?анайналым ж?йесі. Ж?рек пен оны? ?ызметі (ашык сабак)
Тақырыбы: Қанайналым жүйесі. Жүрек пен оның қызметіМақсаты:
1. Жүрек - қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын-алу шараларымен танысу;
2. Жаңа материалдық қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Жүректің қалыпты жұмысын жақсарту және зиянды заттардың жүрекке кері әсері барын ұғындыру.
3. Денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Жинақылыққа, зейін қоя білуге үйрету.Күтілетін нәтиже:
ақпаратты терең меңгереді;
талдайды, қорытады, бағалайды;
жаңа ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
таным әрекетінде коммуникативті қатынасты іске асырады;
Жұмыс түрі: оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс.Қажетті құралдар: «Қанайналым», «Жүректің құрылысы», кестелері, тонометр, секундомер
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту сатысы.
(оқушылар 6 оқушыдан 4 топқа отырғызылады)
І топ – «Кардиологтар» тобы
ІІ топ – «Гематологтар» тобы
ІІІ топ – «Валеологтар» тобы.
IV топ - «Фельдшерлер» тобы
Психологиялық дайындық (1 мин.)– Бір бірімізге күлімсіреп қарап, амандасайық. Демді терең ішке тартып, демді шығарайық. Біз байсалды, деніміз сау, қайырымды, мейірімді және ақ жарқын балалармыз. Бір-бірімізге тек қана жақсы тілектер тілейік.
Үй тапсырмасын тексеру 57 мин)- Құрметті болашақ дәрігерлер бүгінгі сабағымызға тоқталмас бұрын алдыңғы өткен сабақтарға шолу жасайық. Ол үшін алдымен сіздер білім сынағынан өтесіздер.
Сызықтық диктант
Дұрыс жауап - Қате жауап - 1. Қанайналым жүйесіне - жүрек пен қантамырлар жатады.2. Ересек адамдарда жүректің салмағы 250-300 г. 3. Жүрек қабырғасы 4 қабаттан тұрады, олар: перикард, эпикард, миокард, эндокард.4. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында қақпақша - қос жақтаулы.
5. Жүректің жұмысы – бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын жүрек циклынан тұрады. 6. Жүректің бір рет соғуына 0,8 сек уақыт кетеді. 7. Артерия қантамырлары – көмірқышқыл газына қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды.8. Капилляр қантамырлары адам шашынан 50 есе жіңішке.9. Үлкен қанайналым шеңбері жүректің сол жақ қарыншасынан басталады.10. Кіші қанайналым шеңбері сол жақ жүрекшемен аяқталады.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
«Миға шабуыл» стратегиясы (1 мин)– Біз бүгін адам организмі туралы білімді толықтыруды жалғастырамыз. Кәнеки, балалар, мен бірнеше жұмбақ оқимын, ал сендер шешуін табасыңдар.Таппайтын тағат,Тығулы сағат. (Жүрек)Сыртқа шығар жолы тұйық,Түсі шымқай қызыл сұйық. (Қан)– Бүгінгі сабағымызда біз сіздермен осы екі керемет механизмнің ауруларымен және олардың алдын-алу шараларын талқыға саламыз.
II. Мағынаны тану.
Бұл кезеңде топтарға өз мамандықтары бойынша тапсырмалар беріледі, сол бойынша олар "Фишбоун" немесе "Балық қаңқасы" стратегиясын пайдалана отырып постер қорғайды (постер дайындауға - 10 мин, қорғауға әр топқа - 5 мин, талқылауға әр топқа - 2 мин)
ПроблемаДәлелдерҚорытындыСебептері
III. Рефлексия:
Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына шақыр.
«Буриме» өлең жолдары.
...................................................... жатпаңдар
...................................................... тастаңдар
...................................................... жадырап
...................................................... бастаңдар.
Балаларды бағалау. Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын
«5» - апельсин - тәтті
«4» - алма – қышқыл
«3» - лимон – ащы
Қорытындылау
«Жүректерден жүректерге»
Сонымен балалар, бүгін қан айналым, жүрек тақырыптарын қорытындыладық. Бәріміздің деніміз сау, жүрек соғысымыз қалыпты болсын деп қолдарыңыздағы жүрекшеге осы сабақ туралы лебіздеріңізді жазып қалдырыңыздар.
Сау болыңыздар!
Үйге тапсырма