Грамматикалы? ойындар ар?ылы ?аза? тіліне ?йрету.


Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы
№ 33 «Алтын дән» балабақшасының шағын орталығы
Қазақ тілі мұғалімі, 1-санат
Грамматикалық ойындар арқылы қазақ тіліне үйрету.
Мектепке дейінгі мекемелерде өтілетін қазақ тілі сабағының ең басты мақсаты – балаларды ауызекі сөйлесуге, сөздердің мағынасын жетік түсінуге, сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, өз ойларын шағын әңгіме түрінде баяндауға және қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айта білуге үйрету. Сонымен бірге балабақшаларда балаларға қазақ халқының салт – дәстүрін, әдебиеті мен өнерін, Қазақстанның табиғаты мен оның байлығын, қазақ халқының басқа ұлттармен ынтымақты өмірі туралы мағлұматтар беру арқылы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын артыра түседі. Балалардың сана – сезіміне ата-бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерін жеткізіп, көрнекі құралдар мен ойын арқылы қалыптастыру. Әр сабақта ойын түрлері қолданса, ойын әдістері көбірек қолданса, ойын ситуациаларды дұрыс пайдаланса балалардың тілдері жетік жаттығады, сөздік қоры молаяды.
Балаларды ойын және ойынның көрнекі, техникалық құралдарын пайдалана отырып сөйлем құрауға, сөйлеуге дағдыландырады.
Граматикалық ойындар арқылы сабақта балалар түрлі жағдайларға, оның шешу жолдарына үйренеді. Ойын баланың логикалық қабілетін, белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Балалар жақсы ойындарды шынай ынтасымен, белсенділікпен ойнай отырып сабақта алған білімін толықтырады, дамытады, Ойынды тез үйренемін деп ізденімпаздығы артады, шығармашылық қабілеті дамиды.
Мысалы, мектепалды даярлау топтарға тілдегі дыбыстардың бір ең маңызды саласының бірі - қазақ тілінің төл дыбыстарын үйрету және дұрыс айтуға жаттықтыру.
«Ә» дыбысын анық айта білуге жаттықтыру және дұрыс естіп ажырату.
Әдемі әтеш
Таң атпай тұрыпты,
Ойқастап жүріпті,
Жан – жаққа қарапты,
Айдарын тарапты.
Халық ауыз әдебиетінің саласы - жаңылтпаш арқылы «Ә» дыбысын меңгерту:
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе?
Әсем әсем бе?Әсел әсем бе?
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
«Кім жылдам» ойыны.«Ә» дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталатып жылдам айтады:
әже, әке, ән, сән, әсем, әтеш, әбдіре, әдемі, әлем, сәлем.
2. «Ө» дыбысын анық айта білуге жаттықтыру.
Көзі,
Өзі
Өзіме ұқсайды.
Бұл кім?
Бөпем,
Бұл менің бөпем.
«Кім қалай дауыстайды?» ойыны. Ойыншық сиырды немесе сиырдың суретін көрсетіп, мынау не? деп сұрақ – жауап әдісі арқылы айтқыза отырып, дыбысты бекіту.
Мө-мө-мө-мө , - деп сиыр мөңірейді.
Ол неге мөңірейді?
Шөп жегісі келіп тұр.
Мө-мө-мө-мө,- деп мөңіреп тұр.
Жаңылтпаш
Көбелек- бөдеде,
Бөдене- көдеде.
Бөде не?
Көде не?
Өрмекшінің өрмегі - өрмек,
Өрмекшінің өрмегі - өрнек.
Бөдене
Бөдене, бөдене,
Бұғып қалып көдеге,
Ұстатпайды қусам да,
Тойғызар ем бөдеге.
«Кім жылдам ?» ойыны.«Ө» дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталатып жылдам айтады: шөп, көп, көз, сөз, төл, көл, өрік, өзен, өгіз, өлең, көлеңке, өмір, көңіл.
3.«Қ» дыбысын анық айта білуге жаттықтыру. Қарғаның, қаздың суретін көрсетіп, мынау не? деп сұрақ – жауап әдісі арқылы айтқыза отырып, дыбысты бекіту.
Қа-қа-қа-қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Қа-қа-қа қаз, қаз, қаз
Тақымыңды жаз.
«Кім жылдам ?» ойыны.«Қ» дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталатып жылдам айтады: қой, қоян, қаз, лақ, қақ, жақ, сақ, бақ, тақ, қасқыр, тақия.
«Қ» дыбысын анық айта білуге жаттықтыру
Қонақ келді, алақай!
Қонақ деген – береке,
Қонақ келді, алақай!
Қонақ күту- мереке,
Қонақ деген – береке,
Қонақ келді, алақай!
4.«Ғ» дыбысын анық айта білуге жаттықтыру. Қарғаның, қаздың суретін көрсетіп, мынау не? деп сұрақ – жауап әдісі арқылы айтқыза отырып, дыбысты бекіту.
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қоңғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Торғай, торғай атым бар,
Бір жапырақ етім бар.
«Кім көп тауып айтады?» Басы да,аяғы да «Қ» дыбысынан келетін сөздерді тауып айту.
Қазақ, қылық, қалақ, қақ, қапақ.
5.«Есіңе сақта» ойыны.«І» дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталатып жылдам айту және суреттерді көрсете отырып есіне сақтайды: іні, кірпі, ірімшік, ілгек.
«Мысық қарны ашқанда не дейді?»
Пеш қасында мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр,
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Кі-кі- кі - бұлаңдайды түлкі.
6. «Ү» дыбысын анық айта білуге жаттықтыру. Суреттерді көрсетіп, мынау не? деп сұрақ – жауап әдісі арқылы айтқыза отырып, дыбысты бекіту.
үкі, үйрек, бүркіт, түйе, гүл, күрек, күзен
«Кім қалай дауыстайды?» ойыны. Бүркіттің суретін көрсетіп, мынау не? деп сұрақ – жауап әдісі арқылы айтқыза отырып, дыбысты бекіту.
Бүркіт – шаңқылдайды.
Күзен – шыңқылдайды.
Санамақтарды пайдалана отырып, тілдерін жаттықтыру.
Бірім- бір,
Екім – екі,
Үшім - үш
7.«Ұ» дыбысын анық айта білуге жаттықтыру. Суреттерді көрсетіп, мынау не? деп сұрақ – жауап әдісі арқылы айтқыза отырып, дыбысты бекіту.
Құлын, мұғалім, құмалақ, құлақ,
Жаңылтпаш
Қырық қызыл құйрық,
Қырық қыл құйрық.
Қырық құйрық ішінде
Ылғи қызыл қыл құйрық.
Ұстап қара қарындашын,
Ұштап қарындашын қарындасым
Ұсынды қарындасым қарындашын.
Айтылуы қиын сөздерді айқын сөйлеуге үйрету:
Ұлы тауда ұларлар бар,
Ұларларды ұстар ұландар.
Оларды орағыта қашатын,
Ұларлар айлалы ма?
Ұларды орнынан басатын,
Ұландар айлалы ма?
Міне, күнделікті сабақта балаларға қазақ тілінің төл дыбыстарын граматикалық ойындар арқылы үйретіп қана қоймай, сонымен бірге балалардың ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, өмірді тани білуге үйретеді.
Халқымыз айтқандай: «Ойнай білмеген бала, ойлай да білмейді», «Ойында озған бала өмірде де озады» дегендей баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.