?атынас: Та?ырыбы: ?ажайып ?алта.


Қатынас: Тақырыбы: Ғажайып қалта.
Кіші сала : Тіл дамыту
Мақсаты: Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету ( мысалы: ақырын сөйлеу ). Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілік: үлестірмелі материалдар, әр-түрлі заттар суреттері.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, ойындар. Сөздік жұмыс: доп, қуыршақ, пойыз. Үш тілділік: Доп-мяч, ball. Қуыршақ-кукла, doll. Пойыз-поезд, train.
Әрекеттің кезеңі. Тәрбиешінің әрекеті. Балалардың әрекеті.
Талаптандыру, дәлелдеу. Шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң , апай.
Балалар өлең жолдарын айтып, қимылмен жасайды.
Ұйымдастыру ізденіс. Тәрбиеші ғажайып қалтаның ішінен жұмсақ допты шығарып: -Мынау не? Өзі домалақ, секіреді, тепсең қашады, ойнымызды қандырады.
Допты сипаттауға тапсырма береді.
-Ол неге ұқсайды?
Қуыршақ
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
1, 2, 3, 4, 5
Қуыршақтың тұсауын кес,
Қуыршағым қаз-қаз,
Қыдырайық аз-маз
Бұл не?
Қуыршақты сандықтан шығарып көрсету. Қуыршақты сипаттау, қайталау.(Көйлегін, түсін, шашын, әдемілігін айтады) Ғажайып қалтаның ішінен машина ойыншықты шығару.
-Мынау не?
-Кәне, машинаның түсі қандай?
-Ойыншық машина неден жасалған екен?
(Ұстап көру, сезу).
-Ол неге ұқсайды?.
Сергіту сәті:
Бөп-бөп, пыш-пу...
Теміржолшы
Мен ең күшті.
Абай болшы,
Менен күшті.
Жол ашып қой, Кім бар? Пыш-ту ! Жер қашық қой! Бөп-бөп-бөп! Бө-ге-ме! Қызығушылық танытады. Қарайды, жауап береді.
-Доп.
-Шар тәрізді, түсі қызыл, жасыл, әр түрлі болады. Өзі жеңіл. Ол резеңкеден жасалған.
-Қуыршақ.
-Қуыршақтың көйлегі әдемі, қызыл т.б.
-Көлік, қатты заттан жасалған.
-Текшеге ұқсайды,
дөңгелектері шарға ұқсайды.
-Қимылмен көрсетеді.
Қорытынды. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ғажайып қалтадағы заттардың аттарын, түр түсін сұрау. Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:
-диалог құрып, сөйлеуге арналған тапсырманы;
Түсінеді:
- ойыншықтар қандай заттан жасалғанын біледі;
Қолданады:
- дидактикалық ойынның шартын түсініп, ойнай білу іскерліктерін.
Есепберу:______________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________