Та?ырыбы: «?лы дала — ?лысы»


Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің «Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер циклдік комиссиясы» онкүндігінің жабылу салтанатты жиынының сценариі
Өткізген оқытушылар: Ш.Т.Абушарипова Г.М.Хабарова
Тақырыбы: «Ұлы дала - Ұлысы»
Мақсаты:Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
1-жүргізуші: Сейтқазы Самат
2-жүргізуші: Дейвальд Екатерина
Самат: -Армысыздар, құрметті оқытушылар, өндіріс шеберлері және білім алушылар! «Ұлы даланың ұлағаты» тақырыбында өткен әлеуметтік- гуманитарлық пәндер Циклдық комиссиясының онкүндігінің жабылу салтанатына қош келдіңіздер!
Екатерина: -«Асыл сөзді іздесең , Абайды оқы, ерінбе»,- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай , біз бүгін онкүндіктің жабылу салтанатын «Ұлы дала - Ұлысы» тақырыбында ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір басына жинаған рухани әкеміз Абай Құнанбайұлына арнағалы отырмыз.
1-қатысушы:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
                      Жырымен жан сусынын қандырған кім?
                      Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
                      Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
                      Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
                      Талабын тас қияға өрлеткен кім?
                      Құба жон, құбақан құм, құла қырда,
                      Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-қатысушы:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
                      Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
                      Арманын атандырып келешекке ,
                      Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
                      Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
                      Жауына найза сөзін шанышқан кім?
                      Өзендей  құйған  барып көк теңізге,
                      Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
3- қатысушы:
Көрікті көңілде жыр ,қолда қалам,
Өмірдің өріне өлей басқан қадам,
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы
Ол –Абай , мәңгі өлмес ақын адам
Сахнаға Абай шығады.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
 Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс –жақан қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз –жарым болмаса анда- санда.
Мен жазбаймын өлеңді ерек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі оранды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңлінің көзі ашық,сергек үшін
Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан ,бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың.
Дауыс:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
«Бейнеролик. Абай Құнанбаевқа тағзым»
Самат: -Абай Кунанбаев - великий казахский поэт, открывший новые пути развития родной литературы. Творчество Абая явилось воплощением духовных, творческих сил казахского народа, его мудрости, свободолюбия, патриотизма. С творчеством Абая связано утверждение в казахской литературе реализма, создание казахского литературного языка.
Екатерина:- Хаким Абай поздно ложился, рано вставал. Он много трудился ради будущих поколений, ради истории. Когда находило вдохновение, поэт с побледневшим лицом, прослезившимися глазами, участившимся дыханием брал в руки перо, и стихи сами лились потоком. В такие мгновения раскрывались мощь и таинство таланта!
«Видеоролик . Абай Кунанбаеву посвящается »
Самат: -Алуан қырлы гауһардай шапақ атып , әрқайсымыздың жан-жүрегімізге жақсылық, ізгілік нұрын себетін Абай тұлғасы- мәңгілік тұлға. Абай-теңдесі жоқ ақын аса дарынды композитор, асқақ ойшыл, философ, қай жағынан алғанда да жаңашыл , халқымыздың отандық, керек десеңіз дүниежүзілік мәдениет тарихынан ойып тұрып ерекше орын алған ғұлама .
Екатерина:
-Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең , менше сүй.-
деп сазгер Абай жырлағандай «Абай оқуларының» жүлдегері Дейвальд Екатерина мен облыстық «Абай оқуларына» қатысушысы Хусаинова Дамираның орындауларында «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар.
Самат:-Абай бүгінгі таңда бұрынғыдан да қажет. Ол қазағына бүгін де, ертең де өмір бақи керек. Ауадай, айдай, күндей, жұлдыздай, өзендей, көлдей керек. Абай мерейі-халық мерейі , Абай биіктеген сайын, қазақ та биіктей береді.
-Абай десек ойымызға Мұхтар түседі , Мұхтар десек аузымызға Абай түседі Самат , мұның сыры неде ,қалай ойлайсың?
Екатерина:-Самат, Мен сенің бұл сауалыңа Мағжанша жауап берейін.
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.
Қазақтың қос арысы, қос данасы,
Қалайша бас имессің оған сірә.
Самат:- Ия, Катя тауып айттың Мұхтар Әуезов -қазақ әдебиетінің күмбезі атанған, ұлы жазушының ұлы туындысы өз кезінде ең жоғарғы марапаттауға, ие болған, теңдесі жоқ шығарма « Абай жолы » роман- эпопеясының авторы. 1990 жылдардағы дерекке қарасақ бұл күнге дейін эпопея дүние жүзі халықтарының 40-қа жуық тілдеріне аударылып, 6 миллионан аса тиражбен таралып отыр. Қазіргі дерекке сүйенсек эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.
Екатерина: - «Абай жолының» бас кейіпкері-Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алпысты алқымдап қайтыс болған ел ағасы-ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз.Жарты ғасыр өмір!
Олай болса, жарты ғасырлық тарихы бар шығармадан үзінді.
Көрініс: «Бала Абайдың ауылға қайтуы» (Аттың дүбірі )
Самат:-«Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы деп білеміз. Абайдың 150 жылдығын бүкіл әлем болып ЮНЕСКО көлемінде атап өткен болатын. Бүгінде Республикамыздың түкпір- түкпірінде Абайдың 170 жылдық мерейтойын бүкіл халық болып, кең көлемде атап өтуде. Біз де осы үлкен дүбірден қалыс қалмай көлге тамған тамшыдай болса да өз үлесімізді қосып жатырмыз.
Екатерина:
- «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар - Абайдың тағы бір тамаша әнін тыңдайық. 106 топ білім алушысы Нуржанов Алидың орындауында «Көзімнің қарасы» әні.
1-ші қатысушы:
Артады Абай десе парасатым,
Мәртебем өз еліне жарасатын.
Ол шыққан биіктерден көз жіберсем,
Көрінер кей төбелер аласа тым.
2-ші қатысушы:
Дейді: «есектен жығылғанның емі жоқ»
Ит талаған шапанымның жеңі жоқ.
Аспанда күн жалғыз болса, қазақтың
Өлеңінде бұл кісінің теңі жоқ
3-ші қатысушы:
Астында оның алты аяқты арғымақ,
Ғасырлардың шекесінен қарғымақ.
Жатыр әлі ол қалдырған домбыра
Бірде күліп, бірде сөйлеп зар жылап.
Екатерина:
Ол қалдырған күй даланы кернейді,
Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.
Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,
Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді.
Самат:- Құрметті көрермен қауым Ұлы даланы ән жырымен тербеген Ұлы тұлға жайлы бір сағатта айтып шығу мүмкін емес. Абайдың ұлылығын уақыт еншісіне қалдыра отырып, бүгінгі «Ұлы даланың ұлағаты» атты тақырыпта өткен онкүндікті қортындылау үшін сөз кезегін әлеуметтік-гуманитарлық пәндер Циклдік комиссиясының меңгерушісі Абушарипова Шынар Темирбекқызына беріледі .
Екатерина:-Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр.
Самат:- Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біз жетіп отырмыз. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
Қорытынды ән: «Жаса! Қазақстан!»
Екатерина : - Көріскенше күн жақсы болғай!