Ашы? саба?: ??ра? ??рай білу де ?нер


Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрай білу де өнер
Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы оқушылардың түсінігін арттыру. Қазақ қолөнеріндегі құрақтың шығу тарихына тоқталу. Тұтыну заттарында немесе бұйымдарында қалай пайдалану керектігін үйрету. Құрақ түрлерін тігуді меңгерту.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Кезекші рапорты. Сабақтың ұраны.
І. Сөзжұмбақ шешу.
1. Мақпал, драп, барқыт қандай маталар?
2. Киімнің толық өлшемі.
3. Жанқалта түрі.
4. Матаның көлденең жіптері.
5. Киімнің ұсақ бөлшегі.
Қ А Л Ы Ң Ұ З Ы Н Д Ы Қ
Р А М К А Л Ы
А Р Қ А У Қ А Қ П А Қ Ш А
Оқушылар қандай сөз шықты ?.
Құрақ дегеніміз не?
ІІ.Ой қозғау. Жұмбақтар шешу. Жауабына байланысты мақал-мәтел айтады.
1. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
2. Кигізіп ап ұзын жіп көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе. (ине)
Мақал-мәтелдер
1. Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық ішуге сән.
2. Оқу инемен құдық қазғандай
ІІІ. Жаңа сабақ. «Құрақ құрай білу де өнер.»
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:
* тіл өнері;
* саз өнері;
* қол өнері;
Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.
Қызығушылығын ояту, оқушы біліміне ой салу. Оқушылардың құрақ туралы қысқаша мәліметтерін, түсініктерін тыңдайық. Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:
І-топ.
1-оқушы. Құрақ құрау қазақ халқының ежелден келе жатқан өнерінің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын.2. оқушы. Біздің ата-әжелеріміз ертеректе жазу-сызу болмаған кездің өзінде түрлі геометриялық фигураларға ұқсастырып құрақтар тіккен. Оны тікелей сұлу табиғатпен байланыстырып алған, мысалы: «Ботакөз, қошқар мүйіз, жұлдыз» құрағы ұшқан құстың, тырнаның ұшуына қарап «тырна қатар» құрағын құраған. 
ІІ-топ.
3-оқушы. Құрақ дегеніміз қалдық маталардан жасалған бұйымдар. Бүгінгі күнде ата-бабамыздың айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын, өз маңызымен қасиетін жоймаған. Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отырады
4-оқушы Құрақ өнері 5 түрге бөлінеді: 1. Геометриялық.2. Зооморфты.3. Өсімдік тектес. 4. Тұрмыстық.5. Космогениялық
ІІІ-топ.
5-оқушы. Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері..
Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.
6-оқушы. Сонымен бірге құрақты тігуде ана-әжелеріміз аспан әлеміне байланыстыра отырып, қиялдан тіккен. Онда мысалы: айшық құрақ, жұлдыз құрақ, қасиетті тұмаршаларға байланыстыра отырып, тұмарша құрағын құраған. Кейде оны «Тырна қатар» деп те атаған. Тырна қатар құрағында аспан әлеміндегі тырналар бір ізбен бірінен соң бірі ұяға жиналып кететіндегі сөз етіледі.
Мұғалім сөзі.
Құрақ өнері қазақ халқында 19-20 ғасырда пайда бола бастаған. Құрақтың қасиеті «Құдай құрастырсын» деген ырымға байланысты. Ертеректе баласы шетіней берген ата-ана, көрші ауылға барып үй-үйден құрақтың қиындысын жинайды. Бұл жиналған қиындыны «жиынды» деп атайды. Осы жиынды матадан жас нәрестеге астарлап, етегін қайырмай «сілекей» яғни көйлек тіккен. Етегін қайырмаған себебі, артынан бала ілессін, құралсын деген ниетпен қайырмаған. Қошқар мүйіз оюын тікелей малмен байланыстырып, оны аса бір дәлдікпен құраған, мұндағы ойлары ұрпағым малды, жанды болсын деп ырымдарға балап тіккен.
Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.
V. Сергіту сәті. Сұрақ-жауап.
1. Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай ?
2. Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата ?
3. Еуропа халқында құрақ құрау қалай аталады ?
4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ?
5. Гүлдің атына байланысты құрақ атауы ?
Топтастыру әдісі:
Аққу Сегізжапырақ
Құрақтың түрлері
Жұлдызша Тырнақатар
Ши құрақ Оюлы
Құрақтың мынадай түрлері бар?
-Аққу, сегізжапырақ, шахмат, гүлқұрақ, тырнақатар, оюлы, ши құрақ т.б
068580480060068580365760068580240030067945125730068580



