Сайыс саба? Ойлы болса?, озып к?р
Ойлы болсаң, озып көрТақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.Көрнекілігі: кеспе әріптер, сандар.Түрі: Сайыс сабақСабақтың барысыҰйымдастыру бөлімі.1. Оқушыларды топқа бөлу.2. Топ басшыларын сайлау.3. Қазылар алқасын сайлау.4. Жеребе тастап қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.Мұғалім:Бәйгеге түсіп жарыспай,Жүйріктің бағы жана ма?Білім мен өнер жұптаспай,Тәлім, тәрбие алар ма?Бұл бәйге ойдың бәйгесі.Кім жүйрік болса сол алда1. «Кім жылдам?» Әр оқушыға әріптер таратамын. Сол әріптен басталатын сұрақтарға жауап беру керек.І топқа 8 сұрақ.1. Ертегі оқисың ба?2. Тәтті берсе жейсің бе?3. Анаңа еркелейсің бе?4. Сөмкеңде не бар?5. Досың кім?6. Аспанда не бар?7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?8. Қандай тілек айтасың?ІІ топқа.1. Жасың нешеде?2. Қалтаңда не бар?3. Қандай кітап оқисың?4. Алма берсе жейсің бе?5. Нені жақсы көресің?6. Кеше не істедің?7. Ініңнің аты кім?8. Кімге сәлем жолдайсың?2. «Ұшқыр ой»Асықпаймыз, саспаймыз,Ұшқыр ойға бастаймыз.Тақтадағы сөзденБірнеше сөз құраймыз.ҚолшатырҚол, от, шатыр, шар, шақ, қар, лақ, ол, тор, тал, ал, тар, торла.3. «Біліміңді мықта»Шабыт тасып шалқысын,Көңілді кеш жасайық.Мұнда қызық табылар,Жұмбақ есеп бәрі бар.Білімдеріңді сынайық.І топқа:1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? (4)ІІ топқа:1. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? (4)2. Тауық бір аяқпен тұрғанда бес кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5)4. «Сен білесің бе?»1. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)2. Қазақстанның Республикасының президенті? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)3. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (Жұма)4. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту жобасының авторы? (Шәкен Ниязбеков)6. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 – желтоқсан)7. Кім? Кімдер?Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)8. Төрт түлік малдарды ата? (Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы)9. Адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)10. Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? (3 буын, жұ – мырт – қа)5. «Ойлан да, аяқта»Ойланбастан басқасын,Жазып қойма бұл жергеКерек сөзді таңдап жаз,Уақыт берем сіздерге.1. Күш – білімде, білім – ...(кітапта)2. Еңбектің наны тәтті, ...жаны тәтті (жалқаудың)3. Денсаулық – зор ...(байлық)4. Кітап – білім бұлағы, ...– өмір шырағы (білім)5. Анадан артық...бар ма? (дос)6. Анасыз ақын да болмайды,... да болмайды. (батыр)ҚорытындыҚазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Білім мен тапқырлықтың жарысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.