Саба? жоспары Ежелгі ?нді м?дениеті
6-сынып. Ежелгі дүние тарихыСабақтың тақырыбы: § 19. Ежелгі Үнді мәдениетіСабақтың мақсаты:
Жалпы Үнді мәдениетіне кеңірек тоқтала отырып, Ману заңдарына, буддизмге сипаттама беру. Өнер, білім негіздерін жетілдірудегі ерекшелектерін көрсету.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дүниежүзі карта,суреттер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралын тексеріп түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І топ-«Сөздікпен жұмыс»
Пенджаб- Брахма- Кшатрий- Варна- Сакхари- Раджа-ІІ топ-«Үндістанның шаруашылығы»
ІІІ топ-«Ежелгі Үндістандағы әлеуметтік қатынастар» Кестемен жұмыс
Брахмандар- Жауынгерлер- Егіншілер- ШудраларІҮ топ-Сөзжұмбақ құрау «Брахмандар»
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
Жаңа сөздер:
«Махабхарата»
«Рамаяна»
«Будда»
«Брахма»
«Ману»
«Нирвана»
Кіріспе: Мұғалім Ежелгі дүниедегі ән-жыры көп халықтардың бірі-үнділіктер. Олардың өмірі мен тұрмысы туралы «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарында жырланған. Бұл шығармалар-ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен туындылар.
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, «Махабхарата» мен «Рамаяна» дастандарының мазмұнын айту.
Оқу материалдарының негізгілерін ғана түсіндіремін, ал қалғанын оқушылар өткен материалдарға сүйене отырып, өздігінен меңгереді.
«Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарының мазмұнын әңгімелеп айтып беру.
Ману заңлары туралы баяндап, оны қазіргі өмірмен сабақтастыру, яғни байланыстыру. Өткен тақырыпты естеріне түсіріп, салыстыру.
Буддизм тақырышасы бойынша будданың таралуы туралы айту. Монахтар тіршілігін әңгімелеу. Қандай елдерде тарағанын картадан көрсетіп, будданың дүниежүзілік дінге айналуын баяндау.
Оқушылар сабақта өз бетінше орындайтын жұмысы арқылы да жаңа білімді игереді, тапсырмалар орындайды.
Оқушылар оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, сөзжұмбақ, ребус шешуге жаттығады.
Сыныптан тыс оқуға арналған «Будда туралы аңыз» әңгімесіноқып, талдау, берілген жаңа сөздердің мағынасын тақтаға жазып көрсету, әңгіме туралы оқушылардың пікір, көзқарастарын тыңдап, талқылау, әңгімеде суреттелген әр кезеңдегі өмірді ретімен жазу-осының бәрі сабақ барысында атқарылатын жұмыстар.
Сабақ аяғында жинақтап, қорытындылаймын.
Өнер мен білім негіздері бойынша үнділіктер өнерінің тамаша туындылары-діни сарайлар мен храмдар туралы айтылады. Олардың 2 түрі болды. Біріншісі-ашық жердегі храмдар, олар тастан, кірпіштен тұрғызылған, екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар.
Ашық жердегі храмдардың төбесі бидай түйетін келі сияқты күмбезделіп тұрғызылған. Айналасы қоршалып, төрт жағынан сәнделген бұл храмдардың зерленген қақпасы болғанына тоқтала отырып, оқулықтағы қақпаның суретіне сипаттама жасаймын. Онда Будда мен оның мөрі бейнеленеді. Тастан күйдірілген қыштан шеберлер әр түрлі мүсіндер жасады.
Үнділердің жыл санауы бойынша 1 жыл 360 күн, 12 айға, бір ай 30 күнге бөлінді. Б.з.V-VI ғасырларда үнді оқымыстылары Жердің шар тәріздес екенін білді. Олар ертеден санаудың ондық жүйесін пайдаланды. Қазіргі біз жазып жүрген сандарды арабтар үнділіктерден үйренген.
Үй тапсырмасы:§19
Кітап бойынша сөзжұмбақ құрастыру