Ж?ректі? ??рылысы мен ма?ызы Смет Г?лжамал


«Бекітемін»
Тақырыбы Жүректің құрылысы мен қызметі
Мұғалімнің аты жөні Смет Гүлжамал №190 орта мектеп ,Қазалы ауданы ,Ақтан батыр ауылы 8-сынып
1 апта 5-күн 4Сабақ Уақыты
Сабақ атауы Жүректің құрылысы мен қызметі
Сілтеме атауы Биология анықтамалығы 8-сынып Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков. А.Соловьева
Биология әдістемелік нұсқаулық
Жалпы мақсат Оқушыларға жүрек, оның құрылысы мен қызметі жөнінде айта отырып, олардың айырмашылықтарын, бөлімдерін, атқаратын қызметтерін меңгерту.
Міндеттері Оқушының логикалық ойлауын талап ету тапсырмалары интелектуалды қабілетін дамыту ой өрісін кеңейту,танымдылық белсенділігін арттыру өз бетінше білім алу қорытынды жасау
Күтілетін нәтиже Оқушылар сабаққа белсене қатысу арқылы сындарлы ойлауға ,пікірлерін еркін айтуға ,өз ойларын жеткізіп талдауға машықтанады.
Негізгі идеялар Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру оқыту оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану оқыту үшін бағалау,сыни тұрғыда ойлауға талантты және дарынды балаларды оқыту АКТ ны қолдану
Тапсырмалар Wiki материалдары Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім –іс әрекеті
Жеке жұмыс топпен жұмыс диалог әңгімелесу,оқулықтағы сурет ,кестені пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне тірек сызба нұсқасын құрастыру Оқу іс –әрекеті
5-минут І.Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу,түгелдеу, сәттілік тілеу Топқа бөлу
1,2,3
25-минут
ІІ.Маңызын арттыру.
Психологиялық тренинг
1. «Көңілді қолшатыр»
Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына бүгінгі күнгі өзіңіздің көңіл күйіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз. Неше сым сонша сөз болу керек. Ол қолшатырды көршіңізге сыйлап, оның көңіл күйін көтеріңіз.
Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаз беріледі, оның артына 1,2 саны жазылып, оқушылар сан бойынша 2 топқа бөлінеді
ІІ. Үй тапсырмасы.
Біз адам ағзасының қаннан тұратынын білеміз.
1. Қан неден тұрады? (плазма және жормплы элементтерден)
2. Формалы элементтер дегеніміз не? (эротроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) 3. Олардың қызметтері қандай? (Эротроциттер қанға қызыл түс береді, лейкоциттер – микроорганизмдерді жояды, тромбоиттер – қанның ұюын қамтамасыз етеді.)
4. Қанда олар қанша тіршілік етеді? (э-120күн, т -7-10 күн, л – 4-2-4 күн)
5. Қан неге қызыл? (Себебі онда темір атомдары бар.)
6. Гемоглобин дегеніміз не? ( қанда оттегін тасымалдайды)
Сұрақ-жауап доминосы
Оқушыларға сұрақ-жауап жазылған үлестірме таратылады, бірінші оқушы қолындағы сұрақты оқиды, оның жауабы басқа оқушыда, ол жауапты, сосын сұрақты оқиды, осылай жалғаса береді.
Сұрақ: Жүре пайда болатын иммунитет
Жауап:
Сұрақ:Лимфоциттер деген не?
Жауап:
Сұрақ: Гемоглабин қандай қызмет атқарады?
Жауап:
Сұрақ: Лейкоциттер қандай түзіледі?
Жауап
Сұрақ: Фагоцитоз теориясын ашты
Жауап:
Сұрақ: Қанның ұюыны не әсер етеді?
Жауап:
Сұрақ: Гемофилия ауруы қалай сипатталады?
Жауап:Тромбоциттер
Сұрақ: Резус фактор дегеніміз не?
Жауап:
Сұрақ: Донар деген кім?
Жауап:
Сұрақ: Организмнің ішкі ортасы?
Жауап:
Жаңа сабақ
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбымыз бәрімізге мәлім .Ал жүрек –қан тамыр жүйесіне ең бастысы –Жүрек.Олай болса ақын ағамыз Мұқағали Мақатаевтің Жүрек арызы өлеңін тыңдайық
Оу,ием менің өзіңнен бұрын жаралдым
Алдымен менмен сонансоң сенсің жаралған
Басыңмен миың ақылың ,есің ,қимылың,аяқпен –қолың барлығы менен нәр алған
Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің
Бәріне көндім қателігіңді түзеттім
Төсек тартқызып ,төнгенде қатер басыңа
Айнымай,соқтың аялап сені күзеттім
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,
Жан ием ,сенің жақсылығыңды аңсадым
Өткіздім сені қаншама қауіп қатерден
Ал,енді маған демалыс берші шаршадым.
Қақың жоқ сенің дем алуға да ,соқпауға,
Қарсы барамыз оттарға,әр оқтарға
қақым жоқ менің дем алыс саған беруге
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!
1. Анықтау:
Оқушыларға тақырып бойынша қандай тұжырым білетіндерін анықтау.
1. Жүрек ол туралы не білесіңдер?
2. Жүрегіміз қайда орналасады?
3. «Жүрегі жоқ» деген сөзді қалай түсінесің?
4. Адамда жүрек қашан пайда болады?
2. Қатысу. «Біздің жүрегіміз» қызықты мәліметтер оқу (бұл диктофоннан айтылады)
«Жүрек» деп аталатын бұлшық ет әлемде махабаттың символы болып табылады. Гректер жүрек жанның арашасы деп ойласа, қытайлықтар бақыт жүректе деп сенген, ал египеттіктер эмоция мен интелект жүректе туады деп санаған. Жақында америкалық ғалымдар достармен көп араласу жүректің саулығын сақтайтынын анықтады. Адамның араласатын ортасы кеңейген сайын, оның жүрек ауруымен ауру қаупы азаяды екен. Мамандардың есептеуінше вальс музыкасы адамның жүрек ырғағына сәйкес келеді. Жүректің біздің өмірімізде алатын орны тым ерекше болғаны соншалықты барлық елде «Жүрек күні» аталып өтіледі, ол 25 қыркүйек. Бұл күні адам өміріндегі ең басты мүшеге ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар шведтік ғалымдардың зерттеуінше хор айтылғанда хорға қатысушылардың жүрек ырғағы бір үйлесімдікте болатынын анықтады.
3. Зерттеу
Оқулықпен жұмыс (Оқушыларға оқулықпен іздену үшін, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту мақсатында қарапайым логикалық сұрақтар қойылады. Оқушылар бұл тапсырманы жұппен орындайды. Сұраққа жауап беру үшін ол туралы білімдерін жетілдіру мақсатында кітаппен жұмыс жасайды)
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Ол үшін оқушыларды түрлі-түсті қағаздың көмегімен жұпқа бөлемін.
Миға шабуыл
1-жұп: Жүрек неге төрт камералы бөліп келеді?
2-жұп: Инфаркт миокарды ауруымен ауыратын адамдар жыл сайын ұлғаюда, неге? Жүрек миокарды ол не?
3-жұп: Неліктен жүректің жүмысын насоспен салыстырады? Айырмашылығы бар ма?
4-жұп: Жүректің суретін негеосылай бейнелейді? Шындығында жүрек осындай болады ма?
4. Түсіндіру.
«Қос шеңберлі дөңгелек үстел» оқушылар екі шеңберде отырадығ ішкі және сыртқы шеңбер. Оқушылар жоғарыдағы мәселені жұппен талқылап болғаннан кейін, шеңбердің сыртында орналасқан оқушылар орын ауыстырып, өз ақпараттары жөнінде бір-бірімен бөліседі.
5. Әзірлеу.
Топпен жұмыс
1-топ: «Менің жүрегім» ( топпен ақылдаса отырып, жүрек макетін жасау)
2-топ: «Жүрек – насос» (жүректі алмастыратын материал)
6. Бағалау.
