Математика. Сандарды? модасы, ?згеріс ау?ымы
Күні: 17.04.2014
Пәні: математика сынып: 5 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сандардың модасы, өзгеріс ауқымы.
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, 5 сынып оқулығы: Т.А.Алдамұратова; Е.С. Байшоланов Атамұра, 2010.
№1212,1213. бетте.
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшек сан қатарының өзгеріс ауқымын, модасын таба білу біліктілігін қалыптастыру
Сабақтың міндеттері ●Ондық бөлшек сандармен қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындай білуі
●Танымдық ой-өрісін дамытуға ықпал ету
●Топпен жұмыс жасауға бейімдеу
Ресурстар 5 сынып оқулығы, сабаққа қажетті ресурстар, интербелсенді тақта, стикерлер
Сабақтың әдіс-тәсілдері диалогтық оқыту ,
топпен жұмыс
жеке жұмыс, жұппен жұмыс
Пән аралық байланыс жаратылыстану,
әдебиет
Модул Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, АКТ
Күтілетін нәтиже оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
Дерек көзі Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер
Сабақтың барысы:
I. Үйымдастыру кезеңі 3 минут
1. Гүлдің суреті бар мозайкалар арқылы 5 топқа бөлемін. Қорапшаға салынған сурет қиындыларын алып, бөлінеді. Әр топ көшбасшысын сайлайды. Таспада бірнеше гүлдердің аттары айтылады, суреттері көрсетіледі. Оқушылар бейне таспадағы гүлдер туралы слайд шоуды көріп, топтарына ат қоюы керек.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 8 минут
«Гүл сыйлау» әдісімен гулдер туралы жинаған мағлұматтарын айту.
III. Постерге жұмыс. 20 минут
Ресурста гүлдердің суреттері салынған, сол гүлдердің бойын есептеп - модасын, өзгеріс ауқымын табуы керек. Автобус аялдамасы әдісімен топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
IV. Оқулықпен жұмыс. 7 минут
№1212 , 1213
Есептерді дәптерлеріне жеке жұмыс жасайды, сосын жұппен жұмыс жасайды, сосын топпен жұмыс жасайды. Тақтаға кім шығып жазатынын, әр топтың көшбасшысы шешеді.
V. Сергіту сәті. «» 2 минут
VI. Бағалау. 2минут
Көшбасшы топтың мүшелерін бағалайды, ауызша- « жақсы», «өте жақсы», «орташа» деп.
Мұғалім жақсы жұмыс жасаған топты қол соғумен бағалайды.
VII. Екі жұлдыз бір тілек 1 минут
Рефлексия жазу.