МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ДЕНСАУЛЫ? СА?ТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Адамның басты байлығы денсаулық. Денсаулығымыз байлықтанда қымбат.Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сауболса ғана биік шыңдарға қолы жетері,халқына қызмет етері даусыз.ЕлбасымызН.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауында айтылғандай«Салауатты өмір салтын ұстау» қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бала біздің болашағымыз, қоғамымыздың азаматы. Олай болса, дені сау бала еліміздің жарқын болашағының кепілі. Жас жеткеншектердің дені сау, тәрбиелі, білімді болып еліміздің мақтанышына айналуына «Балдырған» мектеп-балабақшасының ұжымы да өз үлесін қосуда. Балабақшамыздың негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соған байланысты біздің мектеп- балабақшамызда балаларды салауатты өмір салтына баулу үшін, денсаулықтарын нығайту, шынықтыру үшін барлық жағдайлар жасалған.    Қазіргі уақытта біздің «Балдырған» мектеп- балабақшасында талапқа сай, жақсы жабдықталған спорт залы, һауыз, аулада спорт және ойын алаңдары бар.Мектеп- балабақшамызда әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру, сауықтыру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде дамытып келеміз. Мектеп- балабақшада әр баланың денсаулығы үшін бала дәрігері мен медбикелер жауап береді. Медбикелер денсаулықтың алдын алуда, ата-аналармен және тәрбиешілермен кеңестер өткізіп тұрады. Мектеп- балабақшамызда екі санаторлық топ бар. Санаторлық топтардың арнайы күн тәртібі мен 5 мезгіл ас мәзірі бар. Бұл топтағы тәрбиешілер де балалардың денсаулығын нығайтуда үнемі шынықтыру жаттығуларын өткізіп, осыған байланысты іс-шаралар ұйымдастырып тұрады.
Мектеп- балабақшада күнделікті «С» дәрумені бар үшінші тағам беріледі. Әр топта денсаулық бұрыштары бар, медбикелер үнемі денсаулық бұрыштарын ақппараттардың жаңаруын қадағалап отырады.
Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Мектеп- балабақшада «Денсаулық» саласының білуге тиісті- білім-білік дағдыларын игерту барлық топтарда дене шынықтыру бөлімін жоғары білімді мамандар жүргізеді. Сағындықов Медет Кайргелдіұлы ІІ санатты педагог, аудандық барлық іс- шараларға қатысып, облыс, аудан көлемінде жүлделі орындарды иеленіп жүрген маман. Қазақтың ұлттық ойыны «Тоғыз құмалақты» дәріптеп жүрген педагогтың бірі. Лекеров Жалын Нұрахметұлы –ІІ санатты педагог, аудандық , қалалық спартакиадаларға қатысып, мектеп- балабақша намысын қорғап жетістікке жеткен маман.
Салауатты өмір салтын ұстануда біздің тәрбиеші қыздарымыз да дене шынықтыру нұсқаушыларының ұйымдастыруымен аудандық, қалалық спартакиада жүлделі орындардан көрініп жүр. Үш жыл бойы тоғыз құмалақтан алдарына ешкімді жібермей келе жатса, баскетбол, валейболдан да екінші және үшінші жүлделі орындардан көрініп жүр. Жалпы командалық жарыстарда 2-ші, 3-ші орындардан кубоктарды жеңіп алып, балабақшамыздың мерейін асырып туын көкке көтеруде.
Бұл педагогтарымыз оқу- іс әрекетімен қатар, жыл бойы әртүрлі спорттық іс- шараларды жоспарлап, іске асырып жүр. Жыл бойы ата- аналардың қатысуымен көптеген сорттық сайыстарды жиі өткізіп тұрады.
Дене тәрбиесіне байланысты балабақшамызда жыл басында «Денсаулық апталығы» өтті. «Әкем, шешем және мен» «Толағай» отбасылық сайысы, «Спорттық мереке», «Спорт-біздің досымыз», «Ептілер мен мықтылар» және басқада тақырыптарда жарыстар өткізілді. Алдағы уақытта қысқы олимпиадалық ойындар «Шыңықсаң-шымыр боларсың», «Аударыспақ», «Сиқырлы шеңбер» эстафеталық ойын жарыстары жоспарлануда.
