?арапайым графикалы? редакторы. Суретті ашу, са?тау. Графикалы? редакторды? сурет салу кезе?дері. 5сынып
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері.Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;Сабақтың түрі: Жаңа сабақӘдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе - түсіндіру, жеке жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, тест.Сабақтың барысы:І. ҰйымдастыруІІ. Үй тапсырмасын тексеруІІІ. Жаңа сабақІV. Сарамандық жұмысV. Үйге тапсырмаVІ. ҚорытындылауІ. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Бекіту сұрақтары:• Компьютер жанындағы өсімдік.• Баспаға шығару құрылғысы.• Жалпы желіге қосылу үшін не керек?• WordPad - ты іске қосу.• Ақпарат (информация) қай тілден шыққан?• Вирусқа қарсы программа.• Дыбыс шығару құрылғысы.• Бос орын қалдыру пернесі.• Capslock - тың қызметі.• Мәтіннің қарпін, өлшемін қалай өзгертеміз?ІІІ. Жаңа сабақ.Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауғаарналған.Редактор:1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;5. Схемаларды сызуға және т. б. мүмкіндік береді.PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар графикалық редакторда жұмыс істеуге үйренеді және графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік алады. Суретті ашу, сақтауды үйрету.Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар сабақ.Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс: графикалық редактор не екенін; графикалық редактор не үшін қолданылатынын; Paint редакторының терезесі неден тұратынын;Оқушылар үйренуі тиіс: графикалық редакторды іске қосуды: сурет салуды және оларды өндеуді.Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.3. Практикалық жұмыс жүргізу.4. Қорытындылау. Үй тапсырмасын беру5. Оқушыларды бағалау.1. Сыныптағы кезекшілік. Сыныпта жоқ оқушыларды белгілеу.2. Бүгінгі сабақта біз қарапайым графикалық редактормен танысамыз. Ол Windows ОЖ – дегі Paint редакторы. Бұл редактор графикалық та мәтіндік те ақпаратты өндеуге мүмкіндік береді және растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пиксельдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі және көптеген түстер саны қолданылады.Редактордың мүмкіндіктері:1. Құралдар тақтасы мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;2. Суреттерді бөлек бөлектерден құрастыруға;3. Суретке мәтін енгізуге және оны қалыптастыруға;4. Басқа графикалық объектілерді түзетуге;5. Схемаларды сызуға және т. б мүмкіндік береді.Paint редакторды іске қосу: Пуск → Программы→ Стандартные →Paint3. Практикум: Оқушыларды компьютерде осы команданы орындату.Осы команданы орындағаннан кейін бізге экранға Paint терезесі ашылады. Ол мәзір қатарынан, құралдар тақтасынан, палитрадан, жұмыс орнынан, қалып - күй жолынан және айналдыру жалақтарынан тұрады. Қалып - күй жолында меңзердің пиксельдердегі координаттарын байқауға болады.Сурет салу кезеңдері:1. Құрал таңдау.2. Сызықтың қалыңдығын, қылқалам түрін немесе тік төртбұрыш түрін орнату.3. Кескін түсін таңдау.4. Фон түсін таңдау.5. Сурет салу.Мәзір қатары:алты пунктен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы да немесе клавиатурадан “Alt” батырмасын 1 рет басу арқылы да таңдауға болады. Мәзірдің әр пункті созылған бағынқы мәзірден тұрады. Мәзір арқылы терезенің түрін, жұмыс орнының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суретті сақтауға, оларды көшіруге және т. б командалар орындауға болады.3. Практикум: Мәзір қатарын таңдаудың екі тәсілін көрсету.4. Бүгінгі сабақта біз графикалық редактор және оның мүмкіндіктерімен таныстық.5. Үйге тапсырма: 4. 1 тақырыбы.Тапсырма 4. 1. 1 Paint редакторын іске қосу әрекетінің тізбегін ретімен жазТапсырма 4. 1. 2Палитраның міндеті қандай?Сұрақтарға жауап берҚандай түстер үнсіз келісім бойынша орнатылады?Бейнелеу түсін қалай таңдауға болады?Фон түсін қалай таңдауға болады?
