Маша мен Миша (танымды? ойын)
Тақырыбы: «Маша мен Миша».
Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын ашу. Сұрақ қою арқылы ауызекі сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы ұйымдастыру.
2. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, қиялын, дене қимыл-қозғалысын жетілдіру. Балалардың тілдік қатынас жасау дағдыларын, халықауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын дамыту.
3. Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Күні: .02.2016ж.
Тобы: «Балдырған» шағын орталығының ІІ кіші тобы.
Тәрбиеші: Малғаждарова Қ.С.
Түрі: Танымдық ойын.
Көрнекі құралдар: Бейнетаспа, телевизор, ойынға қажетті құралдар, автобустың суреті.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Топ іші безендірілген және спорт киімін киген тәрбиеленушілер жартылай шеңбер жасап отырады.
Тәрбиеші: -Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне тұрғызып, жаттығу жасату /бейнетаспа арқылы/. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығу жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші: - Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Маша мен Миша» ертегісі. «Маша мен Миша» ертегісінен үзінді көрсету /бейнетаспа арқылы/.
- «Маша мен Миша» ертегісі орыс халқының ертегісі. Бұл ертегінің бас кейіпкерлері кімдер?
- Маша мен аюға мінездеме беріп көрейік.
- Сендерге қайсысы қатты ұнайды?
Тәрбиеші: - Балалар, бізге осы ертегінің бас кейіпкерлері де қонаққа келіп қалыпты /автобустың суретін ұстап кіреді/.
Маша: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ой, біз адасып кеттік, жол көрсетіп жіберіңдерші. Астанаға бара жатыр едік, біз өзі қайда келдік?
Тәрбиеші: - Балалар, оларды құр қайтармайық, бірге ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Тәрбиеші: - Ендеше, балалар, екі топқа бөлініп жарысамыз. 1-топ – Машаның тобы, 2-топ – Мишаның тобы болады.
- Менің сендерге мынадай тапсырмаларым бар. Барлық тапсырмалардан сүрінбей өткен топ жеңіске жетеді.
Ойын жоспары: 1.Кедергілерден өту / жүру, секіру арқылы/.
2. Допты ойыншыққа дәл тигізу.
3. Жемістер мен көкөністерді жинау.
4. Кубиктардан үйдің қабырғасын тұрғызу.
5. Машина жарысы. Балалар телевизордан ертегі үзіндісін көре отырып, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
-Маша мен Миша.
-Балалар өздерінің ойларын айтады.
Балалардың көңілдері бір көтеріліп қалады, амандасады.-
Біздің балабақшамыздасыздар.
-Ойнаймыз.
-Жарайды.
Балалар ойынды жақсы көңіл-күймен белсене ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Тәрбиеші: - Балалар, бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
-Сендерге ойын ұнады ма?
-Ендеше, сендерге көп рахмет. Сабаққа белсене қатысқандарың үшін мынадай сыйлық беріледі /шиколад пен фишкалар/.
Маша: - Балалар, сендерге бізбен бірге ойынды жақсы ойнағандарың үшін көп рахмет. Қайтатын уақыт та болып қалыпты. Бізбен бірге Астанаға жүріңдер. Балалар:
-Маша мен Миша.
-Иә.
Балалар қуанады.
Балалар бәрі автобуспен қуана шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Дене қимыл-қозғалыстарын орындай білуі керек.
Болуы керек: Ертегі туралы түсініктері болуы керек.
Істей білуі керек: Жалпы дамыту жаттығуын, негізгі қимылдарды орындай алуы керек.