Балалардың денсаулығын қалыптастырып және оны шынықтыруда суда жүзудің денсаулыққа пайдасы көп. Мектеп- балабақшамызда бұған да арнайы жағдай туғызылған. Суда жүзуден нұсқаушысы білікті маман І санаттыпедагог Галина Иосифовна балалармен тиянақты түрде жұмыс істеп, балаларға жүзудің алғашқы дағдыларына үйретуде. Ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтарының балалары, сыныптар аптасына 1 рет жүзуге барады. Һауызда балалармен шынықтыруды жүйелі өткізу баланың теріс эмоциясын (жылау, қорқу, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үйрету үшін нұсқаушымен бірге медбикелер және тәрбиешілер қадағалап тұрады.
Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген.
Аурулардың алдын алу жұмыстарында ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Ол күнделікті біздің таңғы жаттығу, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуен.
Шынықтырудың ең бағалы құралы жыл бойы таза ауада өтетін күндізгі серуендер. Серуенге барлық топтың балалары екі мезгіл шығады. Күндізгі серуенде қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылып, балалардың қимыл белсенділігі әрекеттеріне көңіл бөлінеді. Ауладағы құрал жабдықтар, ойын әрекетіне арналған ойыншықтар баланың жасына сай жабдықталған. «Еңбексіз мақсатқа жетпессің. Адал еңбектің абыройы жоғары» деген еңбек туралы мақал-мәтел айтқыза отырып,серуенді еңбекпен ұштастыру, баланы еңбекке баулу. Міне осындай серуендерді біздің балабақшамызда үнемі өткізіп тұру тәрбиешілердің күнделікті жоспарына енген.
Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлері кешенді ұйымдастырылып және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын олардың жас ерекшеліктері дене дамуы ескеріледі.
Әр топта түстен кейінгі шынықтыру жаттығуларын жасауға үлкен мән беріледі. Түстен кейінгі шынықтыру жаттығуларына төсек үстіндегі, табан жаттығуларына арналған жолдармен жүру, орындық үстіндегі жаттығулар, салқын сумен шайыну жатады. Оларды әр күні түрлендіріп, алмастырып жоспарлайды, пайдаланады. Сондай-ақ осы жаттығулар жинағын әр топтан көруге болады.
Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл іс-әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру сабақтарымен шектелмейді. Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру үшін мектеп-балабақшамызда би қимылдарын да ұтымды пайдаланады. Бұған атсалысып жүрген біздің би жетекшіміз Нұрғалиева Ильмира Жұмабайқызы. Салауатты өмір салтын ұстанып, шынығу үшін би қимылдарын қолдану баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Сауықтыру іс-шараларында бір қалыпты сөйлеу ырғағы, мәнерлеп дауыс ырғағын қойып оқу және дауыс аппаратын қабылдауды дамытуда жұмыс істелінеді.
Ақмола облысы Бұланды ауданы білім бөлімінің №295 бұйрығы негізінде 2014 ж 4 мамырынан бастап «Балдырған» мектеп-балабақшасында логопедтік пункт ашылды. Логопед қызметінде Жақсалықова Анар Сәбитқызы өз жұмысын атқаруда.
Логопедтің ең басты мақсаты ауызша сөйлеу жөнінде балалармен түзету сабақтарын жүргізу. Логопед түзету жұмысында тек қана дыбыстардың айтылуын жөндеп қана қоймайды, сонымен қатар дұрыс сөйлеу, демін, ырғақпен сөйлеу мәнерін қалыптастырады. Балалардың тіл кемістігін жою жолдарында артикуляциялық аппаратына, тыныс алуға және қол моторикасына арналған, көзге арналған жаттығулар өткізеді. Сауықтыру әдістерін қолдана отырып, дыбыстардың айтылуын қалыптастырады. Балалардың тіліне және бетіне массаж жасайды. Мектеп- балабақшада ұйымдастырылған Балалар хоры да балалардың дұрыс сөйлеуі, дыбыстарды дұрыс айтуына, тыныс алуына жақсы әсер етіп, Логопед жұмысына көп көмек тигізеді.
Міне сондықтан да қоғамымыздың ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Қорыта айтқанда өмір өлшемі- салауаттылық, салауатты өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып өміріне қажетті нәрсені ала алмайсың. Ендеше Абай атамыз айтпақшы «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей еңбексіз белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.
Болашағымыз нұрлы еліміздің ертеңі ашық болсын десек, ел болып, халық болып, болашағымыз жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттайық.