биологиядан емтихан билеттері 11 сынып
«Келісемін» «Бекітемін» ӘБ отырысында
МАБYО директоры: №7 мектеп директоры: қаралды:
Жасақова Р Курашев Е.У. ӘБ жетекшісі:
«___» ________2014ж «___» ________2014ж Шукирбаева Н
«___» ________2014ж
2014 – 2015 оқу жылындағы 11 - сынып оқушыларына арналған биология пәнінен емтихан билеттері
№1 билет
Жасушалық теория. Жасушаны зерттеу әдістері.
Адамның жүйке жүйесі. Құрылысы мен қызметі. Рефлекстік доға
№2 билет
Ұлпалар, олардың түрлері, қызметі
Адамның эндокриндік аппараты. Гуморальдік реттеу.
№3 билет
Жасушаның химиялық құрамы. Жасушаның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар.
Адамның анализаторлары, олардың құрылысы, қызметі мен маңызы.
№4 билет
Ағзаның тыныс алуы. Гликолиз, оның оттекті және оттексіз кезеңдері
Адамның тірек – қимыл аппараты, құрылысы мен қызметі.
№5 билет
Жасушаның бөлінуі. Митоз, оның биологиялық мәні.
Ағзаның ішкі ортасы. Құрамы, маңызы.
№6 билет
Жыныс жасушаларының бөлінуі. Мейоз, оның биологиялық мәні.
Жүрек – қантамырлар жүйесі. Жүректің құрылысы мен қызметі. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері
№7 билет
Нәруыз биосинтезі, оның биологиялық маңызы.
Адамның тыныс алу жүйесі. Өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу
№8 билет
Қазіргі әлемдік экологиялық проблемалар.
Адамның асқорыту жүйесі. Асқазанда астың қорытылуы.
№9 билет
Ағзалардың көбею түрлері
Адамның зәр шығару жүйесі. Терінің құрылысы, маңызы.
№10 билет
Бактериялар , олардың түрлері, маңызы
Адамның мінез – құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер.
№11 билет
Ұрықтану, оның генетикалық маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосарынан
ұрықтануы.
Адам генетикасын зерттеу әдістері. Адамның тұқым қуалайтын аурулары
№12 билет
Дамудың түрлері. Онтогенездің кезеңдері.
Балықтарға жалпы сипаттама, олардың жіктелуі.
№13 билет
Т.Морган заңы. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы.
Балдырлар, олардың жалпы сипаттамасы, жіктелуі, даму циклі.
№14 билет
Г.Мендельдің заңдары. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің
цитологиялық негіздері.
Саңырауқұлақтар патшалығы, олардың жіктелуі. Қыналар.
№15 билет
Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Адамның
тұқым қуалайтын аурулары.
Мүк тәрізділер. Құрылыс ерекшеліктері, даму циклі, жіктелуі.
№16 билет
Өзгергіштік және оның түрлері. Мутациялар, олардың түрлері және пайда
болуына себептер.
Папоротниктәрізділер, олардың құрылыс ерекшеліктері, даму циклі,
жіктелуі.
№17 билет
Популяциялар генетикасы. Харди – Вайнберг заңы.
Жалаңаштұқымдылар. Биологиялық ерекшеліктері, даму циклі, жіктелуі.
№18 билет
Селекцияның генетикалық негіздері.
Жабықтұқымдылар. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі.
№19 билет
Н.В.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі,
гомологтық қатарлардың заңы.
Біржасушалы ағзалар. Олардың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері,
жіктелуі.
№20 билет
Ішекқуыстылар типі. Жалпы сипаттамасы, негізгі ерекшеліктері, жіктелуі.
Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар. Жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері,
жіктелуі
№21 билет
Эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, паралеллизм.
Жер бетінде тіршілііктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы
кезеңдері. Опариннің теориясы.
№22 билет
Органикалық дүниенің даму тарихы.
Қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар класы. Жалпы
сипаттамасы, ерекшеліктері, жіктелуі
№23 билет
Тірі ағзалардың табиғи бірлестіктері. Биогеоценоздар. Олардың құрамдас
бөліктері: продуценттер, редуценттер, консументтер.
Буынаяқтылар типі. Жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, жіктелуі.
№24 билет
Антропогенез. Антропогенездің факторлары. Адам эволюциясының негізгі кезеңдері.
Құстар класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, жіктелуі
№25 билет
Организмдер арасындағы қарым – қатынастың формалары. Жағымды қатынастар: симбиоз, кооперация, мутуализм, комменсализм. Антибиотикалық қатынастар: жыртқыштық, паразитизм, бәсеке.
Сүтқоректілер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, жіктелуі.
«Келісемін» «Бекітемін» ӘБ отырысында
МАБYО директоры: №7 мектеп директоры: қаралды:
Жасақова Р Курашев Е.У. ӘБ жетекшісі:
«___» ________2014ж «___» ________2014ж Шукирбаева Н
«___» ________2014ж
2014 – 2015 оқу жылындағы 11 - сынып оқушыларына арналған биология пәнінен емтихан сұрақтары
1. АА – қызыл түсті жеміс
аа – ақ түсті жеміс
Аа – ал қызыл түсті жеміс
Қызыл түсті жеміс пен ал қызыл түсті жемісті будандастырыңдар. Ғ1 ұрпақта қанша % қызыл, қанша % ал қызыл жеміс алынады?
2. Әкесінің қан тобы - ІҮ ал шешесінің қан тобы – І. Балаларының қан тобы әкесінің қан тобындай ІҮ бола ала ма? Дәлелдеп көрсет.