Аққу құрақ Гүл құрақ Тырнақатар Шахмат құрақ Сегізжапырақ
Әр отбасында сәннен шыққан ескі киімдерді: блузкаларды, көйлектерді, пальтоны таспалар мен шілтерлер қалдығын қайда жіберу керек деген мәселелер туындайды. Егер бос уақытымызда бүкіл осы үйінділерді алып, кішкене қиялға ерік беріп және шыдамды болсақ, онда «түк жоқтан» қызықты, қайталанбас және тұрмысқа қажетті нәрселер жасауға болады.
Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?
1. Майлық. 3. Әмиян. 5. Көрпе. 7. Жастық тыс. 9. Сәндік сөмке.
2. Дастарқан. 4. Қолғап. 6. Қазан ұстағыш. 8.Аяққап.
Құрақты қалай, қай жерде қолдануға болады?.
1. Жапырақ, сегіз жапырақ құрақтар-қонақ бөлмелерде қолданылады.
2. Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға дайындалады.
3. Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады.
4. Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады.
Құраққа қойылатын талап біреу –ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстердің үйлесімді орналасуы және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.Құрақ құрау эстетикалық талғамды, дәл қиыстыруды ептілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді .
Құрақ маталары• Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.• Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. • Торқа – ең қымбат жібек мата.• Батсайы – қалың жібек кездеме.• Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.• Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.• Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.• Пай – жібек мата.• Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.• Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.• Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.• Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.• Насар – жібек кездеме.• Ұштап – ақ түсті тығыз мата.• Шыт – арзанқол жұқа мата.• Сәрпөңке – астарлық жібек мата.• Бояқ – кездеменің боялған түрі.• Борлат – қызыл түсті жұқа мата.• Барқыт – бешпент тігуге арналған мықты мата.• Тібен – түрлі-түсті қалың мата
Құраққа пайдаланылатын маталар, жұқа-қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Егер құрақ қалың маталардан тігіліп, арасында жұқа мата пайдаланылатын болса, онда ол құрақтар созылмау үшін астарланып тігіледі. Құрақ тігуге арналған маталар, негізінен бір түсті болып келеді
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа ,тәрбиелілікке мән беру.
Тұрмыста құрақ екі түрлі жағдайда қолданылады.
Көрпе құрақ 2. Жастық құрақ
Шыдамды, тозбайтын матадан Көздері майда бөліктермен
қөздері үлкен бөліктерден өте нәзік әрі әдемі түстер –
құралады мен құралады
Жастық құрақтың мынадай түрлері бар: тырна қатар, қаттама құрақ, қайшы құрақ, ботакөз құрақ және т.б
Құрақпен тек қазақ халқы ғана шұғылданбайды, әр елде оны әр қалай атайды.Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ
Орыс тілінде құрақ құрау өнері - лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико

ІV. Сарамандық жұмыс: «Ұранымыз».
«Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта!»
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
(І -топ қол инемен жұмыс. ІІ-топ қайшымен жұмыс. ІІІ-топ үтікпен жұмыс)
1.Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек. 2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек. 3.Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек. 4. Инені ауызға салуға болмайды. 5. Қайшыны бір-бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек. 6. Қайшы өткір болуы шарт.
7.Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек. 8.Жұмыс басында электрлі құралдың бүтіндігін тексеру. 
9.Үтікті құрғақ қолмен, вилкасынан ұстап сөндіру керек. 10.Үтіктің тоқ бауы үтіктің табанына түсіп қалмауын қадағалау, үтікті қатты қыздырмау. 
Сарамандық жұмысының орындалуы: (Нұсқау картамен жұмыс).
Қатты қағаздан үлгілер дайындап алу.
Үлгіні флезелинге түсіріп алу.
Флезелинді матаға жапсырып үтіктеу.
Матаға жапсырылған оюды қиып алу.
Қиылған оюды түсін анықтап, екінші матаға ағылшын түйреуіштерімен қадау.
Екі матаны бір-бірімен беттестіріп тігу.
Кейін барлық бөліктерді қосып тігу.
Құрақ сәнді болу үшін ең алдымен үлгісін әдемілеп үлгілеп алуымыз керек. Құрақ қиындыларын бір-бірімен беттестіріп тіккен кезде 5-10 мм қалдырып тігу керек. Өте әдемі, әсем шығады. Құрақ құрау барысында матаның сәйкестігіне мән беруіміз кажет. Егер матаның қалыңдығы тура келмесе, тіккен құрағымыз талапқа сай, сәнді шықпайды. Бұйымымыз сәнді әрі мықты көріну үшін құрақты астарлап тігуіміз керек, ол үшін алдымен құрақтың үлгісін технологиялық картасын жасап, өлшемін алған соң, сол өлшемде астар алып құрақты тігуді бастаймыз. 
VІ. Сабақты бекіту. Ізгілендіру диаграммасы
Не үйрендім?
Не білдім?

Нені білгім келеді?

VІІ.Оқушыларды бағалау. Топ басшыларының бағасы.
VІІІ.Үйге тапсырма. Аяқтап келу.