жасап шықтым. Себебі маған гүлдер өте қатты ұнайды. Гүлдер – көктемнің хабаршылары. Осы жұмысымды өзімнің ұстаздарыма және анама арнаймын