Күні: 21.12.15 Бекітемін --------------------------------------
Оқу існің меңгерушісі
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдарыСабақтың мақсаты: Paint графикалық редакторы және құралдар тақтасының атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Өшіргіш құралын 2 режимде пайдалануды меңгереді. Құралдар тақтасын пайдаланып суреттер салып үйренеді.2. Дамытушылық: оқушылар өздігінен жұмыс істеуін дамыту.3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, жұмыс нәтижесіне жетуге, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақРесустар: компьютер, фигуралар, қобдиша, музыка, электрондық оқулық, өзін - өзі бағалау парақтары.Сабақтың өтілу барысы:Сабақ жоспары:I. Ұйымдастыру - 1 минСергіту сәті - 2 минII. Қайталау: Музыкалық қобдиша - 10 минII. Жаңа тақырып (оқулық және электрондық оқулық)- 7минIV. Деңгейлік тапсырмалар - 17 мин1. Тас қақпа2. Күміс қақпа3. Алтың қақпаV. Жұмбақтар шешу - 2 минVI. Үй тапсырмасы - 2 минVII.«Өзін – өзі бағалау», кері байланыс - 4 мин1. Қайталау: Музыкалық қобдиша.(оқушылар қобдишаны оқушыларға береді музыка тоқтағанда кімде қобдиша болса сол бір сұрақ алып жауап береді.)Сұрақтар:1. Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады? (сурет салу)2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?(нүктелерден)3. Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады? (bmp)4. Палитраның неше түсі бар? (30)5. Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады. (Түстер тобы - түстерді өзгерту)6. Палитра жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?7. Қате орындалған әрекеттің нәтижесін қалай болдырма тастауға болады ( түзету - болдырмау командасын орындау арқылы)2.. Электрондық оқулықтан тапсырма беріледі.Жаңа сабақ. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.Paint – ты қосындар. Тіктөртбұрыш құралын таңдаңдар, заливка арқылы қылқалам (кист) – жасыл, фон – қызыл түсін таңдаңдар. Тышқан батырмасын жібермей сол және он батырмасын кезекпен басып, екі тіктөртбұрыш саламыз: жасыл және қызыл. Өшіргіш құралын таңдаңдар. Бірінші тіктөртбұрыштың бір бөлігін, одан кейін екіншісін өшіріңдер. Не шықты?Деңгейлік тапсырмалар.Тас қақпаның тапсырмасыА - деңгейі1. Paint – ты іске қосыңдар.2. Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның батырмасын апарып білуге болады.3. Бұлттың суретін салыңдар.4. Айдың суретін салыңдар5. Қылқаламның түрін таңдап жауған қардың суретін салыңдар.6. Қисық сызықты ( Контуры - Біртұтас түс) және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар.8. Файлды өз бумаларына «Түн» деген атаумен сақтаңдар.Күміс қақпаның тапсырмасыВ деңгейі1. А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.2. Суретті кішкене шыршалардан тұратын орманмен толықтырыңдар. Шыршаларды Көпбұрыш фигурасын пайдаланып салыңдар.Алтын қақпаның тапсырмасыС деңгейі1. В – деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.2. Суретке аққаланы қосыңдарСергіту сәті.Жұмбақ шешуҰзынтұра Жалқаубек,Тұрмай ылғи жатады.Қозғала қалса артынан,Ешбір белгі қалмайды./бос орын немесе пробел/Пернелік деген атаның,Немерелері алғашқы.12 ағайынды,Есімдері Ғ /эф/ әрпімен басталады.Бұл қандай пернелер?/функционалдық пернелер/Бұтақ орнында мың бір инесі,Компьютер жаны мекені./кактус/Ақпарларды қағазға шығарады,Бұл құрылғы қалай деп аталады?/принтер/Үйге тапсырма беру:Еркін тақырыпқа мәтін құрастыру.Құрастырған мәтінге байланысты сурет салып келуБағалау: