7-сынып. Ашы? саба?ты? та?ырыбы :№6Практикалы? ж?мыс.Механикада?ы к?штер.
БҚО,Зеленов ауданы,Асан ауылы Асан жалпы орта білім беретің мектеп
Физика және информатика пәні мұғалімі: Жангирова Балсулу Изтелеуовна
Пәні: Физика Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы:№6Практикалық жұмыс.Механикадағы күштер.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға практикалық жұмыста тапсырмаларды орындаудың тәсілдерін қарастыру, «Күш» ұғымына байланысты графиктік және экспериметтік тапсырмалар орындау кезінде оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білулерін ұйымдастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың зерттеушілік, талдау қабілеттерін және ғылыми дүниетанымын дамыту, танымдық белсінділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шығармашылыққа және еңбектенуге тәрбиелеу, күнделікті тұрмыстық жағдайды, қоршаған ортаны түсінеге жетелеу.
Сабақтың түрі: Жалпылау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: Практикалық жұмыс.
Көрнекілік: Динамометр, тұрғы, жүктер, сызғыш, интерактивті тақта, слайдтар.
Күтілетін нәтиже:
А. Оқушылардың күш ұғымы туралы білімі тексеріледі .
В. Формула қолдана білу дағдысы тексеріледі
С. Теориялық біліміне қорытынды баға береледі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сынып дайындығын, оқушы бейнесін тексеру, оқушылардытүгендеу, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тасырмасын тексеру.
а)Үйге берілген есептің шығарылуын тексеру.
14-жаттығу №3. а) 20 Н; ә) 11 Н; б) 30 Н; в) 20 Н.
ә) Өткен материалдарды қайталау мақсатында ойын ұйымдастыру:механикадағы күштергебайланысты викториналық сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар механикадағы күштерге байланысты теориялық, сапалық және практикалық сұрақтардантұрады. Әр оқушыға бір сұрақтан, ауызша жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ. Деңгейлік (графиктік, экспериметтік) тапсырмалар орындау
А деңгейі. (В.И.Лукашик, есептер жинағы)
№328. 64-65 суреттерде жүктерге қандай күштер әрекет етеді және олардың бағыты қандай?
Жауабы:Fа- Жердің центріне қарай, Fсер-ауырлық күшіне қарсы бағытталған.
№334. Қай шардың салмағы ең үлкен және ең кіші; шарлардың тығыздықтары қандай (68-сурет)?
Жауабы: 10 кг массалы шардың салмағы мен тығыздығы ең үлкен, 2 кг шардікі ең кіші болады.
№4. Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
Жауабы: F=μN=μmg, μ=F/mg=200 H/500=0.4
В деңгей. (графиктік есептер)
График бойынша серіппенің қатаңдығын есепте.
Жауабы:k=F/∆l=20Н/0,04м=500 Н/м
№2. Графикте резеңке бұраудың ұзындық өзгерісі мен оған түсірілген күштің тәуелділігі берілген.Қатаңдақты анықта
18440409525
Жауабы: F= k ∆l, ∆l1=0, Ғ1=0; ∆l2=0,2м, Ғ1=4 Н, онда k=F/∆l=(4Н-0)/(0,2м-0)=20 Н/м
С деңгей. (экспериметтік тапсырма)
Тапсырма: Динамометр сетіппесінің қатаңдығын есепте, ауырлық күшті мен массаның тәуелділігін график бойынша көрсет.
Қажетті құрал-жабдықтар: тұрғы, динамометр, жүктер және сызғыш.
IV. Бекіту.
Тест жұмысы (флипчарт бойынша тест жұмысын орындау)
Күштің өлшем бірлігі
Н
м
с
м/с
үстел үстіндегі кітаптың массасы 0,5 кг. Кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің шамасы
0,5 Н
5 Н
50 Н
500 Н
Жерде салмақсыздық күйін сезінуге болады ма?
Болмайды
Ғарышкемесінде ғана сезінуге болады
Болады, секірген кезде
Мүмкін емес
Серіппеге ілініп тұрған жүкті алып тастағанда, серіппе қандай күштің әсерінен сығылады?
Серпімділік күші
Ауырлық күші
Үйкеліс күші
Бүкіләлемдік тартылыс күші
1 Н күште қанша кН күш бар?
10 Н
100 Н
10-2 Н
10-3 Н
Үйкеліс күшінің бағыты қандай?
Жердің центріне қарай
Қозғалыс жылдамдығының бағытына қарсы
Қозғалыс жылдамдығымен бағыттас
VІІ.Үйге тапсырма. Денелердің өзара әрекеттесуі тарауын қайталау. Тарау бойынша тест құрастыру. Бақылау жұмысына дайындалу.
VІІI. Бағалау.