План-конспект по истории на тему: ?аза?станны? Ресейді? ??рамына кіруі
Сыныбы:10класс
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі
Сабақтың мақсаты:
Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, сақсатын көрсету. Кіші және Орта жүздердегі Ресей құрамына кіру барысындағы саяси оқиғаларды, Абылай ханның қазақ хандықтарын біріктіру жолындағы әрекеттерін, Ұлы жүздің Ресейге қосыла бастауын және қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталғанын деректер келтіре отырып түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: «XVIII ғасырдағы Қазақстан» картасы. "ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы. «Абылай» портреті, суреттер, мөрдің суреті, буклет, сызба, кесте.
Сабақтың жоспары:
Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің құрамына кіруі
Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі
Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.
Сабақтың жоспары оқушы дәптеріне жазылады. Жаңа сабақ материалы өткен сабақпен байланысты болғандықтан, оқушылардың танымдық білімін дамыту мақсатында «Қазақ хандарының таққа, билікке таласуының басты себебі неде?» деген сұрақ қойылады.
Мұғалім оқушы жауабын қорытындылап, сол кездегі Қазақстанның сыртқы саяси жағдайына, қазақ хандықтарының алдында тұрған мақсат, міндетіне тоқталады. Негізгі міндет-қазақ жүздерін сыртқы анталап тұрған жаудан қорғау және саяси бытыраңқылықты жою.
Сабақты әрі қарай түсіндіру барысында оқушылардың қазақ жүздерінің Ресей құрамына өте бастауының себебін, оның салдарын ұғынуына мән беру керек. Осы XVIII ғасырдың бірінші жартысында қосылудың тиімді, тиімсіз жақтарын аша білуге талаптандырып, кейінгі салдарын қазіргі жағдайлармен салыстыра отырып, қорытынды жасау керек.
Екінші мәселе бойынша мұғалім Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылайханның күресіне тоқталады. Кіші және Орта жүз қосыла бастағаннан кейін Ресей өз күшін пайдаланып, қазақ жерлерін тартып ала бастады. Мұнда сызбаны пайдалануға болады.
Ресей өкіметінің қазақ жерлерін алғашқы отарлау саясаты
Каспий және Жайық өзені бойындағы жерді казак орыстарға тартып алып беруі
Бекініс маңына 10 шақырымға дейін мал жаюға тыйым салуы, 50 шақырымға дейін тыйым салуы
Осыдан соң Абылай сұлтанның саяси сахнаға шығып, оның ішкі және сыртқы саясатына, хан болып сайланғаннан кейінгі жүргізген реформаларына оқушылардың назарын аудару керек.
Үшінші мәселеде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстік бөлігінің ерекше саяси-әлеуметтік жағдайда тұрғаны, бұл аймаққа Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтары шапқыншылық жасап, солардың езгісінде отырғаны түсіндіріледі.
Картаны пайдаланып Ресей өкіметінің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға ішкері еніп, Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністеріңн салуына кедергі келтіріп отырған Қоқан әскерлері мен соғыстарына тоқталу өте маңызды.
Жылы Болған оқиға
1834 ж. 6 мың Қоқан әскері Есіл өзеніне қарай жылжып, Ұлытау жеріне келеді. Оны орыс әскерлерінің талқандауы
1850 ж. Капитан К.Гутковский бастаған қосын Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Қоқандықтардан жеңіліп шегінеді.
1851 ж. 7 шілде Подполковник Карбышев қосыны Тойшыбек бекінісін алады.
1854 ж. Верный бекінісі салынады
1859 ж. Қастек бекінісі салынады.
1860 ж. Ұзынағаш түбінде қоқандықтармен болған ұрыста қоқандықтар жеңіледі.
1861-1864 жж. Әулиеата, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент бекіністерін орыс әскерлері алады. Оңтүстік Қазақстан Ресейге қосылады.
1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы заң шығады.
Сабақты қорытындылап бекіту сұрақтары қойылады.
Ресей империясының құрамына кіру қарсаңында Кіші жүздің саяси жағдайы қандай болды?
Алғашқы күштеп отарлау саясатының көрінісі қалай жүрді?
Орта жүздің Ресейге қосылуы қандай жағдайда жүрді?
Қазақстанның оңтүстік аймақтары қандай шапқыншылықтарға ұшырап отырған?
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары құрылған «Азия комитетінің» басты міндеті қандай болды?
Орыс әскерлері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қандай қалалар мен бекіністерді басып алды? Картадан көрсетіңдер.
Түркістан генерал-губернаторлығы қай жылы құрылды, оның құрамына қандай облыстар кірді?
Үйге тапсырма:мәтінді оқып келу