Ашы? саба?. Солт?стік Американы? физикалы? географиялы? орыны, пайдалы ?азбалары, зерттелу тарихы
Сабақ: №42 Сыныбы: 7 Ә Күні: 12.02.16
Тақырыбы: Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, материктің зерттелуі
Мақсаты: Оқушыларға Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, материктің зерттелуі туралы жаңа білім беру, толық теориялық түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Солтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы, жөнінде білім беру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың әдісі: Номенклатура, викториналық сұрақтар, венн диаграммасы, микрофон әдісі, адасқан мәтіндерді құрастыру, ең үздік түсіндіруші, рөлдік ойындар, білім сандықшасын толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, дүние жүзінің физикалық картасы, презентация.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту Материк қиықтары арқылы 4 топқа бөлу.
І топ. Африка
ІІ топ. Оңтүстік Америка
ІІІ топ. Аустралия
ІV топ. Антарктида
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма. Оңтүстік жарты шар материктерін қайталау.
Номенклатура. Карточка арқылы топтарға жер- су атауларын тарату. Топтан бір оқушы шығып картадан көрсетеді.
І топ (Сахара, Атлас, Виктория, Замбези, Намиб)
ІІ топ (Анд, Амазонка, Патагония, Гвиана, Бразилия)
ІІІ топ (Косцюшко, Эйр, Тасмания аралы, Жаңа Гвинея, Муррей)
ІV топ (Беллинсгаузен, Оңтүстік поляр шеңбері, Шмидт жазығы, Эребус, Росс )
Викториналық сұрақтар.
І топ
Африка материгінің жалпы ауданы?(30,3 млн км²)
«Биосфераның Алтын қорына» енгізілген Африка жерлері? (Сахара, Мадагаскар)
Африкада жауын- шашын ең көп түсетін қала? (Дебунджа)
Африкадағы ең таяз көл? (Чад, 4-7 м)
Африка жерінің 40 %-ын алып жатқан табиғат зонасы?
ІІ топ
Оңтүстік Америка жер көлемі жөнінен нешінші орында? (4)
Материкте дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау орналасқан, ол қай жанартау? (Охос-дель-Саладо 6880 м)
«Қалайы алаңы» деген мағына беретін көл? (Титикака)
Оңтүстік Америка елдерін тағы қалай атаймыз? (Латын Америкасы елдері)
Мулаттар дегеніміз кімдер ? (еуропалықтар мен негроидтық нәсілдердің некесінен пайда болған аралас нәсіл түрі )
ІІІ топ
Аустралияның жер көлемі? (7,6 млн км²)
Аустралияның ең төмен орналасқан нүктесі? (Эйр көлі – 12 м)
Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген? (эму түйеқұсы мен кенгуру)
Материктің байырғы халқы? (аборигендер)
Аустралияда неше мемлекет бар? (1, Аустралия Одағы)
ІV топ
Жер көлемі? (12,4 млн км ²)
Антарктида материгінің ашылған күні (1820 ж. 28- қаңтар)
Пингвиндердің неше түрі мекендейді? (17)
Ең төмен температурасы қай жерде тіркелген және неше градус? (Восток станциясы, - 89,2ºС)
Тұрғылықты халқы кімдер? (жоқ)
Венн диаграммасы. Қабілетті оқушыларға арналған тапсырма.
ІІІ Жаңа сабақ
Қысқаша материк туралы түсінік беру.
Микрофон әдісі. Кіріспе сұрақтар арқылы оқушыларың Солтүстік Америка материгі туралы не білетінін жеке микрофон беру арқылы тыңдау.
Адасқан мәтіндерді құрастыру.
І топ.
Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, ұзындығы 9000 км, ең енді бөлігі 1600 м
Дүние жүзіндегі ең үлкен арал- Гренландия аралы ораналасқан, ауданы 2 млн. 176 мың км²
Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі ең терең Колорадо каньоныны орналасқан, тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25 км.
