Саба? жоспары математикаКері есептер. Заттарды? ба?асы, саны ж?не ??ны арасында?ы т?уелділік. (3 сынып)


2016-2017 оқу жылы Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Өзара Кері есептер
Мектеп: №10 орта мектеп
Күні: 20.12.2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Досмаилова С.С.
Сынып: 3 «А» Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Кері есептер. Заттардың бағасы, саны және құны арасындағы тәуелділік.Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Бағасы,саны және құны арасындағы тәуелділіктің негізгі қасиеті жайлы айта отырып, оқушы түсініп оқуға үйреніп мәтінді дұрыс жазуда қолданады.
Сабақ мақсаттары Заттың бағасын, санын, құнын табу үшін өзара кері амалдар орындалатынын ұғына алады. . Ой өрісін, есептеу дағдысын дамытады.
Жетістік критерийлері Өзара кері есептер құрастыра алады.
Жылдам және дұрыс есептей алады.
Тілдік мақсаттар
Математикалық тілмен сөйлеп, өз ойын дәлелдей алады.
Құндылықтарды дарыту
Бір-бірін сыйлау, жылдамдық, топтағы татулық
Пәнаралық байланыстар Дүниетану
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, Көшбасшылық, Сын тұрғысынана ойлауды дамыту,Оүб және оқуды бағалау,Талантты және дарында балалармен жұмыс.
Бастапқы білім
Шаршының қабырғасы мен ауданы арасындағы, тік төртбұрыштың ұзындығы, ені, ауданы арасындағы тәуелділікті біледі. Жазбаша қосу мен азайтуды біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстарСабақтың басы
3-4минут
І. Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бірігу сәті .1-топЕң кіші төрт таңбалы сан
500 бен 500-дің қосындысы.
348 бен 652 санының қосындысы
2-кластың ең кіші бірлігі
999-дан кейінгі сан.
10жүздіктен тұратын сан.
2-топ
Уақыт өлшемдері:
1сағатта
60минут
1минутта
60секунд
Сағ, минут, секунд, тәулік, апта, жыл, ғасыр.
3-топ:
Дүкенде Қарындаш алдым.
Бағасы:30 теңге
Саны. 3
Құны : 90 теңге
Бағасы бірдей 2 өшіргішке 40теңге төледім.
Өшіргіш қанша тұрады?
4-топ
Құнын табу үшін бағасын санына көбейту керек.
Бағасын табу үшін құнын санына бөлу керек.
Санын табу үшін құнын бағасына бөлу керек.
Бағасы, саны, құны.
Заттың бағасы саны арасындағы тәуелділік .
Өзара кері есептер .
4-топқа дейін әр топ орындарын тауып отырған сәттен соң , бүгін осы төңірегінде есептер шығарамыз, өрнектер құрамыз дейді.
Ең соңғы 4-топ оқиды. Бағасы ,саны, құны арасындағы тәуелділік екенін айтады.
Қима қағаздар,
Сабақтың ортасы
25-30минут
Проблемалық сұрақтар:
1.Баға деген? Саны деген не? Құны деген не?
Иә, балалар сабағымыздың тақырыбына сай мақсатымыз қандай болды? Заттардың бағасы ,саны , құны арасындағы тәуелділікті түсіну. Қысқаша шартын жазу және есептеу дағдыларды қалыптастыру.
Жетістік критерийлері:
1.Есепті шығара алу, кері есептер құрастыруды меңгеру.
2.Уақыт өлшемдерін ықшамдау және жазбаша қосу мен азайтуды жетілдіру.
Ойын: Әр топ дүкенде тақырыбында көрініс қоюы қажет. 4-топ көрініс көрсетеді. Соңында қорытынды жасалады. Не істедік? Не аңғардыңдар? Қандай тәуелділік болды?
Жұппен жұмыс
Семантикалық карта беріледі.
Бағасы Саны Құны
30 теңге 4 ? теңге
? теңге Әр жұп оқып шығады, қалай орындағанын тексереді.
123-беттегі №1 тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындаймыз. Әркім өзін тексереді.
Топпен жұмыс
1-топ Ойын алаңының ұзындығы 40м, ені 9м. Ойын алаңының ауданын тап.
Осыған кері есеп құрастыр және оны шығар.
2-топ 4 жапсырма 320 теңге тұрады. Бір жапсырма қанша тұрады?
Берілгенге кері есептер құрастыр және оларды шығар .
3-топ.
Сурет бойынша есеп құрастыр.

100 теңге
Осы есепке кері есептер құрастыр.
4-топ. Тік төртбұрыш тәріздес ойын алаңының ұзындығы 16 м ,ені 10м. Осы алаңның ауданы қандай?
Кері есептер құрастыр.
Әр топ өз жұмысын қорғайды. Бағалау жүргізіледі. «Ишара» арқылы
Жеке жұмыс:
124-бет №4. А), ә)
Жеке жұмыс тексеріледі, талдау жүргізіледі.
Логикалық тапсырма: Әр топқа беріледі.
1-топқа Бірдей бес доп және үш қуыршақ осындай төрт доп және төрт қуыршақ қанша тұрса, сонша тұрады. Доп пен қуыршақтың қайсысы қымбат?(қуыршақ қымбат тұрады )
2-топқа Қағаз шаршының қабырғасы 1дм . ол қабырғасы 1см кішкене шаршыларға бөлініп қиылды. Осы кішкене шаршылардан жолақ құрастырылды. Сонда шыққан жолақтың ұзындығы қандай?(жауабы 100см )
3-топқа Тең қабырғалы үшбұрыш пен шаршының периметрлері бірдей. Шаршының қабырғасы 3см. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасының ұзындығы неге тең?
(жауабы:4см)
4-топқа 13 санын төрт1 цифры арқылы өрнекте .
Жауабы (1+11+1)

Сандар , заттар, суреті беріледі.
Оқулық 2014ж 1- бөлім , үлестірмелі қағаздар, А4форматы
Постер ,маркер.
Сабақтың соңы
8-10 минут Рефлексия. Сабақтың мақсаты қандай еді? Мақсатқа жете алдық па? Жетістік критерийлері орындалды ма? Өзің осы жетістіктерге жете алдың ба? Осы критерийлерге жете алған оқушыларды бағалау.бағалау жүргізу
Қорытынды.
Сабақтан сен жаңа өзіңе не алдың? Нені меңгердің? Стикерге жазу.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыИКТ арқылы тапсырмалар орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау

Бастапқы кезең:
Ортаңғы кезең:
Қорытынды кезең:


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------