?аза? тілі п?нінен ?лтты? валюта атты та?ырыпта саба? жоспары (6-сынып)


Айы, күні, жылы.
Сыныбы.
Сабақтың тақырыбы. Ұлттық валюта
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән
дыбыстарының айтылуы мен жазылуын
қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру. Ұлттық валютаның шығу тарихымен таныстыру.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын
молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
ІV Жаңа сөздер.
Сөздік
ұлттық валюта- национальная валюта
теңге- денги
қолданыс- применять
пайдалану- пользоваться
тарату - раздавать
V Дәптермен жұмыс
1-тапсырма.Диалогты толықтырыңдар.
-Біздің еліміздің ұлттық валютасын білесің бе?
-Теңге
-Теңге қай жылы қабылданды?
-1993 жылы
-Теңгенің қандай белгілері бар?
4-тапсырма.Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.
Мысалы: Қарашадан қараша түбір, дан – жалғау, жатыс септік.
5-тапсырма. «Ұлттық валюта туралы менің көзқарасым мынадай: ...» өз ойларыңды айтыңдар.
VІ Тақтамен жұмыс
Берілген сөздерді септеу, фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.
Ұлттық валюта
Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін белгілердің бірі- ұлттық ақша. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығарды.
1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі шықты. 1993 жылғы 15 қарашадан теңге айналымға енді.
Бірінші шыққан ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою- өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген.
Екінші бетінде ою- өрнектер, табиғат көріністері бейнеленген, елтаңбамыз салынған.
2006 жылы шыққан 200 теңгенің бір бетінде Қазақстанның елтаңбасы, туы, астана қаласының «Бәйтерек» кешені, елбасының қолтаңбасы бейнеленген. Екінші бетінде Қазақстан картасының бейнесінде жаңа архитектуралық ғимараттар, мүсіндер берілген.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
Мысалы: Ұлттық валюта күні қашан?
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.