Биология п?нінен 6 сынып?а арнал?ан ?мж та?ырыбы Ашы? т??ымды ?сімдіктер
Сабақтың қысқа мерзімді жоспары.
Аты жөні жұмыс орны Жунусова Анар Жанатовна Пәні : Биология
04.02.16ж Сынып: 6 «В»
Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.
Мақсаты :
(SMART,орта мерзімдегі жоспар) Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және олардың көптүрлігі туралы білім алуына,түсінуіне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
(орта мерзімдегі) Оқушылар тұқым түзіп жер бетінде өсімдіктердің түрлері тұқым арқылы таралатынын, олар ашық жабық гүлді өсімдіктер деп білетінін біледі. .
Табыс критериі: Ашықтұқымды өсімдік қандай болады және танысады.
Негізгі идеясы: Ашықтұқымды өсімдіктердің құрылысы,көбеюі ерекшеліктерін,жер бетінде таралуын түсіну,біліктілігін арттыру биологиялық терминдерді есте сақтау.
Оқулық :
(ҚР ҒБМ ұсынған) Жұмағұлова Қ, Қожантаева Ж,Атамұра2015ж.
Сабақтың барысы /мұғалімнің ескертпелері:
Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурсы
Формативті
(ОдО) Суммативті (ОО) 5 мин. Шаттық шеңберінде тұрып «Ыстық алақан» әдісімен бәріміз бірге сәттілік тілеу. Шаттық шеңберінде тұрып «Ыстық алақан» әдісімен бір-бір-біріне тілек тілеу. 2мин Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.Түрлі түсті фигуралар арқылы. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды топқа бөліп топ басшыларын сайлау Сурет
7мин «микрафон»әдісі
1.Плаун қандай жерде өседі?
2.Плауның құрылысы қандай?
3.Плаундар қандай жолмен көбейеді?
4.Плауынның спора жетілген масағы қандай өркенде жетіледі?
5.Плауындардың спораларынан не пайда болады
Оқушылар бір –біріне микрофон арқылы бірінші топтан бір оқушы келесі топқа сұрақ қояды. Топ басшылардың топтағы оқушыларды бағалауы 3мин
Жұмбақ
1.Өзі таудың бөктерінде өседі.
Жаңа жылда үй төріне көшеді.
( шырша )2. Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар мізбақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады.
( Қарағай )Электрондық оқулық Оқушылар ойланып жауап береді
Оқушылар мұқият тыңдайды. 15мин
Мәтінмен жұмыс 1топқа Ашық тұқымды өсімдіктердің қырықжапырақтәрізділерден қандай ерекшеліктері бар?
2топқа. Балқарағайдың өзге қылқан жапырақтылардан айырмашылығы неде?
3топқа. Ашық тұқымдылардың адам өмірне пайдасы.
4топқа.Қарағайдың аталық бүрінің құрылысы қандай.Тозаңдану қалай жүзеге асады. Оқушылардың алдына таратпа материалдар таратып беремін өздері оқи отырып постер қорғайды.
Әр топ бір-бірінің жұмысын бағалайды
Әр топтан 2-3 оқушы ойын айтып кетеді. Топ басшыларының балдық жүйемен белгілеуі Қарама–қарсы сұрақтар
1.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады? (2 бөлімнен: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді) және жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде))
2.Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасса қандай өсімдіктер деп аталады? (ашық тұқымды өсімдіктер)
3.Ашық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқыммен көбейеді)
4.Ашық тұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар)
5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады? (сүрек)
6.Ашық тұқымды өсімдіктердің ең көп таралған түрлері (қылқан жапырақты өсімдіктер)
7.Қылқан жапырақты өсімдіктердің бұлай аталу себебі неде? (себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір)
8.Қылқан жапырақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (қарағай, шырша, самырсын, арша)
9.Жер ғаламшарында қанша қылқан жапырақты өсімдіктер бар? (600-ге тарта)
10.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? (жарық сүйгіш, діңі жуан, ашық далалы жерлерде өсетін өсімдік)
11.Қылқан жапырақтылар қандай тамырлы? (кіндік тамырлы, одан жанама тамырлар тарайды)
12.Ұсақ тамыршаларда не түзіледі? (микориза түзіледі)
13.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің)
14.Ағаштың қабығы, сүрегі, өзегі қайда болады? (діңінде)
15.Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі неде? (көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады?)
16.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында)
10 мин
Қортынды
Кері байланыс. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерінен білу.Топ басшысының топ мүшелерінін бағалауы. Мұғалімнің бағалауы Оқушыларға стикерге сабақ туралы ойларын жазғызу. 3мин
Үй тапсымасы Ашықтұқымды өсімдіктер қосымша хабарлама дайындап келу. №20 зерт аяқтау,кесте толтыру дәптерге мәтінді мазмұндау. Мұғалімдердің ескертулері /Рефлексия:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мұғалім :