Саба? жоспары. Ашы? т??ымды ?сімдіктер б?лімі. 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі. Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы, көптүрлілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктер туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалану. тез әрекет жасау, тез ойлау, нақты жауап беруге баулу.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану, СТО, PISA стратегияларын қолдану.
Көрнекіліктер: Ашық тұқымды өсімдіктердің суреттері, бүрлер коллекциясы, таблицалар.
Пәнаралық байланыс: медицина, экология, эволюция
Әдебиеттер: « Өсімдіктану» Р. Әлімқұлқызы, Б. Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы, 1997 ж; «Биология» Ж. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлқызы, Қ. Жұмағұлова 2002 ж Алматы « Атамұра»; «Өсімдіктер әлемі» Р. Сәтімбеков 2011 ж.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі
Сұрақ-жауап:
Ашық тұқымды өсімдіктер туралы не білесіңдер?
Бүрлер коллекциясын көрсете отырып, осы бүрлер қандай өсімдікте өсетінін ата.
ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі
Оқушыларды тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, топқа бөлу және ерекшеліктерін көрсету: тұқыммен көбейеді, тұқымы жемістің ішінде орналасады.
25869902133601472565213360 Тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымдылар Жабық тұқымдылар
Ашық тұқымдылар туралы жалпы мәлімет беру.
Өсімдіктердің ең ежелгі тобы, тұқымы қорғанышсыз бүрде ашық орналасады.
Ашық тұқымдыларға жататын өсімдіктермен таныстыру.
Оларға: қарағай, самырсын, балқарағай, арша, шырша, секвоя жатады. Суретпен жұмыс. Өсімдіктердің ерекшеліктерін атау.
Ашық тұқымдылардың сауалнамасы:
Шөптесін түрлері жоқ
Гүлі мен жемісі болмайды
Тамыр жүйесі, сабағы, жапырағы өте жақсы дамыған
800- ге жуық түрлері бар
Аталық және аналық бүрлері бар
Тек жел арқылы тозаңданады
Көп кездесетіні-қылқанжапырақтылар класы
IV. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру кезеңі
Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысының ерекшеліктерін жаз. (Тақтамен жұмыс)
113919024257100393001529019532251652901952291715290195480631533020-413385147320 Құрылысының ерекшеліктері
31108653200401362075321945
Арша туралы жаңылтпашты оқу
Тауға бер, аршаларды тамашала
Биік пе сол аршалар, аласа ма
Көргенде көп аршаны бала шаға
Кез келер тауда талай тамашаға.
Аршаның көркі өзіне жарасама?
Басқа ағаш сол аршамен таласама
Адамдар көп аршаға қараса ма?
Аршаны сұқ көздерден арашала!
V. Бекіту
RAFT стратегиясын пайдалана отырып, қылқан жапырақты өсімдіктердің рөліне ен. Олардың адам өміріндегі, табиғаттағы рөліне ерекше назар аудар
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі. Бағалау кезеңі
& 22 оқу, ашық тұқымды өсімдіктер туралы жұмбақтар, мақал- мәтелдер жазып келу.