Бүгінгі сабақтан меңгергенім
Менің бұған көзқарасым
Алған білімді пайдаланамын
7. Кеңейту
Оқушыларға «Жүрек – сезім», «Жүрек-мотор» деген көзқарас беріледі. Оқушылар төменде берілген сұрақтарды негізге ала отырып, бір көзқарасты қолдап, немесе теріске шығарады. Оған мысалы, дәлелі болуы шарт.
Тапсырмалар.
1. Жүрек миға бағынады ма, ми жүрекке ме?
2. Адам жақсы немесе жаман сезімді жүрегімен сезеді, осындай сезім жануарда да болады ма?
3. Адамның жүрегін ауыстырғанда оның өмірі, сезімі, түсінігі жүрегін берген адаммен байланысып, соның өмірін сүреді деген пікірлер қаншалықты дұрыс?
4. Адамның жүрегі оның дене бітіміне сәйкес болады. Жүректің үлкендігі мінезге әсер етеді ме?
5. Адам жүрегін жасанды жүрекпен алмастырса, онда ол жақсы көру сезімінен айырылады ма?
Қорытынды:
1. Есептер шығару. Әр топқа бір-бір карточкадан.
Тапсырма№1
Ауруханада екі баланы шатастырып алды. (Мысалға Ж жәнне Н) Бірінші ата-ананың қан топтары I және IV, ал екінші ата-ананың қан топтары I және III. Анализ нәтижесі бойынша Ж-да I қан тобы, ал Н-да II қан тобы екені анықталды. Балалардың ата – анасын табыңдар.
Жауабы: қан топтары I және IV ата-ананың баласы –Ж. Ал қан топтары I және III ата-ананың баласы –Н.
Тапсырма №2
Ата – анасының қан топтары II және III. Олардың баласында I топты қан болуы мүмкін бе?
Жауабы: ия, болуы мүмкін.
Тапсырма №3
Анасының қан тобы I, ал баласының қан тобы II . Әкесінің қан тобы қандай?
Жауабы: II немесе IV топ
Тапсырма №4
Баланың қан тобы I, ал оның қарындасыныкі IV. Ата – анасының қан тобы жайлы не айтасын?
Жауабы. Ата-анасының қан топтары II және III.
Тапсырма №5
IV топты қаны бар баланың ата-анасын іздеуге салды. екі отбасын тексере келгенде Бірінші отбасында әкесінің қан тобы II ,ал анасының қан тобы III екені анықталды.Екінші отбасында әкесінің қан тобы I, ал анасының қан тобы IV екенін дәлелдеді. Баланың ата-анасы қай отбасы?
Жауабы: Бірінші отбасы.
2. Тест жұмысын орындау.
1. Қан топтары қай жылы ашылды?а) 1900б) 1940в) 1865
2. Қан топтарын ашқан кім?а) Мечниковб) Ландштейнер және Янскив) Пастер
3. Бірінші қан тобының құрамында болады:а) ештеңе де болмайды
б) агглютиноген және эритроцитв) агглютинин
5. Екінші топты қанды құюға боладыа) 1 және 4топқаб) 2 және 4 топқав) 3 және 1 топқа
Жауаптары: 1- 2 - 3 – 4 – 5-
1.Бүгінгі сабақта не білдік?
2.Жұппен жұмыс жасау тиімді орындалды ма?
3.Әсіресе, сабақтың қай кезеңдері ұнады?
4.Бүгінгі сабаққа беретін бағаң?
Қорытынды кесте Терминологиялық диктант,сандар сөйлейді,тест Сұраққа жауап беру
Постер қорғау кретерий арқылы бағалайды
Тақырыптың ашылуы
Баяндалуы
Эстетикалық талғамы
5-минут
5-минут
5-минут ІV Білімді жинақтау және жүйелеу
Семантикалық карта Жұппен жұмыс
Жеке жұмыс
V.Оқушылар білімін бақылау және бағалау VІ.Сабақты қорыту ,
бағалау хабарлау Сабақтың жабдықтары Мультимедиа,интерактивті тақта ,маркер,қарындаш
Келесі тапсырмалар Келесі оқу Тәжірибелік сабақты бағалау Сабаққа өзгертулер енгізу Топтық жұмыстар қорғау,жұптық жұмыстар