А?паратты сы?у.А?паратты ?ор?ау.Вирус?а ?арсы программалар
Информатика 6 сыныпСабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу.Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программаларСабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ақпаратты сығуды, ақпаратты қорғауды және вирусқа қарсы рограммалар туралы түсіндіру
Тәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Түрі:Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Көрнекілігі:ДК, оқулық,
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу
ІІ.Үйге тапсырма: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі.Ақпаратқасиеті
ІІІ Жаңа сабақ
Файлдың көлемін кішірейту үшін, көлемі үлкен файлдарды дискіде сақтау, сонымен қатар оларды компьютерлік желі арқылы жіберу үшін файлдарды архивтеу- файлдарды немесе файлдар тобын қысу (сығу) процесі қолданылады.
Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.
Вирус– бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіпкеуі» (яғни оларды зақымдауы) сондай-ақ жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Ішінде виусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
Вирустардың таралу жолдары:
- Дискеттер;
- Лазерлік
- Компьютерлік желілер
Вирустар екі түрге бөлінеді:
- Резиденттік
- Резиденттік емес;
Резиденттік вирустар зақымданған программаны орындауға қосу кезінде активтенеді, өзін жедел жадқа көшіреді де, біраз уақыт бойы білінбейді.
Резиденттік емес вирус өзін жедел жадқа жазбайды, бірақ зақымдалған прграмманы орындауға қосқанда активтенеді.Ол өзін файлға қосып жазады да, оның орындалу барысын былай, файлды іске қосқанда алдымен вирус – программа, содан кейін программаның өзі орындалатындай өзгертеді.
Вирустан қорғау үшін:
- Профилактикалық (алдын алу) шаралары
- Вирустардан қорғауға арналған аранйы бағытты програмаларды қолдануға болады.
Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:
- Қосалқы көшірме жасау- ақпаратты архивтеу;
- Зақымдануы ықтимал кездейсоқ «пираттық»(ұрлық) программаларды қолданбау;
- Дискеттерді вирустан тексеру;
- Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту:
Антивирустық программаларды үш негізгі таптарға бөлуге болады:
1.Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулық қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;
2.Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;
3. файлдарда вирустардың барын олар зақымданғаннан кейін анықтайтын прогаммалар.
Вирустармен куресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің AVP-i. Бұл прграммалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Вирустардың таралу жолдары қандай?
2. Вирустар неше түрге бөлінеді?
3. Вирус- дегеніміз не?
4. Антивирустық программаларды неше негізгі топтарға бөлуге болады?
Бағалау
Үйге тапсырма:Ақпаратты сығу.Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар