Т?рбе са?аты Т?уелсіздік тірегі — ?айсар рухы ?аза?ты?
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегі- қайсар рухы қазақтың»
Мақсаты:
1.Оқушыларға Тәуелсіздік құрбандары туралы ақпарат беру, олардың ерліктерін ардақтап, өнеге тұтуға баулу, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен таныстыру.
2.Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.Жүргізуші ( Арман)
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тірегі- қайсар рухы қазақтың» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші ( Инзара)
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші (Ақбота)
1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
Жүргізуші (Арман)
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жүргізуші ( Инзара)
Құрметті оқушылар мен ұстаздар Тәуелсіздік құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік болады)
Ғазиза:
1986 ж. желтоқсаны.
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды.
( Желтоқсан оқиғасы жайлы слайд көрсетіледі)
С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі тыңдатылады.
Анель:
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазақққа күйе жаққан күн
Сұлтан
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күнЖанель:
Аппақ қар қанға бояныпҚып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Қайғы езіп елдің еңсесінЖан шыдау жанын батқан күнЕнді қайтып келмесінСол бір қарғыс атқан күн.
Слайд Атамекен
Мерей:
Қалмады жалын жастық басқа амалы,
Шалқайды империя тас қамалы.
Қазақтың тәуелсіздік алған күні,
Ызғарлы желтоқсаннан басталады.
Айгерім:
Ашу-ыза қайнауының жетті олар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
1986 боялды жастар канымен,
Желтоқсанның он алтысы есте қалар жанымен.
Дайана
Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында,
Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында.
Аямады ешқайсысын, ереуілді бастаған,
Қазағымның жастарын ажал отына тастаған.
Диляра
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер....
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен жер.
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып кузге айналған көктемдер.....
Ән «Көк тудың желбірегені»
Жүргізуші: Ақбота
М. Шаханов « Төрт ана»
Әлішер:
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Асем:
Туған жері- түп қазығы айбыны,
Туған тілі- сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегіҚадамына шуақ шашар үнеміЖәне туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Ақжелең:
Төрт анадан сенім таба алмағанТамырсыздың басы қайды қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтыңЕшқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана- тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес-тердің ұлысы!»
Көрініс «Елім – ай» өлеңі естіліп тұрады.
Көштің басшысы «Думан»: Біраз тынығып алайық,жол жүргенімізге қанша күн болса да,асқанымыз бір-ақ асу.
Қария «Мадияр». -О, қасірет қасірет. Шынымен – ақ,сорлағанымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз жерімізден өзіміз безініп,әлде сұм тағдырдың жазғаны ма еді? Көрсетпеген не қалып еді тағы да?
Апа Сәннұр:– Отағасы ау, тағдырдың салғанына көнеміз,артта аяулы күндеріміз сенде.
Қыз. Адина -Самал жел сонша неге ызғарлысың? Нәресте кезімде де сен емес пе едің,осы ызыңмен уатқан. Шынары биік қара тау, неге үндемейсің?Әлде мына менен шошынып тұрмысың?Жасаған кешіре гөр, сені тастап кетіп барам.
Апа. Сәннұр Құлыным-ау,неге сонша көп жылайсың,сенің не күнәң бар еді? Ең ақыры кіндік қаның тамған жерге сыймай кетіп барасың ғой. Туған жер, сен де бүгін қаралысың,перзентің біз де қаралымыз, не деген қасірет?
Қария «Мадияр». Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендік алып,әлем таныды ғой ,елімізді!
Жүргізуші: Инзара
Міне ,"Егемендік" деген осы. Енді міне желбіреген көкбайрағымыз, айбынды әнұранымыз,жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Ұмытпаңдар айналайын, ұрпағым!
«Жаңа ғасыр»
Слайд ( Менің туған жерім егеменді Қазақстан)
Нәзия
Алаш туы астында,Күн сөнгенше сөнбейміз.Енді алашты ешкімніңҚорлығына бермейміз.Өлер жерден кеттік біз,Жасайды Алаш, өлмейміз.Жасасын Алаш, жасасын!ұлы - күн!
Алина
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болсын қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Алтын
Қиындықты көп көрген ел екенбіз
Жылдан жылға дамыған берекеміз
Тойымыз тойға ұласып,шаттанайық
Халайық құтты болсын мерекеміз!
Балалар биі : Қазақтың бірлігі
Жүргізуші (Арман):
Бүгін бақытты дәуірдің ұланы ретінде шаттық әндер шырқалып жатыр. Өйткені бұл ата бабамыз арман етіп келген ұлы күн! Бүгінгі Еуразия төрінде орналасқан, дамыған елдермен терезесі тең, керегесі кең бейбіт елдің ұландары- біз шаттықта өмір кешудеміз.
Жүргізуші(Ақбота): Олай болса бір қасиетті ұғымның мағынасына терең бойлай түсу үшін тарихқа шолу жасап өтейік.
Сапаржан: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады
1992 жылы Қазақстан Республикасының елтаңбасы, әнұраны, туу туралы заң қабылданды.
Сұлтан: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.
Мерей: 1994 жылы ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев көк байрақты желбіретті.
Әлішер: 1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
Анель: 1996 жылы Тәуелсіздік монументі орнатылды
Жанель: 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды
Думан: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді
Мадияр : 1999 жылы "НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы құрылдыАйгерім : 2010 жылы Қазақстанның еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін тапсыру мақсатында 1-2 желтоқсанда Астана қаласында халықаралық самит өтті.
Сәннұр: 2011 жылы Қазақстан Азияада ойындары өтті
Назия 2012 жылы тұңғыш Президент атындағы мұражай ашылды.
Алдияр: 2013 жылы 24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
Арғын: 2014 жылдың тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі құрылды.
Ақжелең: 2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
Асем: 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы.
Инзара
Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз.
Арман:
Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!
Ақбота
Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.
Инзара
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
Арман:
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
Ақбота,Арман,Инзара
Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
Той тойға ұлассын!
Ән : Жаса Қазақстан