Открытый урок:Шы?ыс Еуропа жазы?ы


Тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылар тірек-сызба арқылы Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, табиғат ерекшеліктері және оны қорғау жөнінде өз беттерімен сипаттама беруге, тапсырмалар орындау арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге үйренеді. Ойлау қабілеттері, дүниетанымдық  көзқарасы дамиды, тіл  байлығы, шығармашылық ізденістері, белсенділігі артады, картамен жұмыс жасауға дағдыланады.
Тәрбиелік : бірлесіп жұмыс істеуге, бірін-бірі сыйлауға, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан территориясындағы Шығыс Еуропа жазығының табиғатымен танысқан, сыни ойлау барысында болашақта өз қажеттіліктеріне жарата білуді ұғынған тұлға.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, интерактивті тақта, слайд, тақырыпқа байланысты суреттер, геодиктан парақшалары, тест, бағалау парағы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: жобалау, сұрақ- жауап, салыстыру, жинақтау, жеке, топпен жұмыс, картамен жұмыс, шығармашылық ізденіс.
Қолданған модульдер: СТО, АҚТ, көшбасшылықты анықтау, жас ерекшеліктерін ескеру, талантты және дарындылықты анықтау, оқытуды бағалау.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Сабақ мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру.
Сабаққа қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында Қазақстан территориясындағы Шығыс Еуропа жазығы және оның табиғат ерекшеліктері туралы білімімізді кеңейтетін боламыз. Оқушылармен амандасу, түгендеу, әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлу. Шағын топ құрылады. Сабақтың тақырыбы жазылады.
II. Үй тапсырмасы.
1. Геодиктант
( иә) (жоқ) Оқушыларға сұрақ қоя отырып, ой түйін жасауға ықпал жасау Оқушылар өз тұжырымдамаларын жасайды.
III. Мағынасын ашу «Ойлан, жұптас, ортаға сал» бойынша тапсырмалар беріледі.
1. Шығыс Еуропа жазығы тақырыбына мини-жоба қорғау. Шығыс Еуропа жазығы – Жер бетіндегі аса ірі жазықтардың бірі.Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі енеді. Жазықтың Қазақстандық бөлігі-Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде- Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағында Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.
Пайдалы қазбалары: Мұнай, газ, ас тұзы, бор, құрылыс материалдары(құм, саз балшық)
Климаты: Құрғақ, континентті. Қысы суық.Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -150С, оңтүстігінде -80C
Жазы-ыстық , қапырық. Шілде айының орташа темперптурасы 220C, 240C.
Ірі өзендері: Жайық, Жем, Ойыл.
Ең үлкен көл:Каспий теңізі.
Табиғат зоналары: Дала, шөлейт, шөл.
2.Кеңейтілген тапсырма
а)Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының... бөлігі енеді.Жазықтың Қазақстандық бөлігі... және..., оңтүстігінде ... шектеседі. Аймақтың құрамына... қыраты, ... ойпаты және ... үстірті енеді.Пайдалы қазбалардан ... кездеседі. Ең ірі өзендері..., ең ірі көлі... . Табиғат зоналары ... .(10ұпай)
ә)Шығыс Еуропаға қатыстыларын анықта, артығын сыз. Бэр төбешіктері, Маңғыстау, темір кеңі, Сырдария, жусан, бұйырғын, шырша, итбалық, бекіре, қосаяқ, түлкі, мұнай, газ, Қарашығанақ, Қосшағыл, Құмкөл, Атырау, Қарақия. (20ұпай)
б) Мұнай кең орындарының игерілуі ауданның экологиялық жағдайына қалай әсер етті? Оларды қорғау үшін қандай шаралар жүргізілуі қажет?(30ұпай)
3.Оқыту үшін бағалау (екі жұлдыз, бір
ұсыныс)
Оқушыларға Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны қысқаша айтылып өтіледі. Әр топты берілген тапсырмалары бойынша тыңдау. Жеке жұмыс беру. Деңгейлік тапсырма беру. Оқушылар топта ойласады, шағын жоба қорғауға дайындалады. Кеңейтілген тапсырмалар орындау арқылы өз білімдерін нақтылайды, жоғары ұпай жинауға тырысады.
IV. Қорытынды жасау. 1. Тест
2. «Көшбасшылыққа ұмтылу» 3 топқа сұрақтар рет-ретімен қойылады.
3.Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс жасау. Қорытынды сұрақ қою, оқушылар жауабын тыңдау, талдау. Оқушылар топта ойласып, өз шешімдерін айтады.
V. Бекіту кезеңі Шығармашылық жұмыс.
Бағалау парағы. Оқушыларды шығармашылыққа баулитын тапсырма. Бағалау, мадақтау. Шығармашылықпен жұмыс жүргізеді.
Өз-өздерін бағалайды.

