Тіл-?лтты? тірегі
Сейдахметова Гүлнар-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісіТақырыбы: Тіл – ұлттың тірегі және қарттарым асыл қазынам. Мақсаты: Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіреттілігін, ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасатындығын, Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы екендігін, ол - атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра екендігін оқушылардың санасына сіңіру. Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, кітап көрмесін жасақтау. Ұйымдастыру: Қонақтарды күтіп алу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінің мәртебесі туралы сөздерінен үзінді көрейік Дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар.Тіл саны бұдан көп болуы да мүмкін. Сондықтан дүниеде қанша тіл бар дегенді әзірше дәл айту қиын. Жер шарында көптеген мемлекет бар. Әрбір мемлекет ішінде неше түрлі халық болуы мүмкін. Әр халықтың өз тілі болады. Олар өз ана тілінде де, ана тілімен қатар сол мемлекет ішінде көп тараған бірді-екілі басқа тілдерде де сөйлеуі мүмкін. Әр мемлекетте неғұрлым көбірек тараған тілдер болады, кейбірінің өз ішінде мемлекеттік ресми бір тілі болады, бір тіл бірнеше мемлекетке ортақ болуы да мүмкін, сонымен қатар дүние жүзіне көбірек тараған халықаралық тілдер болады. Жер шарындағы адамзат осындай тілдер арқылы сөйлесіп, түсініседі, қарым-қатынас жасайды. Дүние жүзінде көбірек тараған тілдер- орыс, қытай, ағылшын, испан, француз, неміс, араб, португал, жапон, итальян тілдері. Біздің Республиканың негізгі халқының тілі- қазақ тілі. Қазақстанда сонымен бірге орыс, украин, белорус, неміс, ұйғыр, татар, башқұрт, дұнған, өзбек тағы басқа тілдерде сөйлейтін халықтар бар.
Қонақтармен таныстыру: Бүгін бізде қонақта,Мәдениетіміз бен әдебиетімізге қайталанбас қолтаңба қалдырып, қазақтың қасиетті мұрасын өзіне қайта тарту еткен дара талант иесі, қарымды қаламгер, балалар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Адырбек Сопыбеков, Тіл жанашыры аудандық Қазақ тіл қоғамының төрағасы ________________________________, аудандық Жаңақорған тынысы газетінің мешікті тілшісі _________________________және ардагер ұстаздар______________________
М. Шаханов. «Құдіретті төрт ана». Әбден Аружан
Сүйемін туған тілді – анам тілін Бесікте жатқанымда - ақ берген білім, Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты Сүйгенім, жек көргенім ұнатқаным.
Жүргізуші: Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз.
Көрініс.
Қарт: «Әй, балалар, қазақша сөйлеңдер» 1-бала мысқылдап күлді. 2-бала: Дедушка не деп тұрсыз? Қазақ тілі дейсіз бе? Если мы не понимаем твой казахский язык, то как нам говорить. И вообще, это не модно. Е-е-е ана сүтімен бірге дарыған, атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұраға қиянат жасаған қайран ұрпақ.............
Өлең: «Ашыну»
Ойға алмайтын ата-баба өткенін, Кімсің өзің, қайдан өніп көктедің? Кемелдігі дала сынды қартыңның Ақ сақалын сыйламауың неткенің? Жүрген сенен өзге тілді жағалап, Ертеңгі күн қандай ұрпақ тарамақ? Өз халқының қасиетін ұқпаған, Басқаларды жарытпайды бағалап.
Жүргізуші: Соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі – ар өлшемі. Тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Қазіргі заман талабы бізге көп тілді білуге міндеттейді. Сондықтан біз өз төл тілімізбен бірге орыс, ағылшын тілдерін меңгеруіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, өзге тілдерде де құрметтеуіміз керек . Үш тілдің айтысы
Қазақ, Орыс, Ағылшын тілдерінде
Жүргізуші:Ендігі кезекте ақын атамыз Адырбек Сопыбековтың «Хирург» дастанынан үзінді тамашалаңыздар
Көрініс
Жүргізуші:Келесі бөліміміз «өлеңнің атын тап»
«Қазағымның тілі» бұл кімнің өлеңі (А.Сопыбеков)
«Әйнек» өлеңінің авторы кім?(А.Сопыбеков)
Жүргізуші: Ал енді осы жерде сөз кезегін атамызға берсек
Оқушы сұрағы:Осы өлеңді жазуыңызға не түрткі себеп болды?
Жүргізуші: Қазақ тілінде оқуды армандаған және өзі өмірінің ақырына дейін соны іске асыруға атсалысқан А. Байтұрсынұлы еңбегі қазір еліміздің егемендікке қол жеткенде жүзеге асып жатқанын көреміз:шәкірттерді ана тілінің қыр-сырымен тереңдей таныстыра отырып халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, өзінің ұлттық болмысына ынта-ықыласын ояту, халықтың рухани байлығы-ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу және сол арқылы адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылықа, даналықа, шешендікке баулу.
Жүргізуші: Қазақ тілі қоғамының төрағасына сөз кезегін берсек
Оқушы сұрағы:Қазіргі біздің қазақ тілінің қоғамдағы жағдайы туралы не айтасыз?
Оқушы сұрағы:Сіз қалай ойлайсыз, болашақта қазақ тілінің мәртебесі қандай болады ?
Жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Ендігі кезекті әнге береміз
Қорытынды.