?неге са?атыны? та?ырыбы: ?лтты? валюта-те?ге (9 сынып)


Тексерілді:_______________директордың ТІ жөнінде орынбасары
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Ұлттық валюта - теңге"                                    
  Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады                                                                 
Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар!                              
«Ұлттық валюта-теңге» атты тәрбие сағатымызды  бастаймыз.
Кіріспе сөз:
Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
І бөлім:  Тарихи толғау
  1-жүргізуші:  Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды.  Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.
2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.1-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
2-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.1-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
2-жүргізуші: Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
Түні нұрлы, ақ таңы,Жері гүлдей бақтағы.Ел ырысы – тайқазан,Төл теңгеміз қақпағы.Қазынамыз толығып,Болсын дәйім жолы құт!«Төл теңге – ел тірегі!»Деп құрметтер оны жұрт.
ІІ бөлім: Сұрақ-жауап сайысы
 Сайысымыздың «Кім жүйрік ?» атты екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып
1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс   
 1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы- Инфляция3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі- Валюта5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал6. Әзербайжан валютасы - Манат7.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика8. Армения валютасы - Бран.9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер10.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер -Банкнот11. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу - Транзит12. Монғолия валютасы - Тугрик13. ҚР ең алғаш астанасы - Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)14. Үндістан валютасы - Рупии15. Алғаш монеталар қай ғасырда  пайда болды - V ғасырда ежелгі Грецияда16. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар - Ақша17. Грузия валютасын ата - Лари18. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы -Инвестиция
19. Англияның ақшасы - евро
20. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы - 1доллар-370 теңге
21. Экономиканың күре тамыры - жол
22. Ұлттық банк төрағасы кім ? - Акишев А
23. Теңгенің авторлары - Т. Сулейменов, Қ.Ғабжалилов, М.Әлін, А.Дүзелханов
24. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата - Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан
25. Ең бірінші теңге бағамы - 1 АҚШ $ 4,75 теңге
26. Теңгенің кешегі күнгі бағамы - 1 АҚШ $ 307 теңге 73 тиын
Қорытынды:
Жеңімпаз оқушыны марапаттау