?ош келді?, Жа?а жыл мерекелік ба?дарлама


Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.Жаңа жылға арналған сценарий/ Безендірілген шырша,  баяу музыка. Ата – аналар көрермен ретінде тамашалауға келеді.Кеш соңында ғана тілек айтуға шақырылады/ Бастау   1 – жүргізуші: - Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!2 – жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.1 – жүргізуші:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,Шат күлкіге толы болсын маңайың.Көргендер де көрмегенде арманда.Жаңа жылың құтты болсын ағайын.2 – жүргізуші:Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.Жаңа жылың құтты болсын ағайын.1 – жүргізуші:Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.2 – жүргізуші;Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!1 – жүргізуші: Байқаймысың, мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып   тұрмын.Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр.1 – жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде қаптың аузын бірге ашайық.2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім.Ендеше бастасақ, бастайық.
КӨРІНІС
1.Сайқымазақ:Қане біздің қонақтар!Басқаға мойын бұрмаңдар!Бізге қарай жақындапҚызық күлкі тыңдаңдар!2.Сайқымазақ:Армысыздар, халайық! Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым?
2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді.
Жүргізуші: Қане, балалар!
Бәріміз, Аяз ата мен Ақшақар келгенше сайқымазақтармен бірге көңіл көтерейік.(хоровод)
Жүргізуші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізді шырқап,атамызды шақырайық!Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.(Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.)
Мыстан: Ха-ха-ха, пай-пай, мен қайдан келдім-ей?
Мына шыршаның кереметін-ай, балалар сендер қандай әдемісіңдер, үйге алып кетейін бе сендерді?Алдымен мына шыршаны алайын,ә? ха-ха-ха.
Жүргізуші: Мынасы кім тағы келе жатқан?
Құбыжық: Сөйлемеңдер,қатыңдар бәрің !Жаңа жыл болмайды сендерге ха-ха-ха! (қоян шыршаның түбіне тығылып жата қалады)
1 Сайқымазақ: Жоқ,жоқ,жоқ!
Бұлай болмайды!
Біз мерекеге келдік қой!
Халық бізбен көңіл көтереді.
Қане,балалар! Қатып қалмас үшін, тезірек билеп жіберейік!
Сайқымазақ: Балалар, сендердің көңілдеріңді көтеру үшін біздің достарымыз келе жатыр екен.
(Ортаға: Стефани, Теңіз патшасы, Алладин, Летучая мыщь, Бояулар ханшасы, Қасқыр, Микки маустар) көңілді музыкамен келеді.
Теңіз патшасы:
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Теңіз патшалығынан сендерге,
Жаңа жылға келдім алыстан.
Алладин:
Армысыңдар, менің кішкентай достарым!
Біз тұрғанда ешкім сендерге бөгет жасай алмас.
Сендерге ардайым көмек көрсететін сыйқырлы шамым бар Алладинмін!
Бояулар ханшасы: Ия, балалар! Мен де сендердің кештеріңе түрлі-түсті бояуларыммен сән беруге, көңілдеріңді көтеруге келдім.
Летучая мыщь: Сәлем менің достарым! Мен сендерді қараңғыдан қорықпасын деп, жандарыңда бірге болуға келдім.
Қасқыр: Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайықЖаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!
Стефани:
Балалар! Мен сендерге бір қызықты би алып келдім. Бәріміз билейік пе? Ендеше менімен бірге билейміз.
Микки Маус: Балалар, қазір сендермен ойын ойнаймыз. Кім тез қимылдайды?(танец утят)
Микки Маус: Ал, барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты таяп қалды-ау деймін.
Ендеше, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(ортаға Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Уа, жұртым, жиналған.Көңілдерің дүр маржанАйналайын ұлдарданАйналайын қыздарданАяз ата, АқшақарЖетті жолдан қиналғанЕштеңе емес барлығы,Алдымыздан күлді арманМықтылығым мәлім ғой.Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Қой жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.Қоян: Аяз ата, Ақшақар, жаңа ғана мына жерде қорқынышты құбыжық болған. Шамымызды өшіріп, балаларымыздың бәрін қатырып кетті. Бірақ біздің достармыз Сайқымазақ, Микки Маус, Стефани бәрі балаларды билетіп, ойнатып көңілдерін көтерді. Ал, мен қорыққанымнан бағанадан шырша астында тығылып жаттым.
Жүргізуші: Қоян, сен енді қорықпасаң да болады. Аяз ата мен Ақшақардың сыйқырлы сөздері арқылы қазір біздің шыршамыз жарқырайды.
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қанда әдемі! Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Ендеше, бәріміз бірге шырша шамын жағайық
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығы бірге: Шырша жан, шамдарыңды жарқырат! 3 рет
Аяз ата: Бәрекелді балар!
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?(Би биленеді.)
Өнерлерін көрсетеді.Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар?Ақшақар маған көмектеседі.(Би, тақпақ айтылады.)Ақшақар: Ал, балалар, қане менімен бірге билеп көңіл көтерейік.Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда жақсы билейді екенсіңдер.(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)
1- жүргізуші:
О, халайық, жараңдар.Қилы-қилы заман бар.Жылан жылы әне жылыстап,Кетіп барады қараңдар.О, халайық, халайық.Қош айтысып қалайық!2-жүргізуші:
Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған Жылқы жылын шығарып салайық.Жылқы: Қуанышты ортамыз сазға ұласқанТілегім болсын мәңгі ашық аспан2014 жылы қадам басқанГүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!Келесі жыл бастауын Қой жылына беремін.
Барлығы: Қош бол, Қой жылы, Қош бол!1-жүргізуші:
Ар бол, Жаңа жыл!Бар бол, Жаңа жыл.Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
2-Жүргізуші: Балалар, бізге жаңа Мешін жылы келе жатыр! Қошеметтеп қарсы алайық!
(Жаңа Мешін жылы ортаға келеді:
Балаларым менің, Жаңа жылмын мен.
Елді шарлап, самғаймын.
Бір күн қызық бір күннен
Бола берсін әрдайым,
Жаңа жылдың бастауын
Сендермен тойлайын.
Ақшақар: Қош келдің, Жаңа жыл.Аяз ата:
- Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойыбағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.(Оқушылардың нөмірлері)
Ән:
Би:
- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік, Ақшақар.Алда барар жерлер бар,
Жаңа Жыл баршамызға тек қуаныш әкелсін!
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәрін де жеңеді.Аспанымыздыбұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
2-жүргізушіБарлық жандар бір тілекке қосқан үнБақытты боп бастады жыл дастанынҚуанышпен келді той боп Жаңа жылҚұтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...