3. Альбинизм – аутсомды рецессивті белгі. Альбинос еркек сау әйелге үйленді. Бұл отбасында 2 бала дүниеге келді. Олардың 1-еуі сау, ал 2-шісі альбинос. Барлық отбасы мүшесінің генотипін анықтаңдар.
4. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай гаметалар түзе алады ААВВ, АаВВ, ААВв, ААвв, АаВв?
5. Ағасында – І қан тобы, ал қарындасында – ІҮ қан тобы. Олардың ата – аналарының қан тобын анықтаңдар.
6. Әкесі көк көзді, қара шашты, ал шешесі қара көзді, сары шашты. Олардың 4 баласы бар, олар әртүрлі. Ата – анасының генотиптерін анықтаңдар.
7. Ата – аналарының қан топтары ІІ және ІІІ болса, ұрпақтарының қан тобы қандай болады? Дәлелдеп көрсет.
8. Бұршақ тұқымының сары түсі-А, жасыл түсіне-а ға қарағанда доминантты.
Ал, тегіс пішінді В бұдыр пішінді-в дан басым. Мына генотиптердің, тұқымдарының түстері мен пішіндерін анықтаңдар:
ааВВ, Аавв, , АаВВ, ааВв, ААВВ, ААвв.
9. Қызыл гүлді раушан гүлін, ақ түсті раушан гүлімен будандастырған. Қызыл түс ақ түс қарағанда доминантты. Осы гүлдердің Ғ1, Ғ2 ұрпағын анықтаңдар.
10.Шешесі сау (ХН ХН) гомозиготалы, әкесі (ХhҮ) гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ.
11. Ірі қараның қара түсті реңі қызыл түске қарағанда басымдылық қасиет көрсетеді. Гомозиготалы қара түсті аталық пен қызыл түсті аналық сиырлардан Ғ1 қандай ұрпақ алынады? Осы гибридтерді өзара будандастырса Ғ2 де алынған сиырларды будандастырса, қандай бұзаулар пайда болады?
12. Адамда алты саусақтың болуын (полидактилия) доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Ата – аналарының екеуі де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусақты балалардың дүниеге келуі мүмкін бе? Дәлелдеп көрсет.
13. ДНҚ молекуласының бір үзіндісінің ұзындығы 20,4 нм. Осы үзіндіде неше нуклеотид бар екенін есепте.
14. ДНҚ – ның бір тізбегінде нуклеотидтер төмендегідей ретпен орналасқан. А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-А-Г ДНҚ молекуласының екі тізбекті құрылымы схемасын және осы тізбектегі нуклеотидтердің % есепеңдер.
15.Тышқанның генотипі уу – сұр. Уу –сары болады да, УУ эмбриондық даму сатысында өледі. (летальді). Сары және сұр тышқанды, сары және сары тышқанды шағылыстырғанда қандай ұрпақ пайда болады?
16. Бидай масағының қысқа болуы ұзынға қарағанда доминантты. Егер орташа ұзындықтағы бидай масағы бар өсімдіктерді будандастырса, қандай масақты бидай пайда болады?
17. Сұр дрозофила шыбыны қара түсті шыбындармен бундастырған. Ұрпағы тегіс сұр денелі болып шыққан. Осы белгілердің қайсысы рецессивті, сұр шыбынның генотипін анықта.
18. Екі түрлі аллель бойынша гомозиготалы қара шашты, көк көзді әйел бірінші аллель бойынша гетерозиготалы қара шашты, көк көзді ер адамға тұрмысқа шыққан. Олардың балалары қандай болуы мүмкін?
19. Қарбыздың сырты жасыл және жолақ-жолақ болады, ал формасы жағынан – сопақша және домалақ болып келеді. Сопақша келген жасыл гомозиготалы қарбызды, домалақ жолақ – жолақ гомозиготалы қарбызбен будандастырған. F1 – та домалақ жасыл қарбыздар пайда болған. F2 қандай?
20. Үй қояндарының терісінің түстері ала және тұтас бір түсті болады. Осындай қояндарды шағылыстырғанда Ғ1 ала түсті көжектер, ал Ғ2-23 ала, 8 тұтас түсті көжектер пайда болды. Қай белгі доминанты? 23 ала түсті көжектердің қаншасы гомозиготалы?
21 Адамда солақайлық басылыңқы белгі рецессивті оң қолды жақсы меңгеру-басымдық доминатты. Оңқай гомозиготалы әйел мен солақай еркектің ұрпағы қандай болмақ.
22 Сұр тышқандар қара тышқандар мен шағылыстырылды.Бірінші ұрпақтың барлығы сұр түсті болды. Сұр ұрпақтарды өзара және қара ата-енелерімен шағылыстырудан қандай нәтиже күтуге болады.Барлық генотиптерді сипаттап жазыңдар.
23 Сасық меңдуанада тікенді қауашақ тегіс қауашақ тегіс қауашақтан басым болады.Тікенді гетерозигота мен гомозиготалардан қандай ұрпақ күте аламыз.Барлық дарақтардын генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.
24. Қызанақтың қызыл түсі сары түстен басым. Қызыл гетерозигота мен сары дарақтан қандай ұрпақ күтуге болады? Олардың барлық генотипі мен фенотипін сипаттап жазыңдар.
25. Адамның бойы 3 жұп полимерлі гендер арқылы анықталады. Ендеше бойдың биіктігі сол гендердің өзара полимерлік әрекеттесуіне байланысты. Рецесивті генмен анықталатын аласа адамның бойының биіктігі 150 см, ең биік адамдардың бойы 180 см. Барлық 3 жұп гендер бойынша гетерозиготалы адамдардың бойының биіктігі қандай болмақ?
.