ІІ топ
Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт- Мамонт Аппалач тауының оңт.шығ орналасқан, ұзындығы 500 км
Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы- Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, ұзындығы 145 км
Дүние жүзіндегі ірі мұздық- тектоникалық көлдер белдеуі Қордильераның солт. шығ –нан Аппалач тауларының етегіне дейін созылып жатыр.
ІІІ топ
Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі- Кордильер тауындағы Мак- Кинли шыңы, оның биіктігі 6193 м
Материктің ең төмен орналасқан нүктесі- Өлім аңғары , теңіз деңгейінен 86 м
Солтүстік Америкадағы ең суық жер Гренландия аралының орталығы -70 º С
ІV топ
Солтүстік Американың ең ыстық жері Өлім аңғары + 57 ºС
Солтүстік Американың жауын – шашын ең көп түсетін жері Кордильераның солт-бат жағалауы, 6000 мм
Солтүстік Американың жауын- шашыны ең аз түсетін жері Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап, мұнда 100 мм
Ең үздік түсіндіруші. Команда капитандарына мәтін беріледі. Олар осы мәтінді оқушыларға түсіндіру қажет.
І топ
Солтүстік Американың оңтүстігі сүйірленіп Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Осы жерде ХХ ғ- да салынған Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастыратын Панама каналы да бар Бұл екеуі бірігіп Америка дүние бөлігін құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралық Орталық Америка деп аталады.
ІІ топ
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы солтүстігіндегі Солтүстік мұзды мұхитын Тынық мұхитымен жалғастырады. Бұл жерде мұз басу кезінде Беринг бұғазының орнында құрлық болған. Бұл құрылықтық «көпір» арқылы екі материк арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген.
ІІІ топ
Солтүстік Америка материгі солтүстігі мен шығысында күшті тілімделген, себебі ол аймақтар жаппай мұз басу кезеңінде күшті тілімденуге ұшыраған.
ІV топ
Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы, жер бедеріндегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.
Рөлдік ойындар.
І топ
Х. Колумб – Мен Х.Колумб біле білсеңіздер ең алғаш болып 1492 жылы осы материк жағалауларын ашқан испан саяхатшысымын. Ал сіз кім боласыз?
Джон Кабот – Мен итальяндық Джон Кабот. ХV ғасырда Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауларын ашқан мына мен боламын.Ал сіздер кімсіздер? (2 топқа)
ІІ топ
Ал біз, ағылшын саяхатшыларымыз. Мен Генри Гудзон, және
Александр Макензи, біз материктің солтүстік және шығыс жағалауларын жүзіп өтіп көптеген жерлерді ашқанбыз. Картадан қарасаңыздар біздің атымыз берілген жер- су атаулары жетерлік.
ІІІ топ
Мқ, Мқ біз орыс саяхатшылары Витус Беринг пен Алексей Чириков
Біз 1741 жылы екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеген едік.
ІV топ
Ал мен ағылшындық Джеймс Кук. 1778 жылы Солтүстік Американың батыс жағалауымен жүзіп , Нортон шығанағын зерттедім
Ой мені бәрі біледі. Мен ХХ ғасырда өмір сүргем. Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтаған мен ғой. Осыған маған көмек берген АҚШ және Канада мемлекеттері.
V Бекіту кезеңі
Білім сандықшасын толтыру. Білім сандықшасына топтар бір- бірінің сабақ басынан бастап айтқан білімдерін жазады. 1- ші топ 2- ші топтың, 2- ші топ 3- ші топтың, 3- ші топ 4- ші топтың, 4- ші топ 1- ші топтың айтқандарынан не түсінді , қандай білім алды соны жазады.
VІ Бағалау Сабақ басында берілген бағалау парағы арқылы бағаланады.
Аты- жөні:
Номен
клатура. Виктори-
налық сұрақтар.
Венн диа
граммасы Микра
фон әдісі. Адасқан мәтіндерді құрастыру.
Ең үздік түсін
діруші. Рөлдік ойын Білім сандықшасын толтыру Жалпы ұпай саны
VII Үйге тапсырма Солтүстік Американың географиялық орны, зерттелуі.