VI.Рефлексия
Чемодан. Ет тартқыш. Қоқыс салғыш.
«Мен», «Біз», «жұмысымыз» деген сөздерді қолданып «Не үйрендім ?» сұрақтар беру «Мен», «Біз», «жұмысымыз» деген сөздерді қолданып «Не үйрендім ?» сұрағына жауап береді.
VII. Үйге тапсырма 1.Кескін картамен жұмыс.
2. &40 дәптермен жұмыс. Шығыс Еуропа жазығын кескін картаға еңгізу. Дәптерге сұрақтарға жауап береді.

IV. Қортынды сұрақтары
Тест. Шығыс Еуропа.
1.Қазақстанға Шығыс Еуропа  жазығының қай  бөлігі енеді.?
А) оңтүстік –шығыс
В)Батыс
С)СолтүстікД)Оңтүстік2.Шығыс Еуропа аймағына кіретіндер:
А) мұғалжар,Алатау, Орал
В) Жалпы Сырт,Каспий маңы, Орал алды үстіртіС) Каспий маңы, Маңғыстау, Үстірт.
Д) Алтай, САрыарқа , Жалпы Сырт
3.Платформа фундаменті қай эрада қалыптасты?
А) Архей
В) ПротерезойС)Мезозой, қайназой
Д)Архей-протерезой4.Шығыс Еуропа жазығын қандай эралардың шөгінді жыныстары жапқан?
А)палезой, архей, протерозой
В)мезозой, кайназой;
С) палеозой, мезозой, кайназойД) кайназой5Шығыс Еуропа жазығының  өзендері:
А) Жайық, Ырғыз,Сарысу
В)Ембі, Сағыз, Ырғыз.
С) Жем,Шу, Іле.
Д) Жайық, ОЙыл,Жем.
6.Жауын-шашын мөлшері.
А) 200мм
В)140-350 мм
С)100-200мм
Д)250 -300мм
7.Шығыс Еуропа жазығының табиғат зоналары.
А) орманды  дала, дала;
В) шөл, шөлейт;
С)Орманды дала,шөл;
Д) дала, шөлейт, шөл.
 8.Шығыс Еуропа жазығының пайдалы қазбалары.
А)көмір, мыс, шымтезек;
В)мұнай, газ, құрылыс материялдары;
С)Ұлутас,хром,никельД) мұнай, боксит, темір9.Көлдері.
А) Шалқар, Аралсор,Каспий,
В)Балықты, Каспий, Арал,Балқаш.
С)Каспий,Теңіз,Сілтетеңіз;
Д) Әулиекөл, Шағлытеңіз, Каспий.
10.Бэр төбешіктері қайда кездеседі?
А) Жалпы Сырт
В) Жем Орал алды үстірті;
С) Каспий маңы;
Д) Аталғандардың бәрінде
2. «Көшбасшылыққа ұмтылу» 3 топқа сұрақтар рет-ретімен қойылады.
1.Шығыс Еуропа платформасының фундаменті қандай жыныстардан қалыптасқан? (кристалды қатты)
2.Каспий теңізі теңіз деңгейінен неше метр төмен ? (- 27)
3. Алғаш мұнай фонтаны атқылаған жыл (1899)
4. Жем өзені  қандай сумен қоректенеді? (қар)
1.Ойыл өзені қай өзеннің саласы? (Жайық)
2.Шығыс Еуропа жазығында бэр төбешіктер қайда кездеседі? (Каспий маңы).
3.Құм, саз , балшық, ұлутас бұлар (құрылыс материялдары)
4. Шығыс Еуропа жазығының жаздағы температурасы (+220,+240)
1. Теңізде қандай балықтар бар?(қызыл балық, бекіре)
2.Каспий маңы ойпатының  жер  бедері неліктен  жазық болып келеді? (ұзақ уақыт су астында  жатуынан)
3.Табиғат эрозиясының қандай түрі басым? (аңызақ жел)
4.Шығыс Еуропа жазығындағы қазіргі  экологиялық проблемалар (ауа, топырақ, теңіздердің  мұнай – газбен ластануы.)
V. Бекіту кезені. Шығармышылық жұмыс.
Шығыс Еуропа табиғатының қолайлы және қолайсыз жақтары. Табиғат жағдайының қолайсыздығы Климаты құрғақ, суға тапшы Булану өте жоғары. Органикалық дүниесі аз
Табиғат жағдайының  қолайлы.
Қар жұқа түседі,мал жақсы жайылады
Теңізбен шектесіп, балық шығарады.Пайдалы қазбалары көп.